Сатай Аққабақұлы


Сатай Аққабақұлы(т.-ө. ж. б., Алматы облысы Панфилов ауданы) — қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан азат етуге қатысқан батыр. Ұлы жүз ішінде суан руынан шыққан. Әкесі Аққабақ елге сыйлы би болған. Сатай, Хангелді, Аралбай, Бақай, Райымбек батырлармен бірге Ойрантөбе шайқасына қатысқан. К.Әзірбаев “Райымбек батыр” атты дастанда Сатайдың ерлік қимылдарын сүйсіне жырлайды. Сатай 1733 ж. елшілік тапсырмамен Ұлы жүздің атақты адамдары Қодар би, Төле би, Хангелді, Бөлек батырлармен бірге орыс патшасы Анна Иоановнаға барған. “Суан шежіресіндегі” деректер бойынша Сатайдың 1-әйелі Қойкеден Абылай, Көбес, Бектемір (Сарман), Қарабатыр туған. 2-әйелінен Досқұлы (Сақа), Мәуке, 3-әйелінен Әбдікер, 4-әйелінен Ақылбек (Сапақ), 5-әйелінен Жетімқозы деген ұлдары дүниеге келген. Кейін батырдың ұрпақтары суан руының ішіндегі “Сатай” деп аталатын үлкен әулетке айналған. Сарыбел а-ндағы бір көшеге және орта мектепке Сатай батырдың есімі беріліп, ескерткіш тақта орнатылған.[1]

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том




Сатай Аққабақұлы Туралы Ақпарат

Сатай Аққабақұлы

Сатай Аққабақұлы
Сатай Аққабақұлы
Сатай Аққабақұлы Сіз қарап жатырсыз.
Сатай Аққабақұлы дегеніміз не, Сатай Аққабақұлы кім, Сатай Аққабақұлы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video