Сасықшөп


24 түрі белгілі [1]

Cасықшөп[2] (лат. Leonurus) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын екі не көпжылдық шөптесін өсімдіктер тегі.

Мазмұны

  • 1 Таралуы
  • 2 Сипаты
  • 3 Химиялық құрамы
  • 4 Қолданылуы
  • 5 Дереккөздер

Таралуы

Еуразияның қоңыржай белдемінде 15 түрі өседі. Қазақстанда Тобыл — Есіл, БалқашАлакөл алқабында, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, Алтай, Тарбағатай тауларында, Күнгей, Жетісу (Жоңғар), Теріскей Алатауларында кездесетін 4 түрі бар:

  • жасыл сасықшөп (L. glaucescens)
  • Түркістан сасықшөпі (L. turkestanіcus)
  • қабықшалы сасықшөп (L. panzerіoіdes)
  • бозғылт сасықшөп (L. іncanus)

Сипаты

Сасықшөптер тау баурайларында, өзен жағалауларында, жол жиегінде, бұталардың арасында өседі. Биіктігі 50 — 200 см аралығында, тамырсабақты өсімдік. 4 қырлы сабағы түзу өседі, сырты түкті.

Жапырақтары қалақ тәрізді, саусақ салалы. Тостағанша жапырақшалары жіңішке конус пішіндес. Күлтелері алқызыл, жоғарғы еріні ақ түсті.

Көп гүлді гүлшоғыры жапырақ қолтығына орналасқан. Маусым — шілде айларында гүлдеп, тамыз — қыркүйекте жеміс салады.

Жемісі — көп жаңғақша.

Химиялық құрамы

Cасықшөптің құрамында:

  • алкалоид (0,009 — 1,97%)
  • эфир майы (0,04 — 0,15%)
  • илік заттар (2,3 — 8,2%)
  • С витамині бар.

Қолданылуы

Cасықшөптен алынған препараттары жүрек қантамыры неврозында, жүректің демікпелі ұстамасында (стенокардия), жүрек етінің қатаюында (кардиосклероз), жүрек бұлшық етінің қабынуында (миокардит), жүйке жүйесінің бұзылуында, қан қысымы көтерілгенде, бас айналғанда, ми зақымданғанда ішеді. Сондай-ақ, сасықшөптен алынған дәрі-дәрмекпен қояншық, Базедов ауруын емдейді. Халық медицинасында сасықшөпті шемен, ревматизм, асқазан ауруларын, созылмалы ішек ауруларын емдеуге пайдаланады. Гүлінен ара бал жинайды.

Дереккөздер

  1. ↑ Leonurus // The Plant List (2013). Version 1.1.
  2. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9




Сасықшөп Туралы Ақпарат

Сасықшөп

Сасықшөп
Сасықшөп
Сасықшөп Сіз қарап жатырсыз.
Сасықшөп дегеніміз не, Сасықшөп кім, Сасықшөп сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video



Кездейсоқ Мақалалар

әлеуметтік Есеп

Facebook Twitter VK
Copyright © 2014. Іздеу Жүйелерінде