Сасық күзен (сусар тұқымдасы)


Сасық күзен (лат. Mustela eversmanii) – сусарлар тұқымдасының күзендер туысына жататын кішілеу жыртқышы (денесінің ұзындығы 53 см, салмағы 2 кг).


Күзеннің ұзын, иілгіш денесі құйрығынан 2 есе ұзын. Қоңырқай жұмсақ үлпілдек терісі әдемі, ол аң терісі кәсібінде - жоғары бағаланады. Күзен - епті, батыл және өжет жыртқыш, қоян немесе тауық тәрізді олжасын оңай ұстайды. Ымырт пен түнде белсенді. Жылына бір рет көбейеді. Ақпан айында шағылысып, мамыр айында 4-тен 20-ға дейін ұрпағын береді, олар өсіп жетілгенше інінде болады, сүтпен қоректендіреді. Інінен шыққаннан кейін де анасы қоректендіріп, әрі қорегін ұстау әдістерін үйретеді. Табиғаттағы кез-келген жыртқыш сияқты ауру, әлсіз т.б. жануарларды ұстау арқылы табиғи сұрыптауда маңызды қызмет атқарады. Құс фермасы үшін - қауіпті зиянкес.

Қазақстанда жылына күзеннің 1000 терісін дайындайды.[2]

Дереккөздер

  1. ↑ Tikhonov, A., Cavallini, P., Maran, T., Krantz, A., Stubbe, M., Kryštufek B., Abramov A. & Wozencraft, C. (2008). Mustela eversmannii. In: IUCN 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 21 March 2009. Database entry includes a brief justification of why this species is of least concern
  2. ↑ «Қазақстандағы жануарлар әлемі» кітабы, «Алматыкітап» ААҚ, 2003 жыл. ISBN 9965-628-91-2
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Mustela eversmanii


Сасық күзен (сусар тұқымдасы) Туралы Ақпарат


Сасық күзен (сусар тұқымдасы)
Сасық күзен (сусар тұқымдасы)
Сасық күзен (сусар тұқымдасы) Сіз қарап жатырсыз.
Сасық күзен (сусар тұқымдасы) дегеніміз не, Сасық күзен (сусар тұқымдасы) кім, Сасық күзен (сусар тұқымдасы) сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video



Кездейсоқ Мақалалар

әлеуметтік Есеп

Facebook Twitter VK
Сасық күзен (сусар тұқымдасы)
Copyright © 2014. Іздеу Жүйелерінде
mail