Суяб
суябСуяб, Суйаб (түрікше Су – су, соғдыша Йаб – канал, арық деген мағына береді) – Шу алабындағы ортағасырлық қала. Тарихи, археологиялық және нумизматикалық зерттеулер бойынша ғалымдар Суяб қаласының орны Қырғызстанның Тоқмақ қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км жердегі Шу (Суйаб) өзенінің оңтүстік жағасындағы көне Ақбешім қала жұрты екенін дәлелдеді. Суяб қаласының іргесі 5 ғасырда қаланып, 10 – 12 ғасырларға дейін өмір сүрген. Суяб 7 ғасырда Батыс Түрік қағандығының, 8 ғасырда Түркеш қағандығының, 8 ғасырдың 2-жартысынан 10 ғасырдың 1-жартысына дейін Қарлұқ қағандығының астанасы болды. Оның атақ даңқы да дәл осы ғасырларда бүкіл батыс пен шығысқа мәшїүр болды. Көне қытай жазба деректемелерінде Суяб қаласы Су-е-чэн, Су-е-шуй чэн (Суйаб өзені бойындағы қала) деп аталған. Ол туралы алғашқы мәліметті 627 – 629 жылдары Үндістанға жасаған сапары кезінде Суябқа соғып, Батыс Түрік қағандығының қағаны Түн жабғудың қабылдауында болған Қытайдың жиїанкез діндар-монахы Сюань Цзан жазып қалдырған. Суяб туралы бұдан өзге де қытайдың “Тундиянь” (авторы Ду Ю), “Синь таншу”, т.б. тарихи жылнамалары мен араб географтары ибн Хордадбектің “Китап әл-масалик уә-л-мамалик”, Қудама ибн Жафардың “Китап әл-Харадж”, т.б. еңбектерінде мол мағлұматтар кездеседі. Алғаш 1894 жылы В.В. Бартольд тексеріп зерттеді. 1950 жылы Л.Р. Кызласов, 1959 жылы П.Н. Кожемяко және кеңестік археологтар қазба жұмыстарын жүргізіп зерттеді. Ал Ақбешімді ежелгі Суяб қаласының орны деген пікірді бірінші рет 1961 жылы ағылшын ғалымы Т.Клаусон ұсынды. Ұлы Жібек жолының “оазистік тармағы“ мен “далалық тармағының” тоғысар тұсында орналасқан көне Суяб қаласы өз дәуірінде Батыс Түрік қағандарының көреген саясатының арқасында әрі қағандықтың астанасы ретінде батыста Византия, шығыста Қытай арасындағы халықаралық саяси, мәдени және сауда байланыстарын жүргізуде өте маңызды рөл атқарды; қысқышы Ақбешім.
Дереккөздер
- ↑ "Қазақ Энциклопедиясы"
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
суяб
Суяб Туралы Ақпарат

-
Суяб beatiful post thanks!
29.10.2014
Суяб
Суяб
Суяб Сіз қарап жатырсыз субъектісі
There are excerpts from wikipedia on this article and video
Кездейсоқ Мақалалар
IC 4089
галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...Нидерхаузен (Наэ)
Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)
Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар: Координатта...NGC 2139
галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...іздеу жүйесі
Біздің сайт бар жүйесін функциялары іздеу жүйесі. Жоғары: "сіз іздеген?"сұрай аласыз барлық жүйесінде қорабы. Қош келдіңіздер, біздің қарапайым, стильную мен жылдам іздеу жүйесі бар, оны біз дайындады, сіздің ең нақты және өзекті ақпаратты.
Іздеу жүйесі үшін әзірленген сізге жеткізеді сізге ең өзекті және нақты ақпаратты қарапайым дизайнымен және жүйесімен жылдам жұмыс істеуі. Сіз дерлік кез келген ақпаратты іздесеңіз біздің сайтта. Қазіргі уақытта біз қызмет етеміз, тек қана ағылшын, түрік, орыс, украин, қазақ және белорус тілдерінде. Көп ұзамай жүйесіне қосылады жаңа тілдері. Өмір белгілі адамдар береді ақпарат, сурет және бейне туралы жүздеген тақырыптар, мұндай саясат, үкіметтік қайраткерлері, дәрігерлер, интернет-сайттар, өсімдіктер, технологиялық көлік құралдары, автомобиль және т. б.
Кездейсоқ Мақалалар
Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия
Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...Аттинг
Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...Қосшағыл ауылдық округі
Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...Лаимберды
Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...© Copyright © 2014. іздеу жүйесі