Fri . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Суан

суан пан, суанова индира
Суандар жайында көне деректерде мүлде ешнәрсе ұшыраспайды. Алайда, бұл бағытта жоғарыда келтірілген Н. Аристовтың сілтемесі аса құнды дерек көзі болып табылады. Бұл мәліметті келтіре отырып, С. Аманжолов Н. Аристовтың пікіріне жан бітіріп, Албан мен Суан Дулат руының одағында болды дегенді қостайды. Қазақ шежіресі де ежелден Дулат, Албан мен Суан руларының түп тамырластығынаи, тіпті ол үшеуінің Жарықшақтың баласы екенін дәлелдейді.

Суандар Албандарға, әсіресе, Дулаттарға қарағанда онша көп емес. Сондықтан олар көп жагдайда қысымдық көріп, ең бастысы, жер тәлімі мен жайылымнан шеттетілді. Бұл жәйт әлі күнге дейін айтылып келе жатқан аңызбен де расталады. Онда бауырлар арасында сұр бұқаның ені үшін (ал кезде бұқа ені желінеді екен) дүрдараздық шығып, сыбаға тимеген Суан үлкен ағалары Албан мен Дулатқа өкпелеп, шалғай шығысқа көшіп кеткені әңгімеленеді. Шынында да, Суан руының қонысы Қытай шекарасындағы Іле өзенінің оң қабағында, үш ағайындылар Дулат, Албан, Суан жайлаған аймақтың ең шығыс жағында жатыр.

Суаныың ата тегі туралы мәліметтер әдебиеттерде біршама. Бұндай деректер көзіне Н. Аристов, М. Тынышбаев, В. Востровтың бізге белгілі еңбектерімен қатар Жетісу облысының байырғы тұрғындарын зерттеген жұмыстарды жатқызуға болады. Оларда Суандардың екі ата Тоқарыстан мен Байтөгейге бөлінетіні айтылады. Бұның бәрі рас болғанмен, әлгілерде үрім-бұтақтың тыңғылықты кестесі жоқ болып шықты. Біз осы кем-кетікті толтырып, өз пайымдауларымызбен салыстыра отырып, Суандар туралы тармақтардың таралуын бір ізге салдық. Суан руының шежіресі туралы біздің мәлімет берушілеріміз онша көп емес, дегенмен, солардың ішінде Талдықорған облысы, Киров ауданың тұрғыны 1897 жылы туған (Суаннан) Кінәз Дәуітәлиев пен сол облыстың Жаркент қаласының тұрғыны 1937 жылы туған (Суан нан) Нұрахан Хабимолдаевтан жинан алған деректерді құнды деп есептейміз. Сонымен Суаннан ірі төрт ата тарады: Тоқарыстан, Байтөгей, Бағыс, Жесегір (соңғы екеуі Көпбағыс пен Досбағыс деген атпен Алматы айналасындағы дулаттарға сіңіп кеткен).

Тоқарыстан мен Байтөгей ұдайы көше отырып, ңазіргі қонысы Іле өзенінің оң жағасымен Қорғас өзеніне дейін жетеді. Суан руының негізгі ірі атасы төртке: Тұрдымбет, Мұрат, Бердіке мен Баубекке бөлінетін Тоқарыстан болып есептеледі. Тұрдымбет өз кезегінде үш тармақ: Бөргелтай, Есет, Тұрсынға тарайды. Есеттен Қошқар, одан Жанқозы, Бөлек, Одыр, Мейіз. Одырдан Сүйімбай, Сабаз, Қабай. Шежіреде айтылатындай, Мұраттың алты баласы болыпты: Орыс, Қараменде, Шегірен, Қарабек, Әбдісүгір, Байтөгей. Ел аузында Байтөгейден басқаларын Бес Мұрат деп те атайды. Мұраттың үлкен ұлы Орыс, одан Мырзагелді, Хангелді. Соңғының екі ұлы бар Сұлтанқұл мен Ақша. Мырзагелдінің ұрпақтары недәуір болып, жеті атаға жіктеледі: Қожеке, Тілеке, Кебенек, Олдақсан, Туматай, Еділбай, Мәмбет. Мәмбеттің бірінші Қарлығаш есімді әйелінен Мақпал туса, ал екішпі әйелі Желкілдектен жеті ұл көрген: Сүттібай, Құттыбай, Медеубай, Мес, Айдабол (Сондықтан оларды анасының атымеп Желкілдектің Жеті тазы деп те атайды). Айдаболдан Сабалы, Бабалы, Баба, Байшымыр.

Соңғыдан Тұрғынбай, одан Жақып, Іркітбай, Бүркітбай. Соңғыдан Қайынолда, Қатша, Әбділда, Қабимолда. Соңғыдан Нұрсапа, Нұрахан (мәлімет беруші, 1937 жылы туған), Айдархан. Біз келтірген үрім-бұтақ кестесінде мәлімет беруші Нұрахан Қабимолдаев пен Суанның арасында 11 ата жатыр. Байтөгей үш атаға бөлінеді: Елтінді, Молақ пен Жылгелді. Кейбір әдеби деректерге қарағанда Байтөгейдің ұрпақтары оның екі әйелінің атымен: Нөкейтін мен Сарықыз деп тарайды, біраң, олар қалай бөлінетіні нақты көрсетілмегендіктен, түп- тұқиянын дәл анықтау мүмкін емес. Молақтан Құртымбет, Сексен, Шоқа, Қасаболат, Сүйімбай, Еркебай. Жылгелдіден Аққабақ, Алдияр, Елшібек. Аққабақтың екі ұлы бар: Құдайберді (Аманқұл, Ақбура, Көтен) және Сатай (Абылай, Көпес, Бектемір, Досқұлы, Нәуке, Ақылбек, Әбдіке, Жетімқозы). Сатайдың бес әйелі болды, деп ел айтады. Төртінші әйелінен Әбдіке туыпты, одан Әділбек, одан Дәуітәлі, одап Кінәз (біздің мәлімет берушіміз, 1892 жылы туған). Біздің кестеміз бойынша, ол он екі атадан барып Суанға қосылады. Алдиярдан Есалы мен Дат.

Елшібектен Құлжыкей, Алакүшік, Шабар, Алшор т. б. Сонымен Суан руы екі ата: Тоқарыстан мен Байтөгейге бөлінетінін қайта пысықтаймыз. Алайда, мағлұматтар тапшылығынан үрім-бұтақ кестесінде бүкіл буын қамтылмай қалды. Соған қарамастан екі ата туралы недәуір мәлімет алуға бөлады, өйткені біздің кестемізде Суан руының (5-қосымшаны қараңыз) бұл екі тармағының үрім-бұтағы біршама зерттелді. XIX ғасырдың аяғындағы Суан руының қанша болғанын Н. Аристов еңбегінен табамыз, онда 4000 шаңырақ десе, М. Тынышбаев олар 1917 жылы 40 мыңға жетті деп нақтылайды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Суан руына жататын қазақтар негізінен Жетісу уәлаяты Жаркент уезінде тұрып жатты. Олар оңтүстікте Іле өзепінің оң қабағын, шығыста Қытай шекарасына дейіи, ал солтүстікте Жоңғар Алатауының тау шабындықтары мен Батыста Верный уезінің шекарасындағы Көктерек өзенінің бөйын қоныстанып жүрді. Демек, бұл Суандар көрсетілген жерлердегі құнарлы да шұрайлы топырақты аймақты алып жатты деген сөз, онда жер де, су да, ну да жеткілікті еді.

Бұрхан, Үлкен және Кіші Үсек (Өсек), Шыпжың мен Қорғас өзендерінің алқабы мен Алтыңкөл көлінің маңайындағы құмда Байтөгей руының қыстаулары бар болатын. Өсек көлінің айналасында, Іле өзені мен Үсек өзенінің орта шенінде, сонымен қатар Көктерек бойында Тоқарыстан руының қысқы қонысы орналасты. Суан рулары мал және егін салумен айналысты. Төрт түлік өсіріп, бидай, арпа мен тары екті, сөйтіп негізінен жартылай көшпелі өмір сүрді. Ірі байлар Жоңғар Алатауындағы альпі шабындықтарына шығып кетіп, шағын дәулеттілері тау етегін төңіректеп, жарлы-жақыбай, жатақтар қыстауларда қалатын.

суан пан, суана, суанасы, суанова индира, суанпан, суаньпань


Суан Туралы Ақпарат

Суан


  • user icon

    Суан beatiful post thanks!

    29.10.2014


Суан
Суан
Суан Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Суан бұл, Суан кім, Суан сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...