Thu .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Сирия

сирия последние новости, сирия
СирияБатыс Азиядағы мемлекет, Таяу Шығыс елдерінің бірі. Жер аумағы 185,2 мың км2, астанасы — Дамаск қаласы. Мемлекет басшысы — президент, үкімет басшысы — премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы — Халық кеңесі (бір палаталы парламент). Әкімшілік жағынан 14 мухафазға (провинцияға) бөлінеді. Ақша бірлігі — Сирия фунты. 1945 жылдан БҰҰ-ның, Араб мемлекеттері лигасының мүшесі.

Мазмұны

  • 1 Географиясы
    • 1.1 Пайдалы қазбалары
    • 1.2 Климаты
  • 2 Тарихы
    • 2.1 Ежелгі Сирия
      • 2.1.1 Пальмира
    • 2.2 Араб халифаты, Османлы империясы тұсында
    • 2.3 Француз мандаты
    • 2.4 Жаңа тарихы
  • 3 Сирия басшылары
    • 3.1 Осман империясы тұсында
  • 4 Осман империясынан кейінгі кезең
    • 4.1 1918—1920 жылдар аралығындағы басшылар
    • 4.2 Сирия патшасы, 1920
    • 4.3 Француз мандаты кезеңі, 1922—1936
    • 4.4 Сирия президенттері, 1936 — қазіргі күн
    • 4.5 Қазіргі президенті
  • 5 Халқы
    • 5.1 Этникалық құрамы
    • 5.2 Астанасы мен Ірі қалалары
    • 5.3 Тілі
    • 5.4 Діні
    • 5.5 Дамаскіде орналасқан шіркеулер
    • 5.6 Дамскідегі Умәуилер мешіті
  • 6 Әкімшілік бөлінуі
  • 7 Мәдениеті
    • 7.1 Білім саласы
    • 7.2 Мерекелері
  • 8 Экономикасы
  • 9 Сирия газеттері
  • 10 Транспорты
  • 11 Қазақстан мен Сирия қарым қатынасы
    • 11.1 Қазақстан мен Сирия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық
  • 12 Әдебиет
  • 13 Пайдаланылған cілтемелер
  • 14 Сыртқы сілтемелер

Географиясы

Көрші мемлекеттер
Солтүстік-батыс:
 Түркия
Солтүстік:
 Түркия
Солтүстік-шығыс:
 Түркия
Батыс:
 Кипр • Жерорта теңізі
Шығыс:
 Ирак
Оңтүстік-батыс
 Ливан •  Израиль
Оңтүстік:
 Иордания •  Ирак
Оңтүстік-шығыс:
 Ирак

Сирия аумағының көпшілік бөлігі үстіртті. Елдің батыс бөлігі қос тау тізбегінен тұрады, бұларды Сирия опырығы (Әл-Габ ойысы) бөліп жатыр. Батыс тізбегі Ансария жотасынан, шығыс тізбек Аз-Завия тауларынан, Антиливанның шығыс беткейлерінен және бұның оңтүстік жалғасы Аш-Шейх (Хермон) жотасынан (биіктігі 2814 м) қалыптасқан. Оңтүстік-батысын Ад-Друз (биіктігі 1803 м) вулкандық массиві, оңтүстік-шығысын Сирия шөлі, солтүстік-шығысын Жазире үстірті алып жатыр.

Басты өзендері Евфрат (Сирия шегіндегі ұзындығы 675 км), Әл-Аси, Тигр. Ірі көлі — Хоме. Жері құмды саздақты, қиыршық тасты, сұр, қызыл қоңыр, өзен аңғарлары шалғынды, сортаң топырақты болып келеді. Жалпақ жапырақты, мәңгі жасыл ағаштар, бұталар өседі. Жазықтық шөлді бөлігінде қасқыр, қорқау қасқыр, тұяқты сүтқоректілерден бөкен, жабайы есек, таулы өңірде аю, қабан, орман мысығы, безоар ешкісі кездеседі. Бауырымен жорғалаушылар, кеміргіштер мекендейді.

Пайдалы қазбалары

Пайдалы қазындылары — мұнай, темір, марганец, мыс кентастары, хром, күкірт, фосфорит, қоңыр көмір.

Климаты

Климаты субтропиктік және теңіздік. Қаңтардың орташа температурасы 12°С, тамызда 27°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 700 — 1500 мм.

Тарихы

Ежелгі Сирия

Пальмира қаласының атақты шөлі (Б.д. I—II ғ.)Рим театры, Босра қаласы

Сирия жерін адамдар тас дәуірінен бастап мекендеген. Сирия тарихы б.з.б. 4-ші мыңжылдыққа жатады. Археологтар Сирияның әлем мәдениетінде үлкен үлесі барын дәлілдеген.

Б.з.д. 2400-2500 жылдары Семит империясы, орталығы Эбла Қызыл теңізден Кавказ артына дейін созылып жатқан. Эбла тілі семит тілдерінің ішіндегі көнесі болып есептеледі. Эбла кітапханасында 1975 жылы 17 мыңға жуық балшықтан жасалған тақтайшалар бар.

  • Б.з.б. 2-мыңжылдықтарда негізгі халқы көшпелі және жартылай көшпелі аморей (Амориттер) тайпалары болды. Кейіннен Сирия гиксостар тайпалық одағы құрамына енді.
  • Б.з.б. 8 — 6 ғ-ларда Сирия Ассирия, Вавилон патшалығы, Ахемен әулетіне бағынды. Б.з.б. 338 ж. Александр Македонский мемлекетіне, ол ыдыраған соң Селевки әулетіне қарады.
  • Б.з.б. 64 ж. Сирия Римге қосылып, оның аса маңызды және неғұрлым бай провинцияларының біріне айналды.
  • 4 ғасырдыңдың аяғынан Сирия Византия құрамында болды.

Б.з.д. XXIII ғ. империяны Аккад жаулап алды. Астанасын жермен жексен етті. Кейін Сирия жеріне ханаан тайпалары кіріп келді. Ханаан тайпалары жайлап алған соң Б.з.д. 64 Сирия жері Рим империясы қол астында болды. Б.з.д. XVI ғ. XVI ғ. аралығында Сирияның оңтүстігінде басында Египет перғауынынна бағынышты болған Дамас қаласы болған.

Пальмира

Толық мақаласы:Пальмира

Пальми́ра (гр. Παλμύρα, арамейше көшірме, калька ивр. תַּדְמוֹר‎, Тадмор, «пальма қаласы») — бұрынғы гүлденіп тұрған қала, бүгіндері ежелгі римдік соңғы дәуірінің сәулетінің маңғаз құрылыстарының қалдықтарымен аты шыққан Сириядағы кедей елді мекен. Бұл жер 34.559167, 38.27361134°33′33″ с. е. 38°16′25″ ш. б. / 34.559167° с. е. 38.273611° ш. б. (G) (O) (Ферро аралынан), шөлдің бір шұратты жерінде, Дамаск пен Евфрат арасында, біріншісінен 240 км солтүстік-шығысқа қарай, ал екіншісінен 140 км қашықтықта.

Араб халифаты, Османлы империясы тұсында

Сұлтан Ғази Абдуль-Мәджид IПрезидент Әдиб әш-ШишаклиХафиз әл-Асад
  • 633 жылдан бастап Араб халифатының құрамына еніп, 661 — 750. Дамаск астана ретінде ислам діні орталықтарының біріне айналды. Сирия халқы арабтандырылып, мұсылман дініне көшті.
  • 750 — 878 ж. Аббас әулеті, кейіннен басқа да әулеттер билік жүргізді. 13 ғ-дың 2-жартысынан Сирия египет мәмлүктерінің билігінде болып, 1516 — 1918 ж. Османлы империясының құрамына кірді.
  • 1918 — 20 ж. Сирияны ағылшындар басып алды.

Француз мандаты

1920 — 1943 ж. француз мандатына қарады.

Бірінші Дүниежүзілік Соғысан кейін Османлы империясы ыдырады. 1920 жылы орталығы Дамаск болып Сирия Араб Патшалығы құрылды. һашимиттер тайпасынан шыққан Файсал патша болып сайланды. Файсал кейін Ирак патшасы болды. Сирия тәуелсіздігі ұзаққа созылмады. Бірнеше айдан соң француз әскері Сирияға кіріп келді. Француз әскері Сирия әскерін 23 шілде күні Мейсалун асуында жеңді. 1922 жылы бұрынғы Түркия доминионы Ұлыбритания мен Франция арасында бөлінді. Ұлыбритания Иордания мен Палестина жеріне иелік етті. Ал қазіргі Сирия территориясы, Ливан Францияның иелігіне өтті.

1930 ж. Франция мандатын құптайтын, прзедиент сайлайтын, бірпалаталы жаңа конституция қабылданды.

1936 ж. Сирия мен Франция арасында Сирияның тәуелсіздігін қарастыратын келісімшартқа қол қойылды. Дегенмен Франция 1939 ж. Франция оны ратификациялаудан бас тартты. 1940 ж. Францияны неміс әскерлерінің оккупациялауына байланысты Сирия мемелкетінің басшылығы генерал Денцтің қолына өтті.

1941 жылы 27 қыркүйекте Франция Сирияға тәуелсіздігін берді. Француз әскері Екінші Дүниежүзілік Соғыс біткенше Сирия жерінде қалды. 1945 ж. 26 қаңтарда Сирия Германия мен Жапонияға қарсы соғыс ашқанын жариялады. 1946 ж. француз әскерлері Сириядан шығарылды.

Жаңа тарихы

Президент Башар әл-Асад жұбайы Асма әл-Асадпен біргеСирия президенті Башар әл-Асад (сол жақта) Лула да Силвамен (оғ жақта) бірге, 2010
  • 1943 ж. желтоқсанда Сирия тәуелсіздігін алды.
  • 1945 ж. наурызда Сирия Араб елдерінің лигасын құруға атсалысып, 1948 — 49 ж. араб-израиль соғысына қатысты. Египетке қарсы ағылшын-француз-израиль басқыншылығы кезінде (1956) Египетті қолдады.
  • 1958 — 61 ж. Сирия Египетпен бірігіп, Біріккен Араб Республикасын (БАР) құрды.
  • 1961 ж. БАР құрамынан шығып, Сирия Араб Республикасы болып жарияланды.
  • 1967 ж. маусымда Израильдің шабуылына ұшырап, елдің бір бөлігі — Голан жотасынан айырылды. Қалыптасқан қиын жағдайға байланысты генерал Хафиз әл-Асад бастаған әскерилер өкімет басына келді.
  • 1973 ж. ел конституциясы қабылданды. 1973 ж. қазанда Сирия Израильге қарсы соғыс қимылына қатысып, 1974 ж. Голан жотасын қайтарып алды.
  • 1976 — 2005 ж. Сирияның бітімгершілік күштері Ливанға кіргізілді.
  • 1980 — 88 ж. Иран-Ирак соғысында Иранды қолдады.
  • 1980 — 90 ж. Таяу Шығыстағы араб мемлекеттерімен достық қарым-қатынас орнатты.
  • 2005 ж. көктемде Ливандағы бітімгершілік күштерін кері қайтарып алды.
  • 1992 ж. 27 наурызда Қазақстан Республикасы мен Сирия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады.

Сирия басшылары

Осман империясы тұсында

Сирия Египеттің қоластынан 1517 ж. босады. 1517 ж. Осман сұлтаны Селим І Сирияны басып алды. Осман империясы тұсында Сирия 14 провинция-мухафазаға бөлінде. Әр мухафазаны губернатор-мухафиз басқарды. Мухафиздар тікелей Ыстамбұлға бағынды. XVIII ғасырда Сирия жеріне Наполеонның әскерлері келді. 1833 жылы египеттік Мұхаммед Әли Сирияны бағындырғанымен, 1840 жылы Түркияға қайта берді.

Осман империясынан кейінгі кезең

1918—1920 жылдар аралығындағы басшылар

Сирия патшасы, 1920

Француз мандаты кезеңі, 1922—1936

Сирия президенттері, 1936 — қазіргі күн

Қазіргі президенті

Башар әл-Асад (араб.:بشار حافظ الأسد‎, ағылш. Bashar Hafez al-Assad, 11 қыркүйек 1965 жылы Дамаскіде туылған. Сирияның — 16-шы президенті. 17 шілде 2000 жылы таққа отырды.. 2007 жылы қайта сайланды.

  • Әкесі: Хафиз әл-Асад Сирия президенті.
  • Анасы: Анис, Махлуф тайпасынан.
  • Әпкесі: Бушра әл-Асад
  • Ағасы: Басил әл-Асад
  • Інілері: Махир және Мажид әл-Асад
  • Жұбайы: Асма Фауаз әл-Ахрас.

2000 жылы желтоқсан айында Башар әл-Асад Асма Фауаз әл-Ахрасқа үйленді. Асма сириялық сүнниттерден болатын құрметті тайпаның қызы. Ол — экономист, компьютерных технологиялар жөнінде маман. Ұлыбританияда туылып, тәлім алған. Асад онымен Лондонды іс-тәжірибеед жүрген уақытта танысқан.

  • Балалары:ұлдары: Хафиз, Зәйн және Карим (басқа дерекетер бойынша Башар Асадтың екі ұл бір қызы бар).

Халқы

Сирия халқының санағы
ЖылМиллион
19716.6
199012.7
200921.1
Негіз:OECD/World Bank
Сириялық бәдәуиСирияның халқы демографиясыХалықтың орналасу тығыздығы
ҚалаХалқы
Б.д. дейін 10 000200 000
Б.д. дейін10002 000 000
12 000 000
2001 000 000
5003 000 000
10003 000 000
12005 000 000
15001 500 000
18001 000 000
19001 000 000
200016 071 000
201022 838 000

Этникалық құрамы

Халқы 16 млн. 729 мың (2001). Негізінен сириялық арабтар, олардан басқа күрдтер, армяндар, түрікмендер, шеркестер, сығандар тұрады. Сириялықтар, сириялық арабтар — ұлт, Сирияның негізгі халқы. Саны 6,4 млн. жуық. Сондай-ақ 200 мыңнан астам Сириялықтар басқа елдерде (негізінен Оңтүстік Америкада) тұрады. С-дың аз ғана бөлігінде ру-тайпалық құрылыс сақталған (неғұрлым ірі тайпалар — федаан, хадедийин, мавали, бени халед, умур). Негізгі кәсібі — егіншілік, жартылай көшпелі мал шаруашылығы

Астанасы мен Ірі қалалары

Сирия қалалары
АталуыХалқыМухафаза
ҚазақшаАрабшаСанақ 1981Санақ 2006
1.Халеб (Алеппо)حلب985.4131.626.218Халеб (Алеппо)
2.Дамаскدمشق1.112.2141.580.909Дамаск
3.Хомсحمص346.871798.781Хомс
4.Хамаحماه177.208477.812Хама
5.Латакияاللاذقية196.791347.026Латакия
6.Дейр-эз-Зорدير الزور92.091252.588Дейр-эз-Зор
7.Раккаالرقة87.138182.394Ракка
8.Эль-Бабالباب30.008137.565Халеб (Алеппо)
9.Идлибإدلب51.682135.619Идлиб
10.Думаدوما51.337114.761Риф Дамаск
Дамаск, 1837 жыл.Дамаск XIX ғ. соңы.Толық мақаласы:ДамаскТолық мақаласы:Алеппо

Астанасы Дамаск қаласы. Дамаск, Шам — Сирияның астанасы (1943 жылдан), ежелгі мәдениет орталығы. Дамаск туралы алғашқы жазба деректер б.з.б. 16 ғасырлардан бастап кездеседі. Қала Дамаск патшалығының орталығы (б.з.б. 11ғ,—б.з.б. 732 ж.), кейіннен Ассирия, Жаңа Вавилон, Ахемен әулеті, А. Македонский, Селевеки әулеті, Рим, Византия мемлекеттетерінің құрамында болды. 635 ж. қаланы арабтар жаулап алған соң, халифаттың астанасына (671—770) айналды. Аббас әулеті түсында астана Бағдад қаласына көшкен соң да, Дамаск діни, ғылыми-мәдени орталық ретіндегі мәртебесін жоғалтқан жоқ. 9—13 ғасырлар аралығында кала ор түрлі мұсылман мемлекеттерінің, 1260—1516 ж. мәмлүктердің, 1401 ж. Әмір Темір иелігінде болды. 1516— 18 ж. Осман сүлтандығының құрамында, 1920—43 ж. Францияның мандатты территориясы. Сирияның астанасы. Дамаскдегі "Баб әс-сағир" (Кішкене қақпа) бейітінде ғүлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби жерленген.Дамаск — қазіргі дүние жүзі астаналарының ішіндегі ең ежелгісі. Оның арабша атауы Димашқ немесе әш-Шам. "Димашк" сөзінің шығу төркіні жөнінде көптеген пайымдаулар бар. Дамаск жөніндегі ең алғашқы еске алулар Египет перғауындарының XVIII әулетінің құжаттары мен аккад тақташаларында кездеседі. Онда кала Димаску немесе Димашка деп аталған.

Арамей құжаттарында Дамаск Дурмешек және Думмешек деп аталған. Дамаск ескі Өсиеттің бірінші кітабында маңызды қолөнер және мәдени орталық ретінде еске алынады. Кейінірек Дамаск аталып кеткен қоныс Солтүстік Арабия шөлдерінен жайылымдар басып алуға шыққан көшпелі арамей тайпаларының кезінде жоғары гүлдену дәрежесіне жетті. Дамаск, Сури, яғни Сирия еліндегі арамейлердің ең ірі орталықтарының біріне айналды.

Дамаск орасан тарихи және мәдени құндылыққа ие, өйткені мұнда ежелгі және ортағасырлық архитектураның ескерткіштері сақталған. Кейбір орамдар Селевкілер дәуірінде (б.з.д. 312—64 жж.) салынған, көшелері тік бұрышты жоспарланған болып келеді. Римдіктер жаулап алған кезеңнен қала қамалдарының, қақпалардың орны, монументті арқаның құлаған қалдықтары мен коринфтік бағаналары бар Дамаск Юпитерінің қасиетті ғибадатханасының қалдықтары сақталған.

Тілі

Әулие Анания храмы Дамаск

Сирия араб тілінің сириялық диалектісінде сөйлейді. Ресми тілі — араб тілі. Елдің солтүстігінде күрд тілі қолданылады. Сонымен бірге Армян тілі, Адыг (черкес) тілі және Түркімен тіліде қолданыста бар. Біршама аудандарда ежелгі Арамей тілінің диалектілері қолданылады. Шет тілдерінің қатарында — Орыс тілі, Француз тілі және Ағылшын тілі қолданылады.

Діні

Тұрғындарының 90%-ы мұсылмандар, қалғандары христиандар (православтар, католиктер, марониттер, т.б. Мұсылмандардың 87 % — сунниттер, қалған 13 % — әләуилер және исмаилиттер, сонымен бірге шииттер де бар. Олар 2003 жылғы Ирак соғысынан кейін көбейді. Христиандардың жартысы сириялық православтар, 18 % — католиктер (Сирия католик шіркеуі және Мелькит католик шіркеуі). Сондай-ақ Армян апостол шіркеуі және Орыс православ шіркеуі бар.

Дамаскіде орналасқан шіркеулер

  • Әулие Павел
  • Әулие Анания
  • Дамаск Кафедрал Соборы
  • Рим Католик шіркеуі
  • Ортодокс шіркеуі

Дамскідегі Умәуилер мешіті

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар:Umayyad Mosque

Әкімшілік бөлінуі

Сирия 14 мухафазға бөлінеді, мухафазаны министрлер кабинеті бекіткен соң ІІМ тағайындайды. Әр мухафазада жергілікті парламент бар. Кунейтра мухафазасын 1973 Израиль басып алған. біршама бөлігі БҰҰ иелігінде.

Нөмірі
картада
Қазақша
атауы
Арабша
айтылуы
ХалқыҚала
1.Дамаскدمشق4,500,000Дамаск
2.Риф Дамаскریف دمشق2,235,000Дамаск
13.Дәйр-әз-Зорدير الزور1,040,000Дәйр-әз-Зор
4.Дәрғаدرعا858,000Дәрға
10.Идлибادلب1,288,000Идлиб
8.Латакияاللاذقية891,000Латакия
12.Раккаالرقة811,000Ракка
7.Тартусطرطوس720,000Тартус
11.Халаб мухафаза (Алеппо)حلب4,120,000Халаб (Алеппо)
9.Хамаحماه1,416,000Хама
14.Хасекеالحسكة1,225,926Хасеке
6.Хумсحمص1,561,000Хумс
3.Эль-Кунейтраالقنيطرة69,000Эль-Кунейтра
5.әл-Сууәйдаالسويداء304,000әл-Сууәйда

Мәдениеті

Білім саласы

Сирия университеттері

реттік саныҚазақшаАрабшаАғылшын тілінде
1Дамаск университетіجامعة دمشقDamascus University
2Алеппо университетіجامعة حلبUniversity of Aleppo
3әл-Бағс университетіجامعة البعثAl-Baath University
4Тишрин университетіجامعة تشرينTishreen University
5Евфрат университетіجامعة الفرات
6Сирия қашықтан оқыту университетіالجامعة الافتراضية السوريةSyrian Virtual University

Мерекелері

УақытыАталуыАрабша аталуыЕскерту
Уақыт ауысып отырадыҚұрбан айтعيد الاضحى المباركҚұрбан айт
Уақыт ауысып отырадыОраза айтعيد الفطرОраза айт
Уақыт ауысып отырадыМәулітالمولد النبويМұхаммед пайғамбардың туылған күні
1 қаңтарЖаңа жылعيد رأس السنة الميلادية
8 наурыз8 наурыз Революциясыثورة الثامن من اذارБаастың мемлекет басына келуі
21 наурызАналар күніعيد الأم
17 сәуірТәуелсіздік күніعيد الجلاءСоңғы француз әскерлерінің эвакуацияланған күні
Айырмашылығы барГригориан Пасхасыعيد الفصح (غربي)
Айырмашылығы барВикториан Пасхасыعيد الفصح (شرقي)
1 мамырЕңбекшілер күніعيد العمال
6 мамырШаһидтер күніعيد الشهداءСирия ұлтшылдарының қаза болған күні
6 қазанҚазан азаттық күніذكرى حرب تشرين التحريرية
25 желтоқсанРождествоعيد الميلاد المجيد

Экономикасы

Сирия аграрлы-индустриалды ел. Экономиканың басты саласы — ауыл шаруашылығы. Дәнді дақылдардан бидай, арпа, сұлы, жүгері, т.б. егіледі. Мақта, қант қызылшасы, темекі, жеміс-жидек, жүзім өсіру, балық ш., жеңіл өнеркәсібі дамыған. Болат прокаттау, мұнай айыру, трактор құрастыру, т.б. өнеркәсіп салалары жұмыс істейді. Сыртқа мұнай және мұнай өнімдерін, мақта, тоқыма бұйымдарын, ауыл шаруашылық өнімдерін шығарады. Импортының негізін мәшина және жабдықтар, азық-түлік, қара металдар, ағаш құрайды. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. шамамен 1024 АҚШ долл-на тең. Негізгі сауда серіктестері:Испания, Франция, Ұлыбритания, Германия.

Сирия газеттері

АталуыАрабша жазылуыЛатынша жазылуы
Әл-Сәурә әл-Сурияالثورة السورية
Жарида Қасиуна әл-Сурияجريدة قاسيون السورية
Жаридату әл-Нур әл-Сурияجريدة النور السورية
Жаридату әл-Наһда әл-Сурияجريدة النهضة السورية
Жаридату Сурия әл-Хурраجريدة سورية الحرة
Жаридату Тишринجريدة تشرين
Жарида Банйас әл-Сурияجريدة بانياس السورية

Транспорты

Дамаскідегі Хижаз теміржол вокзалы

Автомобиль жолдары

Сирия тасжолдарының жалпы ұзындығы 36 377 км. Олардың ішінде:

  • Қатты қаптамамен — 26 299 км
  • Қатты қаптамасыз — 10 078 км

Темір жолдары

Темір жолдарының жалпы ұзындығы  — 2 750 км. Сирияда темір жолдың екі түрі бар. 2423 км темір жол стандартты кәлия 1435 мм, 327 км — 1050 мм. 1050 мм жол Осман империясы тұсында XX ғасырда салынып Дамаскпен Мединнің арасын жалғастырған. Қазіргі күні бұл темір жол қолданылмайды.

Әуе жолдары

Аэропорттарының саны — 104 (1999), оның ішінде бетонды қаптамамен — 24. 3-і халықаралық статусқа ие. Мемлекеттік авиакомпаниясы — Syrianair. Сирия араб әуежолдары (араб.:مؤسسة الطيران العربية السورية‎; англ. — Syrian Arab Airlines / Syrianair) — сириялық авиакомпания, Дамаскіде орналасқан.

Әуе флоты

ҰшақСаныОрын саныЕскерту
Аэробус A320-2006150
Боинг 727-2006189
Боинг 747SP5416
Антонов Ан-24/26852
Ильюшин Ил-764
Туполев Ту-134196
Яковлев Як-40632
Ильюшин Ил-96300—435+3 тпасырыста
Туполев Ту-2044210тапсырыс берілген

Құбыр транспорты

Жалпы құбыр магистралінің ұзындығы 1304 км, оның ішінде 515 — мұнай құбырлары.

Теңіз транспорты

Негізгі порттары Жерорта теңізінде:Тартус, Латакия, Банияс. Тартуста Ресей базасы орналасқан ВМФ Ресей..

Қазақстан мен Сирия қарым қатынасы

Қазақстан Республикасы мен Сирия Араб Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 28 наурызда орнатылды. Қазақстан мен Сирия арасындағы өзара қатынастарға қазіргі уақытта еліміздің Египеттегі Елшілігі жетекшілік етеді. 2007 жылғы сәуір айынан бастап Дамаск қаласында Қазақстанның Консулдығы жұмыс істейді.

2007 ж. қарашада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Дамаскіге жасаған бірінші ресми сапары екі ел арасындағы барлық салалардағы ынтымақтастықты жандандыруға елеулі серпін берді. Сапар қортындысы бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі мен САР Сыртқы істер министрлігі арасындағы Саяси консультациялар жөніндегі декларацияға, ҚР Үкіметі мен САР Үкіметі арасындағы Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен САР Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы Өзара түсіністік, сондай-ақ Астана мен Дамаск арасындағы әріптестік қарым-қатынастар орнату меморандумдарына қол қойылды. Сапар шеңберінде Қазақстан-Сирия Іскерлік кеңесінің бірінші отырысы өткізілді.

Қазақстанға САР бұрынғы Сыртқы істер министрі Фаруқ Шарааның (1992 ж. наурыз), САР Экономика және сауда министрі А.Лютфидің (2005 ж. тамыз), Сирияның қазіргі Сыртқы істер министрі Уалид әл-Муаллимның (2007 ж. қыркүйек) сапарлары болды. Өткен жылдар ішінде Сирияда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ж.Тұяқбай (2004 ж. маусым), ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі М.Құл-Мұхаммед (2003 ж. мамыр), ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Е.Ертісбаев (2006 ж. маусым), ҚР Индустрия және сауда министрі Ғ.Оразбақов (2007 ж. шілде) болып қайтты. Екі елдің мәдени саладағы өзара іс-қимылында Дамаскіде жерленген қазақ халқының көрнекті ұлдары – ғалым, ойшыл Әбу Наср Әл-Фараби мен Египет пен Сирияның ХІІІ ғасырдағы билеушісі Сұлтан Аз-Захир Бейбарыстың тарихи мұраларына қатысты тақырып ерекше орын алады.

2007 ж. қазанда ҚР Үкіметі мен САР Үкіметі арасындағы Дамаск қаласында Әл-Фарабидің тарихи-мәдени орталығының және кесенесінің құрылысын салу, Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс кесенесін қалпына келтірудегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес, ҚР Үкіметі Әл-Фарабидің тарихи-мәдени орталығының және кесенесінің құрылысын салуға 29,6 млн. теңге және Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс кесенесін қалпына келтіру құрылысына 54,2 млн. теңге қаражат бөлді. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2008 жылы 33 млн.308,2 мың АҚШ долл. құрады (негізінен экспорт). 2009 ж. қаңтар мен мамыр айлары аралығындағы екіжақты сауда мөлшері 5,435 млн. АҚШ долл. жетті.

2009 жылы 13 сәуірде Дамаск қаласында ҚР-ның Египеттегі Елшісі Бахтияр Тасымов Сирия Сыртқы істер министрі Уалид Әл-Муаллимге Қазақстанның Сирия Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқару жөнінде Сенім грамоталарын тапсырды.

Қазақстан мен Сирия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстандық компаниялар Сирия нарығына үлкен қызығушылық білдіруде. Сол себепті екі үкімет жаңа сауда-экономикалық келісімге қол қоюы тиіс. Ал 1992-жылы қол қойылған келісім бұрынғы маңызынан айрылды.

Өз кезегінде Сирия Араб республикасының экономика және сауда министрі Амер Лютфи Қазақстан жағына тоқыма және азық-түлік өнеркәсібі саласында бірлескен кәсіпорындар құруды ұсынды.

"Қазақстан үшін Сирия арабия нарығына алтын көпір бола алады. Біз басқа да 17 араб мемлекетімен бірге арнаулы экономикалық аймаққа жатамыз. Бұл елдер үшін салық жеңілдіктерінің жүйесі жұмыс істейді. Біздің ел арқылы Қазақстан өз өнімдерін осы елдерге шығара алады",- деді А.Лютфи.

Әдебиет

  • Политическая история государств Азии и Африки, М., 1996; Андреев А.Р.,
  • Сирия:история, народ, культура, К.—М., 2003; Шумов С.А., Страны мира, М., 2004;
  • Только факты, Гонконг, 2004; Васильев Л.С., История Востока, М., 2005.

Пайдаланылған cілтемелер

  1. ↑ Сирия тарихы
  2. ↑ Сирия-Араб уикипедиясы
  3. a b Report of the Commission Entrusted by the Council with the Study of the Frontier between Syria and Iraq (1932). Тексерілді, 9 шілде 2013.
  4. ↑ Орыс уикипедиясы
  5. ↑ Кто такой Башар Асад \\ Газета. Ру
  6. a b Захар Радов. «Асма аль-Асад прячется в Лондоне:Первая леди Сирии с тремя детьми решила переждать смутное время на родине» \\ «Комсомольская правда. Беларусь» 10 мая 2011
  7. ↑ CO2 Emissions from Fuel Combustion Population 1971–2008 IEA (pdf pages 83–85
  8. ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
  9. ↑ Қазіргі дүние географиясы:Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы:"Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5
  10. Ресей выходит в Средиземноморье
  11. ↑ Қазақ Сирия қарым қатынасы
  12. ↑ Бахтияр Тасымов Уалид Әл-Муаллимге Сенім грамоталарын тапсырды
  13. Қазақстан мен Сирия сауда-экономикалық ынтымақтастық
  14. ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар:Syria
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар:Damascus
  • eDamascus – Official website for Damascus
  • Explore Ancient City of Damascus with Google Earth on Global Heritage Network
  • Philip K. Hitt, The Imperial Capital, 1973, Saudi Aramco World
  • Ernst Herzfeld Papers, Series 5:Drawings and Maps, Records of Damascus Collections Search Center, S.I.R.I.S., Smithsonian Institution, Washington, D.C.
  • Сирия DMOZ каталогында
  • Сирия на сайте «Путешествия. Впечатления. Фотографии»
  • Фотографии и описание городов, памятников, достопримечательностей Сирии
  • Дамаск — старейшая столица мира
  • Фотографии и описание Дамаска и его окрестностей
  • Мечеть Сайида Ракэйя в Дамаске, фотографии
  • Фотографии и новости Дамаска

Үлгі:Southwest Asia

қ • т • өЖерорта теңізімен шектесетін елдердің тізімі
{{{col1}}}{{{col2}}}
For dependent and other territories, see Dependent territory and List of unrecognized countries.

сирия, сирия википедия, сирия война, сирия война видео, сирия карта, сирия на карте мира, сирия новини, сирия новости, сирия последние новости, сирия сегодня


Сирия Туралы Ақпарат

Сирия


  • user icon

    Сирия beatiful post thanks!

    29.10.2014


Сирия
Сирия
Сирия Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Сирия бұл, Сирия кім, Сирия сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Мякинино (Мәскеу)

Мякинино (Мәскеу)

XVIII ғасырҚосылу сәтіндегі жағдай КунцевоМетро станцияларыМякинино, Крылское, Шукинск
Ресей бокс федерациясы

Ресей бокс федерациясы

Ресей бокс федерациясы - әуесқой боксшылардың Ресей Федерациясы Кеңес Одағы ыдырағаннан және КСРО Бо
Волово (Липецк облысы)

Волово (Липецк облысы)

Волово - ауыл, Липецк облысының Воловский ауданының орталығы. Воловского ауылдық кентінің орталығы.
Қызыл Башқұртия

Қызыл Башқұртия

Красная Башкирия - Красная Башкирия - Абзелиловский ауданыБасқалар Красная Башқұртия - 1925-1951