Tue . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Субтропиктер


Субтропиктер — тропик пен қоңыржай белдеулердің арасындағы белдеулер, яғни тропикке таяу зоналар. Олар тропиктен жылдың ыстық уақыттардың болуымен, ал қоңыржай зонадан қыстың жұмсақтығы және өсімдіктің жыл бойында өсіп-жетіле беруімен ерекшеленеді. Екі жарты шарда да олардың зона шекаралары 30—40° ендіктер аралығында орналасады; бірақ кей жерлерде (тау жоталарының қоршауында тұрған жерлерде) 46° ендікке дейін барады да, ал кей жерлерде суық желдер мен теңіз ағындарының әсерімен 35° ендікке дейін шегінеді.

Екі жарты шардың да субтропигі батыстан шығысқа қарай соғатын ауа массаларының басым болатын алқабында жатыр. Сондықтан субтропик зоналарының батыс пен шығыс секторларында климат типтері едәуір айырма жасайды. Субтропиктің зоналық ерекшеліктері әр материктің батыс секторларында байқалады. Мұнда жыл бойында оқтын-оқтын екі климаттық, яғни тропик пен қоңыржай климаттық режим ауысып отырады. Субтропиктер поляр фронты циклондарының ылғалды әсеріне де ұшырайды. Сөйтіп жартылай құрғақ субтропиктер деп аталатын жерортатеңіздік климат пайда болады. Субтропиктердің шығыс секторларында жазда ылғалды да, қыста салқын және құрғақ муссондық циркуляция басым болады. Оларда нағыз муссондар да (Жапонияның оңтүстігінде, Кореяда, Оңгүстік-шығыс Қытайда және АҚШ-та) болып тұрады. Субтропиктерді «ылғалды» деп атау дұрыс емес болса да, (бұл тек қана жартылай құрғақ субтропиктер болса да) жылы мезгілдің ылғалдылығы муссондық субтропиктерде ландшафтың көрікті болуына әсер етеді. Ылғалды субтропиктерде (Колхида, Қытайдың қиыр шығысы, Жапония теңізінің Жапониялық жағалары, Африка мен Австралияның оңтүстік-шығысы) жауын-шашын жыл бойы болып тұрады.

Мұнда бір мезгілдің өзінде зонаға жеткілікті жауын-шашын (қысқы жерортатеңіздік немесе жазғы маусымдық, муссондық) болып тұрады, ал екінші мезгілде — жауын-шашын басқа жергілікті себептермен байланысты. Материктер ішінде құрғақ субтропиктер аумақтары болады (жылдың жауын-шашын 200— 500 мм шамасында). Оларға Орта Азияның қиыр оңтүстігінің, Месопотамияның, Иранның таулы қыратының, Батыс Қытайдың (Такла-Макан), Солтүстік Американың оңтүстігінің субтропиктік шөлдері жатады.

Бұрынғы КСРО-да субтропикке Кавказдың қара теңіз жағаларының ылғалды аймақтары мен Колхида ойпаты, қырымның Оңтүстік жағасының жартылай құрғақ жері, Геленджик жәие Нозороссийск, Ленкоран ойпатының аудандары, Шығыс Закавказье жазығының, Туркмениядаты және Тәжікстандағы Вахш пен Кафирниган өзендері аңғарларының құрғақ субтропиктері жатады.

Тағы қараңыз

  • Муссондық климат

Дереккөздер

  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.



Субтропиктер Туралы Ақпарат

Субтропиктер


  • user icon

    Субтропиктер beatiful post thanks!

    29.10.2014


Субтропиктер
Субтропиктер
Субтропиктер Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Субтропиктер бұл, Субтропиктер кім, Субтропиктер сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Куйтун ауданы

Куйтун ауданы

Ресей Ресей мәртебесі муниципалдық ауданы Иркутск облысы енгізілген 21 муниципалитетов қаланың
Гармаш-Роффе, Татьяна Владимировна

Гармаш-Роффе, Татьяна Владимировна

Татьяна Светлова Туған күні: 4 қараша 1959-1959-11-04 58 жаста Туған жері: Мәскеу Азаматтығы: Азама
Vinsad

Vinsad

Винсади - Ауыл [2], Ставрополь өлкесі Пьемонт ауданының «Винсад ауылы ауылдық кеңесі» муниципалитеті
Джером (Шурыгин)

Джером (Шурыгин)

Архимандрит Джером әлемдегі Виктор Ф. Шурыгин; 17 қараша 1952, Свердлов ауданы, Кировград ауданы, Бе