Tue . 19 Feb 2019

Тарбағатай жотасы


 Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы

Тау жүйесі

Сауыр-Тарбағатай

Пайда болған кезеңі

Палеозой, пермь, тас көмір, девон, силур, кембрий

Ұзындығы

300 км

Ені

30-50 км

Ең биік шыңы

Тастау тауы

Биіктігі

2991 м

Тарбағатай жотасы

Тарбағатай - Зайсан және Балқаш-Алакөл қазан шұңқырлары аралығындағы су айрық жота.

Мазмұны

  • 1 Географиялық орны
  • 2 Геологиялық құрылымы
  • 3 Климаты
  • 4 Өсімдігі мен жануарлар дүниесі
  • 5 Дереккөздер

Географиялық орны

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы жерінде. Абсолюттік биіктігі 2991 м (Тастау). Жота ендік бағытта батыстан шығысқа қарай 300 км-ге созылып жатыр, ені 30-50 км. Шығысында Сауыр жотасына ұласады.

Геологиялық құрылымы

Палеозойдың шөгінді тақта тас, әк тасынан; пермь, тас көмір, девонның құм тасынан; батыс бөлігі силур және кембрий дәуірінің күшті дислокацияланған вулканогендік интрузиялы гранитінен түзілген. Солтүстік беткейі оңтүстікке қарағанда жатықтау, оңтүстігі тік, шатқалды. Жотадағы палеозойдың әк тастарында карст құбылыстары көп байқалады.

Климаты

Климаты континенттік. Жылдық жауын-шашын 300-500 мм.

Өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Өсімдік және жануарлар дүниесі жағынан Алтайға ұқсас. Етегіндегі шөлейтте жусанды бетеге, бұта; тау аралық аңғарда тау шалғыны және көк терек, жабайы алма, тобылғы, арша; солтүстік беткейінде тал басым өседі. Марал, тау ешкі, арқар, аю, түлкі, борсық, қарсақ, суыр мекендейді. Жоғарғы бөлігіндегі альпі шалғыны - жазғы жайылым.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ совет энциклопедиясы, 10-том


Тарбағатай жотасы Туралы Ақпарат

Тарбағатай жотасы


  • user icon

    Тарбағатай жотасы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Тарбағатай жотасы
Тарбағатай жотасы
Тарбағатай жотасы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Тарбағатай жотасы бұл, Тарбағатай жотасы кім, Тарбағатай жотасы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Протон

Протон

 Басқа мағыналар үшін Протон (айрық) деген бетті қараңыз. Протон Протон[1](грекше prоtos ...
Дондығұл

Дондығұл

 Қазақстан, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тау жүйесі Арғанаты Пайда болған кезеңі Архе...
Фукар

Фукар

Фукар (фр. Foucart) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Сен-Маритим департамен...
Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (фр. Chevannes) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Кот-д'Ор департаментінде ор...