Сасықкөл көлі (Қарағанды облысы)



Сасықкөл - Қарағанды облысы Шахтинск қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 8 км жерде, Мичурин ауданының аумағында орналасқан ағынсыз көл.

Гидрографикасы

Айдынының ауданы 16,1 км2. Ұзындығы 8 км, енді жері 3,9 км. Көл суының көлемі 25 млн м3, ең терең жері 5,5 м, жағалауының ұзындығы 23,8 км. Көктемде еріген қар суы есебінен қоректенеді . Қазіргі кезде көлге Тентекөлінің ескі арнасы арқылы Шерубай-Нұра және Жартас бөгенінің суы жіберілуде.

Жағалау сипаты, өсімдігі мен жануаралары

Суы тұшы, егін және мал суаруға пайдаланылады. Көл жағасында құрақ, қоға, қамыс, сондай-ақ балдыр, шылаң, мүйізжапырақ, егеушөп өседі. Ондатра мекендейді , үйректер ұялайды . Ихтиофаунасы: табан, алабұға, шортан, тұқы, сазан, аққайран , лақа , теңгебалық, торта, көксерке, таутан.[1]

Дереккөздер

  1. ↑ Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5


Сасықкөл көлі (Қарағанды облысы) Туралы Ақпарат

Сасықкөл көлі (Қарағанды облысы)

Сасықкөл көлі (Қарағанды облысы)
Сасықкөл көлі (Қарағанды облысы)

Сасықкөл көлі (Қарағанды облысы) Туралы Видео


Сасықкөл көлі (Қарағанды облысы) Сіз қарап жатырсыз.
Сасықкөл көлі (Қарағанды облысы) дегеніміз не, Сасықкөл көлі (Қарағанды облысы) кім, Сасықкөл көлі (Қарағанды облысы) сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video



Кездейсоқ Мақалалар

әлеуметтік Есеп

Facebook Twitter VK
Copyright © 2014. Іздеу Жүйелерінде