Саудакент


Саудакент

  1. ортағасырлық қала орны. Сарысу ауданы Саудакент ауылында орналасқан. 1901 жылы В.А. Колосов зерттеген. 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Әлкей Марғұлан) ішкі қамалдың солтүстік-шығыс бұрышына тікқазба (шурф) түсірген. Оның барысында құлаған бөлме орны аршылып, сырланбаған қыш ыдыстар, мал сүйектері шыққан. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) қала үстінен материалдар жиыстырған. 1980 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспедициясы (жетекшісі Қ.Байбосынов) зерттеу жұмыстарын жүргізді. Саудакенттің орны тікбұрышты келген көлемі 230 және 160 м, биіктігі 6 м төбе. 11 мұнараның орындары сақталып қалған. Ішкі қамал қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде. Бұл биіктігі 2 м, көлемі 40 м2 болатын төбе. Қала орнынан сырлы және сырланбаған қыш ыдыс қалдықтары көптеп кездеседі. Бұлар Талас өңіріндегі қалалардан табылған материалдарға ұқсас. Алынған заттарға қарағанда Саудакентті халық IX – XV ғасырларда мекен еткен. Олар егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан. Саудакент арқылы Жібек жолы өткен.[1]
  2. орта ғасырлардан сақталған қала орны. Сарысу ауданы, Байқадам қыстағының оңтүстік-шығыс шетінде. Тік төртбұрышты келген төбе аумағы 230x160 м, биіктігі 6м. Үстінде сақталған биіктігі 2 м жер дуалмен қоршалған, әр жерінде 11 мұнара қирандысы байқалады. Солт.шығыс бөлігінде төртбұрышты келген биіктігі 2 м орталық қорғаны бар. Қала орнын 1901 ж. В.А. Колосовский сипаттаған. 1946 ж. Ә. Марғұлан орталық қорғаннын солтүстік-шығыс жағына тексеру шұңқырын қазып, әртүрлі қыш ыдыстардың сынықтарын жинаған. Алынған материалдардың түрлері, боялған сырлары, жасалу тәсілдері қала ғұмырының 9-15 ғасырларда өткендігін баяндайды.[2]

Дереккөздер

  1. ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
  2. ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Осы мақала қазақ мәдениеті туралы бастама болып табылады. Бұны толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесуіңізді сұраймыз.

Саудакент Туралы Ақпарат

Саудакент

Саудакент
Саудакент

Саудакент Туралы Видео


Саудакент Сіз қарап жатырсыз.
Саудакент дегеніміз не, Саудакент кім, Саудакент сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video



Кездейсоқ Мақалалар

әлеуметтік Есеп

Facebook Twitter VK
Copyright © 2014. Іздеу Жүйелерінде