Fri . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Сингапур

сингапур, сингапур фото

қыт. 新加坡共和国

Сингапур елтаңбасы
Байрақ Елтаңба
Сингапур ұлттық әнұраны Ресми тілі малай, ағылшын, қытай, тамиль Елорда Сингапур Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
714,3 км²
1,444 Жұрты
• Сарап (2009)
• Тығыздығы
4 987 600 адам (114)
7200 адам/км² ЖІӨ
  • Қорытынды (2008)
  • Жан басына шаққанда
161,947 млрд $
51 649 $ Интернет үйшігі .sg ISO коды SG ХОК коды SIN Телефон коды +65 Уақыт белдеуі +8

Координаттар: 1°21′00″ с. е. 103°51′00″ ш. б. / 1.35° с. е. 103.85° ш. б. (G) (O)1.35, 103.85

Сингапур немесе Сингапур Республикасы (ағылш. Republic of Singapore; малайша Republik Singapura

қыт. 新加坡共和国 там. சிங்கப்பூர் குடியரசு ) - экватордан 137 км солтүстікте, Малайзияның Жохор облысының оңтүстігінде, Индонезияның Рияу аралының солтүстігінде орналасқан қала-мемлекет, арал-ел.


Мазмұны

  • 1 Этимология
  • 2 Тарихы
  • 3 Үкіметі
    • 3.1 Модернизациялау 1959-1990
  • 4 Экономикасы
  • 5 Географиясы
  • 6 Сыртқы саясаты
  • 7 Қарулы күштері
  • 8 Халқы
  • 9 Халық құрамы
  • 10 Дін
  • 11 Тілдер
  • 12 Білім-беру жүйесі
  • 13 Мәдениет
  • 14 Асхана
  • 15 Денсаулық
  • 16 Спорт және тынығу
  • 17 Медиа
  • 18 Транспорт жүйесі
    • 18.1 Aвтопойыз (Mass Rapid Transit)
  • 19 Тағы қараңыз
  • 20 Дереккөздер

Этимология

Сингапур атағы малай тілінің синга — "арыстан" және санскрит тіліндегі пура — "қала" деген сөздерінен құралған.

Тарихы

Ертедегі қытай жазуларында Сингапурдың — Шривиджая ежелгі Малай хандығының Суматрада орналасқан бір бөлігі екендігі және явандық аты Суматра болғандығы айтылады.

1963 жылдың 31 тамызында Сингапур өзінің Британиядан тәуелсіздігін жариялады. Одан бұрын Малайзия мемлекетімен 1962 жылғы референдумында біріккен болатын, кейін келе Тунку Абдул Рахман мен Сингапурдағы биліктегі партиялардың өзара келіспеушілігі салдарынан Малайзия Сингапурды өзінен бөліп тастайды.

Үкіметі

Сингапур вестминстерлік жүйе бойынша уникамералдық парламенттік республика болып саналады. 1959 жылы Британиядан өзін-өзі ішкі басқару грантін алғаннан кейін Халықтық Қимыл Партиясы (People's Action Party) әр жылғы сайлауды жеңіп келеді. Сингапур заң жүйесі (Law of Singapore - legal system of Singapore) өз бастауын ағылшын заң жүйесінен алады (English common law), бірақ өз ішкі ерекшеліктеріне сәйкес модификациялануы бар, мысалы қазылар алқасы немесе төрешіні алып тастауы сияқты. Халықтық Қимыл Партиясы (PAP) жетістікке және меритократияға деген ұраныменен, білімділігімен (education in Singapore - education system), біліктілігімен әрі мемлекеттік қызметтегі тәжірибелілігі арқылы (Singapore Civil Service - Civil Service) өте беделді, алайда кейбір сыншылардың айтуы бойынша бұл елде адамдардың жеке бастарының бостандықтарына шектеулер қойылатын сияқты.

Модернизациялау 1959-1990

1959-1990 жылдары Ли Куан Ю мырзаның басқару уақытында Сингапур үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Осы уақыт аралығында Сингапур даму көрсеткіші жөнінен үшінші дүние елдері қатарынан дамыған елдер қатарына қосылады.

Экономикасы

Инвистициялық ахуалы өте жақсы, бәсекелесу деңгейі өте жоғары, экономикалық бостандығы жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатардағы елдердің тізімінде. Жергілікті халқы білікті, білімді, тәртіпті, тәрбиелі болады. Халықтың дәулетті соңғы уақытта жоғарылай түскен.

Географиясы

Сингапур 63 аралдан тұрады. Олардың ішіндегі ең бастысы Пулау Уджонг (Малай: тікелей мағынасы 'пенинсула - аралдың соңы') немесе Сингапур аралы бұл Сингапур арал-мемлекетінің басты аралы. Ел аумағы 714,3 км² (2011 жыл). Оған қоса ел аумағына 58 ұсақ арал да кіреді. Елдің ең биік нүктесі Букит Тима төбешігінің биіктігі 163,3 м. Кенттену процесінің нәтижесінде аралдың ормандары кесілуде. Жағрапиялық қолайлы белдеуде орналасуы Сингапурды "Азия жолтарысына" айналуына себеп болды.

Сыртқы саясаты

Оңтүстік-Шығыс Азия Елдері ынтымақтастыңының (ASEAN) беделді мүшесі. Брунеймен өте тығыз қарым-қатынас ұстануда. Сыртқы сауда-саттық қарым қатынаста Европа Одағы, Қытай және АҚШ елдері сәйкесінше орын алады.

Қарулы күштері

Сингапур қарулы күштері Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің арасындағы ең озығы. Оған Армия, Теңіз флоты, Әуе күштері кіреді. Ішкі өнімнің 4.9% пайызы әскерге жұмсалады.

Әу баста Сингапур қарулы күштері Англия және Израил мемлекеттерінің көмегі арқылы құрылады. Израил қорғаныс күштері Сингапур қарулы күштерін жоқ жерден жаттықтырып, қаржыландырып, көмегін аямай аймақтағы ең дамыған әскери күштерінің біріне айналдырып жібереді. Мысал ретінде Сингапур және Израил қарулы күштерінің қарқынды жұмыстары нәтижесінде МАТАДОР анти-танктік қару-жарақ түрі жасап шығарылады.

Халқы

Халық саны 4,987 миллион (2009 жыл).

Халық құрамы

Жергілікті халықтың 76,8%-ын қытайлықтар, 13,9%-ын малайлықтар, 7,9%-ын Үндістан елінің өкілдері құрайды. Сонымен қатар араб, евреи, тай, армян, жапон және метистер (евроазиат) де ел халықының белгілі бір шағын тобын құрайды.

Дін

Хаджа Фатима мешіті

Халықтың 33% буддизм дінін ұстанады. Христиан діні 18%, Ислам 15% құрайды, 17% ешқандай дін ұстанбайды.

Тілдер

Төрт тіл ресми түрде бекітілген, олар: ағылшын, қытай, малай және тамил тілдері.

Білім-беру жүйесі

Мектептік білім-беру жүйесі үш сатыдан тұрады: "Алғашқы білім-беру" (Primary education) - 6 жыл, "Орта білім-беру" (Secondary education) - 4 жыл, "Екінді білім-беру" (Pre-university education) - 2 жыл.

Мектеп оқушылары "алғашқы білім-беру" сатысынан соң біріңғай ұлттық тестілеуден өтеді - (Primary School Leaving Examination) өтеді, бұл тест оқушылардың бұдан кейін қай орта-білім алу мектебіне баратынын шешеді. Орта білім-беру кезеңін тамамдағаннан кейін - арнайы "орта білім-беру тестін" тапсырады (GCE 'O' Level exams); жоғарғы оқу-орнына тапсырмастан бұрын тағы бір тестілеу бұл - "озат тестілеу бағдарламасы" (GCE 'A' Level exams) экзамендерінен өтеді.

Мәдениет

Шындығында өте әр алуан мемлекет. 2006-жылғы Жаһандану индексі бойынша әлемдегі ең жаһанданған мемлекет болып саналады екен. Экономикалық Барлау Бөлімінің сараптамасы бойынша өмір сүру сапасы жөнінен дүние жүзі бойынша он бірінші қатарда келеді екен.

Асхана

Ұлттық көкөнісі - дюриан. Қазақ асханасынан басқа барлық асхананы табуға мүмкіншілік бар.

Денсаулық

Бұл елде тиімді денсаулық-сақтау ісі жүйеге қосылған. Әлемдегі алтыншы орынды иемденеді (6th overall in the world in its World Health Report).

Мемлекеттің денсаулық-сақтау жүйесі "3M" көзқарасымен сипатталады: Медифанд (Medifund, which provides a safety net for those not able to otherwise afford healthcare), Медисейв (Medisave, a compulsory health savings scheme covering about 85% of the population), және Медишилд (Medishield, a government-funded health insurance scheme). 2008 жылы елдің ден-саулық сақтау шығындарының 31.9% өкімет қаражатынан жұмсалған, бұл елдің Ішкі өнімінің шамамен 3.5% құрайды.

Спорт және тынығу

2010 жылғы Жазғы Жасөспірімдер Олимпиадалық Ойындары Сингапурда өткен (2010 Summer Youth Olympics).

Медиа

Медиа-корп (MediaCorp) өкіметтің бақылауынсыз өтпейді. Каналдары Channel 5 (English channel), Channel News Asia (English channel), Okto (English channel), Channel 8 (Chinese channel), Channel U (Chinese channel), Suria (Malay channel) and Vasantham (Indian channel).

Кабельді жүйесі Starhub Cable Vision (SCV) дүние жүзі каналдары және Singtel's MioTV - IPTV сервисін ұсынады. Singapore Press Holdings - өкіметтің бақылауымен газет-журналдарды бақылаушы ретінде жұмыс атқарады.

Транспорт жүйесі

Сингапур Порты әлемдегі ең ірі порттардың қатарына кіреді. аяқ, велосипед, автобус, такси, автопойыз (Mass Rapid Transit). Екі компания SBS Transit және SMRT Corporation қоғамдық көлік жүйесін қамтамасыз етеді. Күніне 25,000 такси тоқтаусыз жұмыс жасайды.

Aвтопойыз (Mass Rapid Transit)

Kawasaki Heavy Industries & Nippon Sharyo C751B пойызы MRT(Mass Rapid Transit) жолында

Тағы қараңыз

  • Сингапурдағы мешіттер тізімі

Дереккөздер

  1. ↑ Statistics Singapore - Key Annual Indicators
  2. ↑ Leitch Lepoer, Barbara Singapore as Part of Malaysia. Library of Congress Country Studies. Washington, D.C.: Government Printing Office (1989). Тексерілді, 29 қаңтар 2011.

сингапур, сингапур время, сингапур где находится, сингапур карта, сингапур столица, сингапур улс, сингапур улсын тухай, сингапур фото, сингапур что посмотреть, сингапурские авиалинии


Сингапур Туралы Ақпарат

Сингапур


  • user icon

    Сингапур beatiful post thanks!

    29.10.2014


Сингапур
Сингапур
Сингапур Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Сингапур бұл, Сингапур кім, Сингапур сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...