Mon . 19 Apr 2019

Талшын

талшын агашы, талшын
Талшын (лат. Castánea) – әдемі жапырақтарымен ерекшеленетін жалпақжапырақты ағаш.

Мазмұны

  • 1 Ағаш туралы
  • 2 Қолданылуы
  • 3 Күтімі
  • 4 Көбейтілуі
  • 5 Талшын туралы тақпақ
  • 6 Сілтемелер
  • 7 Дереккөздер

Ағаш туралы

Биіктігі 25 метрге дейін жетеді. Бізде оны “Ат талшын” деп те атайды. Жер жүзінде табиғи 30 - дан астам түрі бар, көгалдандыруда 500 - ден астам сұрпы қолданылады. Талшын ағашы 500 жылға дейін өмір сүреді және 30 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Жапырағының пішіні күрделі қауырсын тәрізді. Ерте көктемде шырақ секілді ақ, қызыл түсті гүл жарады. Гүлдері әдемі, бірақ иісі болмайды, көлемі 10-20 см. Талшынның гүлінде 65-75 % қант бар. Гүлдеп біткен соң, жеміс салады. Қоңыр түсті, жылтыр, диаметрі шамамен 3 см, жалпақтау келген домалақ жемісінің сыртында тікенекті жасыл қабығы болады.

Қолданылуы

Қазақстанда тек көгалдандыру мақсатында өсірілсе, шетелдерде талшынның тамаққа да қолданылатын сұрыптары өсіріледі. Оңтүстік Еуропада жемісін ас мәзірінде пайдаланады және кепкен жемісінен ұн тартып, нан пісіреді. Парсылар талшынның дәнінен күлше пісіреді. Жемісі бұлшық еттерді нығайтып, қан айналымын реттейді. Дененің және мидың шаршағанын басады, қан аздыққа көмектеседі. Қазіргі кезде кең тараған тамыр, холестерин және жоғары қан қысым ауруларына қолданады. Талшынның балы да пайдалы. Жиһаз жасауда кең қолданылады. Желімдеуге ыңғайлы болғандықтан, діңінен музыкалық аспаптар жасайды. Талшыннан жасалынған жәшіктерде заттар жақсы сақталады. Сондықтан қымбат мата, темекі секілді заттарға жәшіктер мен қораптарды осы талшыннан жасайды. Ал, тұқымын кептіріп, квас араласқан ұнға салу арқылы желім жасайды. Жаңбыр жауардың алдында жапырағының ұшында тамшылар пайда болады. Халық мұны «талшынның көз жасы» деп атап кеткен.

Күтімі

Ылғалсүйгіш өсімдік, жазда күн аралатып мол суғарған дұрыс.Топырақ таңдамайды, әкті жерде де өсе алады. Көлемі өсе келе үлкейіп, кең орын қажет ететіндіктен, көшетін бірден кеңдеу жерге егу керек. Өзінің пішіні әдемі болғандықтан, қырқып-пішіндеуді қажет етпейді

Көбейтілуі

Табиғатта тұқымы арқылы өздігінен, ал көгалдандыруда тұқымымен қоса қалемшелеу арқылы көбейтіледі.

Талшын туралы тақпақ

Жапырағы жалпақ, қалың, ірі ағаш, Діңі жуан, дауыл соқса құламас. Оныменен ажарланар бақтар шын, Баққа әдемі көрік берер Ат талшын.

Сілтемелер

  • Каштан в энцилопедии декоративных садовых растений
  • Гүлстан сайты

Дереккөздер

Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Ағаштар: Дидактикалық материал - Алматы, 2010 - 15 б; ISBN 978-601-7237-03-5


талшын, талшын агашы


Талшын Туралы Ақпарат

Талшын


  • user icon

    Талшын beatiful post thanks!

    29.10.2014


Талшын
Талшын
Талшын Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Талшын бұл, Талшын кім, Талшын сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...
Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...
IC 213

IC 213

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...
Бейіт

Бейіт

Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...