Sun . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Сурет

сурет салу, сурет туган кунге
Сурет, бөлмедегі сурет. Сурет әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі-түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынады.Акварельмен салынған суреттерді ақ және түрлі-түсті (ашық емес) қағаздан жасалған паспартуға қоюға болады. Сурет көзге кішірейт көрінбес үшін паспартудың ені тым жіңішке болмауы керек. Оны былайша жасауға болады: қатты қағазды суреттің көлеміндей етіп тіледі; мұндай қағаз раманы суреттің үстіне оны жан-жағынан қоршайтындай етіп қояды. Сосын паспарту тілігінің шетін (ені 4—7 мм, ал үлкен суреттерге 10 мм және одан да енді) сурет жағына қарай бүктейді (1-, 2-суретті қараңыз). Пастель-сурет, гравюра, литографияларды да дәл осылайша безендіруге болады. Майлы бояумен салынған суреттерді қоятын раманың түсі, ені, бедері мен тереңдігі оған салынатын суреттің түсі мен сипатына сәйкес болғаны жөн. Қоңырқай түсті суреттерді ашық рамаға салса, сурет одан әрі күңгірт болып көрінеді, бұған керісінше қоңырқай рамаға салынған ашық түсті суреттер көз тартпайды. Көлемді суреттің рамасы соған лайық болуы керек. Кейде үлкен рамаға салынған шағын суреттердің жақсы үйлесім табатынын да ұмытпаған жөн. Суреттерді талғамсыз бедерленген, олақ, шала-шарпы боялған рамаға салуға болмайды; егер дайын рама болмаса, оны ағаштан немесе багеттен (рама жасауға арналған әшекейлі планка) жасап алуға болады.Акварельмен, пастельмен салынған суреттерді әйнектелген рамаға салып, суреттің сыртынан қатты қағазбен бастырып, біріккен тұсын жіңішке қағаз және коленкормен желімдеу керек.Суреттерді қабырғаға немесе бұрышқа сәл еңкейтіп іледі.Егер сурет тіктеу ілінсе, оның жоғары жағы жылтырап, нашар көрінетін болады, ал тым еңкіш ілінсе, сурет сиықсыз көрінеді, жарық та жеткіліксіз түседі. Қабыр-ғаларға суреттерді ілерде оған түсетін жарық мөлшерін де ескеру керек: жарық аз түсетін қабырғаға ашық ал мол түсетін қабырғаға қоңырқай түсті суреттер ілген дұрыс. Акварель күн сәулесінен оңып кетеді, сондықтан оны көлеңкелі қабырғаға іледі. Суреттің жоғары-төмен орналасуы да біршама роль атқарады. Егер сурет тым биік немесе тым аласа ілінсе, ұсқынсыздау көрінеді. Мебельдің орналасу ретін де ескерген жөн. Биік мебельдердің үстіне (стеллаж, шкаф) сурет ілуге болмайды; оны бос орынға ілген ыңғайлы. Қабырғаның бірыңғай түсті болуы кез келген суретке қолайлы фон болып есептеледі.Қабырғаға тек қолтума суреттер ғана емес, бірыңғай немесе түрлі түсті картиналардың репродукцияларын, литография, гравюра, фотографияларды да ілуге болады.

Дереккөздер

  1. ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
  2. ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

сурет ата апа папа мама, сурет гусейнов, сурет салу, сурет салып үйрену, сурет скачать картинки, сурет табигат туралы, сурет тауелсиздик куни, сурет туган кунге, сурет қазақ батырлары, суреттер


Сурет Туралы Ақпарат

Сурет


  • user icon

    Сурет beatiful post thanks!

    29.10.2014


Сурет
Сурет
Сурет Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Сурет бұл, Сурет кім, Сурет сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Красноярск діни семинариясы

Красноярск діни семинариясы

күшіне ретінде орыс православиелік шіркеуінің Красноярск епархиясының бір жоғары оқу орны, 1895 жылғ
Бурабайдағы Тринити шіркеуі

Бурабайдағы Тринити шіркеуі

аймақтық архитектуралық ескерткіші Православие шіркеуі Троицы шіркеуі Қасиетті Троицаның Үштік ші
Соннеберг (туннель)

Соннеберг (туннель)

Швейцарияның Люцерн қаласына жақын жерде орналасқан, ұзындығы 1550 метр болатын туннель 1550 метр, Ш
Ishikawa, Kasumi

Ishikawa, Kasumi

Касуми Ишикава Яп 石川 佳 純 Ишикава: Касуми 1993 жылы 23 ақпанда дүниеге келген - жапондық спортшы, үст