Mon . 19 Dec 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Сығанақ

лор сезим сығанақ, сығанақ қаласы
Сығанақ, Сунақ – ортағасырлық қала орны. Қызылорда облысы Төменарық тау жыныстары стансасының солтүстік-батыс жағында 10 км жерде орналасқан.

Қаланы 1867 ж. П.И. Лерх, 1906 – 07 ж. И.А. Кастанье, 1947 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекші А.Н. Бернштам) зерттеген. Қала туралы алғашқы дерек X ғасырдағы парсы шығармасы “Худуд әл-Әлемде” кездеседі. Ертедегі Сығанақ қыпшақ мемлекетінің сауда және саяси орталығы болған. Сығанаққа көшпелі елдер мал, ет, тері, жүн, т.б. әкеліп, өздеріне қажетті заттарын алған. Сол кездегі тарихшылар Сығанақты “Қыпшақ даласының гаваны” деп атаған. Шыңғыс хан шапқыншылығынан бұрын Сығанақ Хорезмшах Текештің қол астында болған. 1219 – 20 ж. Сығанақты Жошы әскері басып алып, қарсылық көрсеткендерді қырғынға ұшыратты. Осы кезден бастап қала Жошы ұлысының (Алтын Орда) құрамында болды. XII ғасырдың 2-жартысында қала қайта жандана бастады. Жошы ұрпақтары кезінде Сығанақ Ақ Орданың орталығы болып, онда теңге соғылған. XV ғасырдың 80-жылдары қаланы қазақ ханы Бұрындық биледі, ал маңы қазақ тайпаларының қысқы қоныстарына айналды. Осы кезден бастап Сығанақ пен оның төңірегі біржола қазақ хандығынақарады және негізгі саяси, экономикалық орталықтардың бірі саналды. XV– XVIII ғасырларда қала бұрынғысынша сауда және қолөнер орталығы болды. XVII –XVIII ғасырларда бірнеше рет жоңғар шапқыншылығына ұшырады. Осы шапқыншылықтар және басқа да әр түрлі себептерден қала бірте-бірте өзінің өмір сүруін тоқтатты. 1801 жылғы “Сібірдің сызба кітабында” да Қазақстанның Сырдария алабындағы қалалардың бірі деп көрсетілген. Қаланың қазіргі орны 10 га жерді алып жатқан үлкен бес бұрышты төбе. Жан-жағында көптеген үйінділер, ертеде су жүргізілген құрылыс іздері сақталған. Археологиялық қазба барысында табылған заттарға қарағанда Сығанақ VI – XVIII ғасырларда өмір сүрген.

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
  2. ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Осы мақала қазақ мәдениеті туралы бастама болып табылады. Бұны толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесуіңізді сұраймыз.

лор сезим сығанақ, сығанақ, сығанақ қаласы


Сығанақ Туралы Ақпарат

Сығанақ


  • user icon

    Сығанақ beatiful post thanks!

    29.10.2014


Сығанақ
Сығанақ
Сығанақ Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Сығанақ бұл, Сығанақ кім, Сығанақ сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...
Тайланд

Тайланд

Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...
Динан (Кот-д'Армор)

Динан (Кот-д'Армор)

Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...
Ер Тарғын көшесі (Астана)

Ер Тарғын көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...