Mon . 19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Таз

тази сутрин, тазовое предлежание
Таз (calvіtіes) – негізінен бастағы шаштың сиреуі, кей жағдайда терінің жекелеген бөліктеріндегі түктердің толықтай түсіп қалуы. Жасы ұлғайған сайын адамның терісінде болатын өзгерістер мен организмнің қартая бастауы егде тартқан адамдарда шаштың ағарып, түсе бастауына әкеледі. Шаштың ерте түсе бастауы адамның жасына емес, денсаулық жағдайына байланысты. Таз ауруына шалдыққанда бастағы шаш қана емес, адамның қасы, кірпігі, сақал-мұрты, т.б. түсе бастайды. Аурудың пайда болуына жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы, эндокриндік және асқазан-ішек жолдарының аурулары, созылмалы инфекция ошақтары (тұмау, дизентерия, т.б.) әсер етеді. Таз ауруының белгілі бір анықталған бірыңғай классификациясы жоқ, алайда шартты түрде тотальды (шаштың толықтай түсуі), диффузды (шаштың сиреуі), ұялы (шаш бастың белгілі бір жерінде ғана түсуі) болып бөлінеді. Сонымен қатар аурудың дамуы мен клиникалық ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрі: туа пайда болған Таз, симптоматикалық Таз, себориялық Таз, жүре пайда болатын Таз және ұялы Таз болады. Мысалы, ұялы Таз жүйкелік-эндокриндік аурулардың салдарынан, организм уланғанда (тіс кариесі, тонзиллит, гайморит, т.б. аурулары кезінде) және терінің жарақаттануынан болады. Ауру басталғанда Таз ошақтары пайда болады, оның диаметрі 1 см-дей болып, шаштың түбінде фолликула қапшықтары көрінеді, бірақ бас терісінің түсі өзгермейді. Ауру асқынғанда ошақтардың көлемі үлкейіп, бірнешеуі пайда болады, кейін олар бір-бірімен қосылып, шаштың толықтай түсуіне әкеледі. Таздың мұндай түрін емдеу қиынға түседі. Кейде емдегеннен кейін де шаштың қайта түсіп қалуы мүмкін. Емі: аурудың пайда болу себебіне қарай әрбір науқасқа ем жеке тағайындалады; құрамында микроэлементтер, мырыш, темір бар препараттар, шашты өсіру үшін гормонды препараттар (глюкокортикоидтар, тиреоидин, соматропин, т.б.) беріледі; витаминдерге (А, С, Е, В, РР) бай, калориясы жоғары тамақ ішу қажет; сұйық азотпен криомассаж, вакуумдық массаж жасау, дарсонвализация (токпен емдеу), хлорлы этилмен тітіркендіру қолданылады.

Тағы қараңыз

  • Таз руы

Дереккөздер

  1. ↑ "Қазақ Энциклопедиясы"

тазалок, тазектан, тазепам, тази сутрин, тазик, тазобедрена става, тазобедренный сустав, тазовая кость, тазовое предлежание, тазы ит


Таз Туралы Ақпарат

Таз


  • user icon

    Таз beatiful post thanks!

    29.10.2014


Таз
Таз
Таз Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Таз бұл, Таз кім, Таз сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...