Сатылған Сабатаев


Сатылған Сабатаев (1874-1921) - агроном, ғалым. Бұрынғы Жетісу облысы, Верный уезі, үлкен Алматы болысында дүниеге келді.

1885-95 ж. аралығында ер балаларға арналған Верный гимназиясында оқып білім алды. 1895 ж. Мәскеудегі Лазарев атынд. Шығыс тілдері институтына түсіп, оны 1899 ж. бітірді. Жетісу әскери-губернаторының осы жылғы 20 қарашадағы арнайы бұйрығымен Пішпек уездік басқармасына тілмаштық қызметке тағайындалды. 1915 ж. Москва а. ш. ин-тын бітірген. 1917 ж. желтоқсанда Орынборда өткен Жалпы қазақтық құрылтай съезінде «Алашорда» үкіметінің мүшесі болып сайланды. Жетісу өңірінде алаш қозғалысының белсенді басшыларының бірі болды.

Мәскеуде оқып жүрген кезінде С. Абай Құнанбаев шығармашылығын орыс жұртшылығына таныстыруда елеулі еңбек етті. Мәскеудегі есеп-кредит ин-тының студенті Нұх Рамазановпен бірге 1914 ж. Моәскеудегі Шығыстану инмтитутының акад. А. Н. Веселовский құрметіне арнап шығарған «Алшархият» жинағына Абайдың төрт өлеңінің мазмұнын («Поэт», «Пожалейте меня», «Лето», «О любви») қара сөзбен орысша жазып бастырған.[1]


Дереккөздер

  1. ↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9




Сатылған Сабатаев Туралы Ақпарат

Сатылған Сабатаев

Сатылған Сабатаев
Сатылған Сабатаев
Сатылған Сабатаев Сіз қарап жатырсыз.
Сатылған Сабатаев дегеніміз не, Сатылған Сабатаев кім, Сатылған Сабатаев сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video