Sun . 20 Jan 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Скандинавия түбегі


Скандинавия түбегі — Еуропадағы ең ірі түбек. Түбек аумағына Норвегия, Швеция мемлекеттері түгелімен және Финляндияның солтүстік бөлігі кіреді. Жер аумағы 800 мың км2. Солтүстік -шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 1900 км-ге созыла орналасқан, ені 800 км-дей. Баренц, Норвег, Солтүстік, Балтық түбектерімен (бұғаздармен, шығанақтармен) қоршалған. Құрлықтағы шартты шекарасы Ботния және Варангер-фьорд шығанақтары аралығымен жүргізіледі. Солтүстік және батыс жағалаулары тік құз жартасты, фьордтармен күшті тілімделген. Ірі аралдары мен топаралдары көп. Оңтүстік және шығыс жағалауы жазық келеді. Түбектің басым бөлігін Скандинавия таулары мен Норланд қыраты (биіктігі 800 м) алып жатыр. Скандинавия түбегінің қазіргі жер бедерінің сипаты ежелгі мұз басудан кейін өзгеріске ұшыраған Балтық қалқаны мен каледон қатпарлық құрылымдарына байланысты. Кен байлықтарынан темір, мыс, титан, қорғасын, т.б. өндіріледі. Батыс бөлігінің климаты мұхиттық, шығысқа қарай континенттілік арта түседі. Қаңтар айының орташа температурасы — 16оС-тан 2оС-қа дейін, шілденікі 10 — 17оС. Жылдық жауын-шашын мөлш. 400 — 3000 мм. Өзен торы жиі; өзендері негізінен қысқа, мол сулы. Лулеэльвен, Умеэльвен т.б. өзендерде ірі СЭС-тер жұмыс істейді. Көлдерге бай (ең ірілері: Венерн, Меларен, Веттерн). Жерінің 43%-ға жуығын ормандар (тайга, аралас және жалпақ жапырақты), қиыр солт-н тундра алып жатыр. Негізінен орман жануарлары (бұлан, түлкі, қоян т.б.), солт-нде бұғылар мекендейді. Құз-жартасты жағалауы мен аралдар — құс базары. Теңіздің жағалық бөлігі, өзен-көлдері балыққа (треска, май шабақ) бай.

Пайдаланылған cілтемелер

  1. ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том


Скандинавия түбегі Туралы Ақпарат

Скандинавия түбегі


  • user icon

    Скандинавия түбегі beatiful post thanks!

    29.10.2014


Скандинавия түбегі
Скандинавия түбегі
Скандинавия түбегі Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Скандинавия түбегі бұл, Скандинавия түбегі кім, Скандинавия түбегі сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...