Sat . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Созақ

созақ ауданы, созақ гимназиясы
Созақ— Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы ауыл, ауылдық округтің орталығы. Аудан орталығы— Шолаққорған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 70 км жерде орналасқан. Тұрғыны 4,1 мың адам (2004). 1928 — 34 ж. аралығында аудан орталығы болды. 1959 ж. құрылған “Қаракөл” ғылыми-өндірістік бірлестігінің, Созақ кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде ӨК, шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. Созақтың орнында орта ғасырларда Созақ (Хузак) көне қамал-қаласы болған. “Хан Мазары” деген қасиетті жерде Әбілқайыр, Жәнібек хандардың сүйектері жатыр.

Созақ, Хұзақ — ежелгі қаланың орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Созақ ауылының оңтүстік шетінде орналасқан. Қала 13 ғ-дың жазба деректерінде Хұзақ деген атпен аталады, ал 16 ғ-дан бастап Созақ деген атпен белгілі. Қаланың сырты дуалмен және ормен қоршалған. Онда 500-ге жуық үй болған. Қала маңында егіншілікпен айналысқан мекендер орналасқан. Зерттеу жұмыстарын 1946 ж. Орталық Қазақстан археол. экспед. (жетек. Ә.Марғұлан), 1947 — 48 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетек. А.Н. Бернштам), 1982 — 83 ж. бұрынғы Шымкент (қазіргі Халықар. қазақ-түрік ун-тінің Шымкент ин-ты) археол. экспед. тобы зерттеген. Олар қаланың 10 ғ-да пайда болып, 18 ғ-ға дейін өмір сүргенін анықтады. С-тың бұрынғы орны Тарсатөбе деп аталады. Ол биікт. 20 м мұнаралы дуалдармен қоршалған. Қазба жұмыстары барысында үйлердің жұрты, көптеген қыш заттар, хумдар — тамақ, астық сақтауға арналған ыдыстар, тегенелер, қаракөк және көкшіл түсті бояулармен боялған табақшалар, 15 — 16 ғ-лардағы бірнеше мыс тиындар табылды.

Пайдаланылған cілтемелер

  1. ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том

созақ ауданы, созақ гимназиясы, созақ көтерілісі


Созақ Туралы Ақпарат

Созақ


  • user icon

    Созақ beatiful post thanks!

    29.10.2014


Созақ
Созақ
Созақ Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Созақ бұл, Созақ кім, Созақ сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар: Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...