Wed . 20 May 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Сарысу өзені


 (T)

Сағасы Телікөл  · Координаттары Координаттар: 45°10′20″ с. е. 66°44′02″ ш. б. / 45.172222° с. е. 66.733889° ш. б. (G) (O) (Я)45.172222, 66.73388945°10′20″ с. е. 66°44′02″ ш. б. / 45.172222° с. е. 66.733889° ш. б. (G) (O) (Я)

 (T)

Орналасуы Ел Қазақстан Аймақ Қарағанды облысы, Қызылорда облысы

Сарысу - Телікөл алабындағы өзен.

Мазмұны

  • 1 Географиялық орны
  • 2 Бастауы
  • 3 Гидрологиясы
  • 4 Дереккөздер

Географиялық орны

Қарағанды, Қызылорда облыстары жерімен ағады. Ұзындығы 800 км. Су жиналатын алабы 81,6 — 99,1 мың км².

Бастауы

Сарыарқадағы Бұғылы тауының етегінен басталатын Жақсы Сарысу, Байназар мен Жақсы Тағылы таулары маңынан басталатын Жаман Сарысу өзені қосылысынан пайда болатын Сарысу Сыр өңіріндегі Телікөлге құяды.

Гидрологиясы

Қуаң жылдары Телікөл-Ащыкөл ойысына жетпей құмға сіңіп кетеді. Салалары: Жаман Сарысу, Жақсы Сарысу, Атасу, Талдысай, Құрманақа, Талдыманақа, Құмдыеспе, Қаракеңгір. Сарысудың орташа жылдық су ағымы 7,5 м3/с, сағасында 0,10 м3/с. Ағысының жылдамдылығы 0,6 — 0,8 м/с. Негізінен қар суымен толығады, сондықтан да жылдық су ағынының 96,6%-ы сәуір — мамыр айларында, 3,1%-ы күзде, 0,3%-ы қыста өтеді. Сәуірдің аяғында, мамырдың алғашқы онкүндігінде қатты тасиды. Суы бастауында тұщы, орта және төм. ағыстарында тұздылау келеді. Өзен желтоқсанда қатып, наурыздың аяғында мұзы түседі. Арнасының ені бастауында 15 — 20 м, орта бөлігінде 40 — 60 м, саға жағында 150 — 200 м-ге дейін кеңейеді; бас жағында тар болып келетін аңғары төм. ағысында 10 км-ге дейін ұлғаяды. Көне арнасының түбі және жағалауы құмды және құмды-малтатасты шөгінді жыныстардан түзілген. Мұндағы ашық қызыл қоңыр топырақта жусанды-бетегелі-шытырлы өсімдікті шөлейт ландшафтысы қалыптасқан, сағалық бөлігінде шөлдік ландшафт басым. Көктемгі Сырдария суының біраз бөлігі Телікөл каналы арқылы Сарысу сағасына қосылады.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ энциклопедиясы, 7 том
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шаруашылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.


Сарысу өзені Туралы Ақпарат

Сарысу өзені


  • user icon

    Сарысу өзені beatiful post thanks!

    29.10.2014


Сарысу өзені
Сарысу өзені
Сарысу өзені Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Сарысу өзені бұл, Сарысу өзені кім, Сарысу өзені сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Б. з. д. 179 жыл

Б. з. д. 179 жыл

— б. з. д. I ғасыр Мазмұны 1 Оқиғалар 2 Туғандар 3 Қайтыс болғандар 4 Тағы қараңыз 5 Түсінік...
Дассов

Дассов

Дассов (нем. Dassow) — Германия Федеративтік Республикасының Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде ор...
Камподипьетра

Камподипьетра

Камподипьетра (итал. Campodipietra) — Италиядағы коммуна, Молизе әкімшілік аймағына қарасты Кам...
Паладжанелло

Паладжанелло

Паладжанелло (итал. Palagianello) — Италиядағы коммуна, Апулия әкімшілік аймағына қарасты Таран...