Сауда автоматтары


Сауда автоматтары тиындарды немесе купюраларды қабылдай алады жəне артық ақшаны қайтарып бере алады. Сауда автоматтары арқылы көптеген əралуан тауарларды сата бастады, олардың ішінде тез өтетін күнделікті сұраныс тауарлары (темекі, алкогольсіз сусындар, кəмпиттер, газеттер, ыстық жəне салқын сусындар) жəне басқа да өнімдер (косметика, қағаз мұқабалы кітаптар, грампластинка альбомдары, пленкалар, футболкалар, сақтандыру полистері, аяқ киімге арналған кремдер, тіпті балық аулауға арналған жем) бар.

Сауда автоматтары зауыттарда, мекемелерде, ірі дүкендерде, бензин құю стансаларында, темір жолдағы мейрамхана вагондарда орналасады. Олар, əдетте, ең қолайлы жерлердегі сауда алаңдарын жалдайтын жəне автоматтарға қызмет көрсетумен айналысатын ерекше фирмаларға тиесілі болып келеді.

Сауда автоматтары тұтынушыға тəулік бойы сауда жасау мүмкіндігін береді жəне өзіне-өзі қызмет көрсетуді ұсынады, сонымен қоса бұзылған тауарлар сатып алу мүмкіндігін азайтады. Сонымен бірге, сауда автоматтары салыстырмалы түрде алғанда тауар таратудың қымбат каналы болып есептеледі. Олар арқылы сатылатын тауарлардың бағасы көп жағдайда əдеттегі бағадан 15—20 %-ға қымбат болады. Сатушының да шығындары үлкен, себебі үлкен аумақтарға шашыраңқы орналасқан автоматтар тауарды жиі толықтырып тұруды талап етеді, кейде істен шығып қалса, ал бірқатар аудандардағы автоматтар ұсақ-үйек ұрлықтан зиян шегеді. Əдетте, тұтынушыларды автоматтардың сынып қалуы, олардың тауарлармен уақтылы толықтырылмауы жəне сатып алған тауарды қайтарып беру мүмкіндігінің жоқтығы тітіркендіреді. [1]

Дереккөздер

  1. ↑ А. Б. Рахимбаев, “Маркетинг теориясы жəне практикасы”, Алматы, 2009


Сауда автоматтары Туралы Ақпарат

Сауда автоматтары

Сауда автоматтары
Сауда автоматтары

Сауда автоматтары Туралы Видео


Сауда автоматтары Сіз қарап жатырсыз.
Сауда автоматтары дегеніміз не, Сауда автоматтары кім, Сауда автоматтары сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video