Mon . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Серік Нығметұлы Ахметов

серік ахметов
 Басқа мағыналар үшін Ахметов деген бетті қараңыз.

Серік Нығметұлы Ахметов
Лауазымы
8-ші Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
3 сәуір 2014 — 22 қазан 2014
Премьер-Министр: Кәрім Мәсімов
Ізашары: Әділбек Жақсыбеков
Ізбасары: Иманғали Тасмағамбетов
8-ші Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
24 қыркүйек 2012 — 2 сәуір 2014
Президент: Нұрсұлтан Назарбаев
Ізашары: Кәрім Мәсімов
Ізбасары: Кәрім Мәсімов
ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары
20 қаңтар 2012 — 24 қыркүйек 2012
Премьер-Министр: Кәрім Мәсімов
Ізашары: Өмірзақ Естайұлы Шөкеев
Ізбасары: лауазымы ыдыратылған
5-ші Қарағанды облысының әкімі
19 қараша 2009 — 20 қаңтар 2012
Премьер-Министр: Кәрім Мәсімов
Ізашары: Нұрлан Нығматуллин
Ізбасары: Әбілғазы Құсайынов
7-ші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі
26 қыркүйек 2006 — 3 наурыз 2009
Ізашары: Асқар Мамин
Ізбасары: Әбілғазы Құсайынов
Өмірбаяны
Ғылыми дәрежесі: Экономика ғылымдарының докторы
Дүниеге келуі: 25 маусым 1958(1958-06-25) (57 жас)
Теміртау қаласы, Қарағанды облысы, Қазақстан
Жұбайы: Любовь Михайловна Ахметова
Балалары: Қызы: Жанна (1980);
ұлы: Данияр (1985)
Марапаттары:
Серік Нығметұлы Ахметов Ортаққорда

Серік Нығметұлы Ахметов (25 маусым 1958, Теміртау қаласы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — Қазақстан Республикасының VIII Премьер-Министрі (2012), Қарағанды облысының әкімі (2009-2012).

Мазмұны

  • 1 Өмірбаяны
  • 2 Марапаттары
  • 3 Отбасы
  • 4 Сыртқы сілтемелер
  • 5 Дереккөздер

Өмірбаяны

1958 жылы 25 маусымда Қарағанды облысы, Теміртау қаласында туған.

Білімі

Білімі жоғары. Қарағанды металлургия зауыты жанындағы зауыт -ЖТОО-ын, Ресей Басқару Академиясының аспирантурасын бітірген. Мамандығы инженер-металлург, экономика ғылымдарының докторы.

Қызмет жолы

Еңбек жолын 1975 жылы Қарағанды металлургия зауытында токарь ретінде бастаған;

1976 - 1978 жылдары Қызыл армия қатарында жауынгерлік борышын атқарған;

1979-1985 жылдары токарь, комбинаттағы комсомол комитетінде хатшы орынбасары, кейін комитет хатшысы болды;

1985-1986 жылдары Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы;

1986-1989 жылдары Қарағанды облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы;

1989-1990 жылдары Қарағанды партия обкомының жауапты ұйымдастырушысы;

1993-1994 жылдары Карметкомбинаттың маркетинг бюро басшысы, сыртқы экномикалық қатынастар бөлімінің басшысы;

1994-1995 жылдары «Футау» біріккен кәсіпорынның Директоры;

1996-1998 жылдары «Кен Дала» қазақстандық агроөнеркәсіп биржасының Бас директоры;

Ақпан 1998 - наурыз 2001 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде ұйымдастыру-бақылау бөлімінде Мемлекеттік инспектор;

Наурыз 2001-маусым 2003 жылдары Теміртау қаласының әкімі;

Маусым 2003 - Сәуір 2004 жылдары Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары;

Сәуір 2004 - наурыз 2005 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде ұйымдастыру-бақылау және кадр саясаты жөніндегі Басқарманың Мемлекеттік инспекциясының меңгерушісі;

Наурыз 2005 - 25 қыркүйек 2006 жылдары «Атамекен» жылпыұлттық кәсіпкерлер мен жұмысберушілер одағының басқарма төрағасы, атқарушы директор;

25 қыркүйек 2006 - 3 наурыз 2009 жыл дары Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар министрі;

3 наурыз 2009 - 19 қараша 2009 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

19 қараша 2009 - қаңтар 2012 жылдары Қарағанды облысының әкімі;

Қаңтар 2012 - 24 қыркүйек 2012 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;

2012 жылдың 24 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды.

2014 жылдың 2 сәуірінде елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Үкіметінің отставкасын қабылдады.

«Мемлекет басшысы менің отставкам туралы өтінішімді қабылдады. Өзімнің атынан және Үкіметтің атынан жоғары сенімі үшін Елбасына алғыс білдіргім келеді»

— Серік Ахметов

Марапаттары

  • «Парасат » орденімен,
  • «Құрмет» орденімен,
  • «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, мерейтойлық медальдермен марапатталған.

Отбасы

Жұбайы Любовь Михайловна Ахметова. Ұлы — Данияр (1985), қызы — Жанна (1980).

Сыртқы сілтемелер

  • Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметовтың жеке сайты

Дереккөздер

  1. ↑ http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30070175
  2. ↑ С.Н.Ахметовті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы 2009 жылғы 3 наурыздағы № 754 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
  3. ↑ «С.Н.Ахметовті Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 888 Жарлығы
  4. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың С.Н.Ахметовті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлығы
  5. ↑ http://kaz.gazeta.kz/news/ukimet-basshysy-otstavkagha-ketti-newsID162657.html Үкімет басшысы отставкаға кетті
  6. ↑ Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8
Серік Ахметовтың министрлер кабинеті (24 қыркүйек 2012 жыл2 сәуір 2010 жыл)
Премьер-Министрдің орынбасары Премьер-Министрдің орынбасары Премьер-Министрдің орынбасары Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Қ. Көшербаев Е. Орынбаев Қ. Келімбетов Ә. Исекешев
Ішкі істер министрлігі Экономикалық даму және сауда министрлігі Сыртқы істер министрлігі Мәдениет және ақпарат министрлігі Көлік және байланыс министрлігі
Қ. Қасымов Е. Досаев Е. Ыдырысов Д. Мыңбай А. Жұмағалиев
Ғылым және білім министрлігі Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Ауылшаруашылық министрлігі Мұнай және газ министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Қаржы министрлігі
А. Сәрінжіпов Н. Қаппаров А. Мамытбеков С. Мыңбаев С. Әбденов Б. Жәмішев
Денсаулық сақтау министрлігі Қорғаныс министрлігі Әділет министрлігі Төтенше жағдай министрлігі Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі
С. Қайырбекова Ә. Жақсыбеков Б. Имашев В. Божко Ж. Айтжанова
 

серік ахметов


Серік Нығметұлы Ахметов Туралы Ақпарат

Серік Нығметұлы Ахметов


  • user icon

    Серік Нығметұлы Ахметов beatiful post thanks!

    29.10.2014


Серік Нығметұлы Ахметов
Серік Нығметұлы Ахметов
Серік Нығметұлы Ахметов Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Серік Нығметұлы Ахметов бұл, Серік Нығметұлы Ахметов кім, Серік Нығметұлы Ахметов сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...