Sat . 20 Jul 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Сағат

сағат фото, сағат түрлері суреттері
Сағат - тәуліктiң ағымдағы уақытын анықтайтын және бір тәуліктен кіші уақыт аралықтарының ұзақтығын бірліктермен өлшейтін құрал.

Мазмұны

  • 1 Тарихы
  • 2 Топтастырылуы
  • 3 Су сағаттары
  • 4 Құм сағат
  • 5 Механикалық сағаттар
  • 6 Маятникті сағаттар
  • 7 Қазіргі заман сағаттары
  • 8 Кварц сағаты

Тарихы

Жүректің соғуы, теңіз суының көтерілуі мен қайтуы, күннің шығуы мен батуы, жыл мезгілдерінің алмасуы, т.б. Осылардың бәрі белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз қайталанып отырады. Күн мен түннің алмасуын, Күн мен Айдың қозғалысын бақылай отырып, адам баласы жылды айларға, айды күндерге, ал күнді бұдан анағұрлым қысқа уақыт бөліктері сағаттарға бөле бастаған.

Күн сағаты Бұрын уақытты күннің көмегімен анықтаған. Мұндай сағат – күн сағаты деп аталады. Сағат тілінің орнына таяқша пайдаланады. Таяқшаны айнала шеңбер сызылады. Шеңберді 12 сағатқа бөледі. Бірақ мұндай сағаттар бұлтты күндері немесе түнде уақыт көрсете алмайды. Сондықтан да адамдар уақыт анықтаудың басқа жолдарын қарастыра бастаған. Сөйтіп су сағаты ойлап табылған. .

Топтастырылуы

Құм сағаты Қытай су сағаттары Қоңыраулы үстел сағаты Мұнаралы сағат

Шақта және ықшамдықтар:

  • қалта сағаттары;
  • қол сағаттар;
  • күйме сағаттары;
  • үстелге қоятын сағаттар;
  • қабырға сағаттары;
  • жерде тұратын сағаттар;
  • мұнаралы сағаттар.

Өлшемдер тетiк бойынша:

  • күн сағаттары;
  • жалынды сағаттар;
  • құмсағаттар;
  • сағаттар су перiлерi;
  • механикалық сағаттар;
  • камертон сағаттары;
  • кварц сағаттары;
  • электрондық сағаттар;
  • астрономиялық сағаттар;
  • атом сағаттары.

Су сағаттары

Су сағаттары немесе клепсидра. Негізгі механизмі құм сағаттар тәрізді. Су сағатында су бір ыдыстан екінші ыдысқа бірқалыпты тамшылап құйылып тұратын. Мұндайда көрсеткіш тілі бар қалтқы жоғары көтеріліп немесе төмен түсіп, уақыттың дәл мезгілін білдірген. Бұл сағат уақытты күндіз де, түнде де көрсете беретін - тек суын еселеп отыруды ұмытпасаң, болғаны. Ал құм сағаты болса, осы заманға дейін пайдаланылып келеді.

Құм сағат

Мұнда құм екі шыны сауыттан олардың тұтасқан тар мойыны арқылы бір-біріне алма-кезек сыздықтап, сусып ағып тұрады.

Механикалық сағаттар

Механикалық сағаттар жөніндегі алғашқы деректі ғалымдар ежелгі византиялық қолжазба нұсқалардан тапты. Бұл кезең 578 жылмен тұспа-тұс келеді.

Алғашқы мехникалық сағаттардың тек бір ғана - сағаттық тілі болған.

1404 жылы Мәскеуде Кремльде тұңғыш мұнара сағаты орнатылады. Көп кешікпей мұнара сағаттары басқа да көптеген қалаларда пайда болды.

Шамамен, мұнан жүз жылдан кейін Еуропада алғашқы қалта сағаттары пайда бола бастады.

Маятникті сағаттар

Голландиялық ғалым Х. Гюйгенс 1657 жылы маятникті сағат ойлап тапты. Маятник (ұзынша салмасы бар ұзын шыбықша) бірқалыпты тербеледі. Яғни, оның әр тербелісі бірдей уақыт аралығында қайталанады. Маятниксіз сағаттар күніне уақыттан 15 минут артта қалып, немесе озып кете беретін. Ал қазіргі маятникті сағаттардың дәл уақыттан ауытқуы бір секундтан аспайды. Маятник сағаттың жүрісін реттеп отырады.

Бұған қоса, сағаттың барлығында да энергия көзі болып табылатын ең қажетті бөлшек болуға тиіс. Ол - салма тас, не болат серіппе, немесе электр батареясы.

Қазіргі заман сағаттары

Соңғы бірнеше жылдарға дейін барлық сағатқа тән маңызды тетіктер - сағаттық, минуттық, секундтық уақыт бірліктерін көрсететін тілдері болып келеді. Ал бүгінгі таңда мұның басқа да түрлері кең тарай бастады, яғни, уақытты көрсететін тілі мен сандық межелері жоқ сағаттар шықты.

Мұның орнына бетіндегі әйнекшелерден сағаттық, минуттық, секундтық, белгілерді санмен, санмен көрсетіп тұратын кішкене сағаттар дүниеге келді. ал, кейбір сағаттар, сонымен бірге, жылдың айы мен күнін, аптаның қай күнін де көрсете алады.

Кварц сағаты

Қазіргі заманғы ғылым мен техника сағаттан механикалық маятниктің мүмкіндігі жетпейтін анағұрлым жоғары дәлдікті талап ете бастады. Осыған орай енді кварц сағаты жасалды. Мұнда "маятниктің"қызметін электр тогының әсерімен тербеліске келетін кварц пластинкасы атқарады. Кварц "маятникті" сағаттар отыз жыл ішінде бір секундқа ғана қателесуі мүмкін. Уақытты бұдан да дәлірек көрсететін "маятниктер" іздеу барысында ғылым өте күрделі тербеліс қимылдарын жүзеге асыратын молекулалар мен атомдарға назар аударды. Қазіргі кезде уақытты ең дәл көрсететін де осы атомдық және молекулалық сағаттар.

Сағат - аса нәзік, өте дәл механизм. Сондықтан да сағат құрастыру арқылы адам баласы дәлдігі жоғары неше түрлі құрал-саймандар мен механизмдер жасауды үйренді.

  1. ↑ "Қазақ совет энциклопедиясы", 3 том
  2. ↑ Су, құм және от сағаттар таймен ретінде қолданыла алмайды

сағат астана күні, сағат сурет, сағат суреттер, сағат суреттер әртүрлі, сағат туралы жұмбақ, сағат туралы жұмбақтар, сағат түрлері суреттері, сағат фото, сағат үйрену, сағаттың суреті


Сағат Туралы Ақпарат

Сағат


  • user icon

    Сағат beatiful post thanks!

    29.10.2014


Сағат
Сағат
Сағат Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Сағат бұл, Сағат кім, Сағат сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...
Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...
IC 213

IC 213

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...
Бейіт

Бейіт

Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...