Thu . 20 Jul 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Соғды


Соғды, Сугут, Согдиана — қазіргі Тәжікстан және Өзбекстан республикалары аймақтарындағы Зеравшан және Қашқадария өзендерінің алабында орналасқан ежелгі тарихи аймақ.

Орталығы Марқанд (Самарқанд) қаласы болды. Б.з.б. 6 — 4 ғ-ларда Ахемен мемлекетінің құрамына кірді. соғдылықтар парсы патшаларына күмістен салық төлеп, қымбат бағалы тастар жеткізіп тұрды, ірі әскери күштер берді. Б.з.б. 329 — 28 ж. С. тұрғындары Спитаменнің басшылығымен Александр Македонскийге күшті қарсылық көрсетті. Кейіннен Селевки әулеті, Грек-Бактрия мемлекеттері мен Кушан патшалығының құрамына енді. 4 — 5 ғ-ларда ақ ғұндарға, 6 — 7 ғ-ларда Түрік қағандығына бағынды. Арабтардың Орталық Азияға жорықтары кезінде Түргеш қағандығы соғды халқына барынша көмектесті. Түргештердің қолбасшысы Құр Бағанун ат-Түрки соғдылықтарға әскери көмек бере отырып, арабтарға қарсы бірнеше жорықтар жасады. Дегенмен соғдыны арабтар жаулап алып, халифат құрамына кіргізді. Кейіннен, Орта Азияда құрылған әр түрлі түркі мемлекеттеріне кезек-кезек бағынды. Ұлы Жібек жолының азиялық бөлігінің тармақтары соғдылықтардың сауда-егіншілік қоныстары болды. Афрасиаб, Пенжикент, Варахша, Калай-Муг, т.б. көне қалалардың орнында жүргізілген археол. қазба жұмыстары соғдылықтардың мәдениеті жоғары болғандығын дәлелдейді.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
  2. ↑ История таджикского народа, т. 1—2, М., 1963—64; Джамал А., Согд и Тохористан. В эпоху возникновения и утверждения феодальных отношений, Душ., 1975.




Соғды Туралы Ақпарат

Соғды


  • user icon

    Соғды beatiful post thanks!

    29.10.2014


Соғды
Соғды
Соғды Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Соғды бұл, Соғды кім, Соғды сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар: Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...