Sat . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Сағыз өзені


 Басқа мағыналар үшін Сағыз (айрық) деген бетті қараңыз.

Сағыз өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 511 км
Су алабының
ауданы
19 400 км²
Су алабы Каспий теңізі
Су ағысы
Бастауы Мұғалжар тауы
 · Координаттары 48.566667, 56.148°34′00″ с. е. 56°06′00″ ш. б. / 48.566667° с. е. 56.1° ш. б. (G) (O) (Я)

 (T)

Сағасы Каспий теңізіне 60-70 км жетпей жерге сіңіп кетеді
 · Орналасқан жері Тентексор тұсы
 · Координаттары Координаттар: 47°35′00″ с. е. 53°30′00″ ш. б. / 47.583333° с. е. 53.5° ш. б. (G) (O) (Я)47.583333, 53.547°35′00″ с. е. 53°30′00″ ш. б. / 47.583333° с. е. 53.5° ш. б. (G) (O) (Я)

 (T)

Орналасуы
Ел Қазақстан
Аймақ Ақтөбе, Атырау облыстары

Сағыз - Каспий алабындағы өзен.

Мазмұны

  • 1 Географиялық орны
  • 2 Бастауы
  • 3 Гидрологиясы
  • 4 Дереккөздер

Географиялық орны

Ақтөбе, Атырау облыстары жерімен ағады. Ұзындығы 511 км. Су жиналатын алабы 19,4 мың км2.

Бастауы

Мұғалжар тауының батысынан (Байсары тауынан) басталып, Каспий теңізіне 60-70 км жетпей Тентексор тұсындағы Бер төбекшіктерінде (Атырау облысы Мақат ауданы) жерге сіңіп кетеді.

Гидрологиясы

Жоғарғы ағысында арнасы тік жарлы, тар, ортаңғы ағысында аңғары 5 -15 км-ге дейін кеңейеді. Төменгі ағысындағы аңғары енсіз. Ұзындықтары 10 км-ден аспайтын 100-ге жуық саласы бар. Ірілері: Дауылды, Ащысай, Ноғайты, Топырақшашты, Жарлы, Мұқыр, Бұрмасай. Жауын-шашын суымен толығады. Жауын-шашын көп жылдары Каспий теңізіне дейін жетеді. Наурыз — сәуір айларында тасиды. Суы көктемде тұщы, жазда кермек. Ауыз суға жарамды. Жылдық орташа су ағымы Сағыз темір жол стансасы тұсында 3,2 м³/с, орташа ең үлкен көрсеткіш - 4 5 м3/сек, орташа жылдық ағын 118 млн. м3, төменгі ағысында, Тентексор елді мекенінің тұсындағы құмға сіңіп жойылатын жерінде, ағынының көлемі 30-40 млн. м3-ге дейін азаяды. Каспий маңы өзен-көлдерінің көпшілігі сияқты, Сағыздың суы да минералданған: суы мол кезеңде оның минералдану дәрежесі 700-900 мг/л т, су деңгейінің төмендеуі кезеңдері аралығында 2000 мг/л-ге дейін жетеді. Жылына Сағыз 300 мың т тұз алып өтеді. Тұздың осыншама көп мөлшерде болуы өзен түбінің, өзен түбі суының және төңірегіндегі топырақтың тұздануына әкеліп соқтырады. Жазда Сағыз өзенінің суы ауызсу ретінде пайдалануға да, мал суаруға да жарамсыз, ашқылтым. Тек қана кектемгі су тасу кезінде және жаздың алғашқы айларында суы әжептәуір тұщыланады.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
  2. ↑ Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1


Сағыз өзені Туралы Ақпарат

Сағыз өзені


  • user icon

    Сағыз өзені beatiful post thanks!

    29.10.2014


Сағыз өзені
Сағыз өзені
Сағыз өзені Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Сағыз өзені бұл, Сағыз өзені кім, Сағыз өзені сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...