Tue . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Сарыкемер


Сарыкемер – ауыл, Жамбыл облысы, Байзақ ауданының орталығы (1938 жылдан) және Сарыкемер ауылдық округінің орталығы(1938 жылдан).

Сипаттамасы

Облыстық орталығы – Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 10 км жерде, Талас өзенінің сол жағалауындағы сұр жусан, баялыш, күйреуік, көкпек басым өскен, тау алды жазығының сұр, шалғынды-сұр топырақты шөлейт белдемінде орналасқан. Тұрғыны 35 мың адам асады (2013). Іргесі 1875 жылы қаланды.

Халық ауылға қоныстанбаған кезде, ауыл маңындағы Талас өзенінің бойы сарыкемерленіп, күнге шағылсып тұратындықтан ежелден бұл жер Сарыкемер аталған. 1880 жылы орыс көпесі Михайловтың атымен Михайловка қаласы аталған десе, басқа нұсқаларда келімсектер тұрған жерлеріне бірінші кезекте шіркеулерін салған, шіркеуді өздерінің қасиетті "Михайлов день" күні қарсаңында ашылғанына байланысты атаған дейді. Ауылға Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің торалқасының 19.03.1992 жылғы №1262-ХІІ қаулысымен өзінің ежелгі Сарыкемер аты қайтарылып берілді.

Сарыкемердегі бұрынғы кірпіш зауыты, нан, тамақ комбинаты, жол құрылысы, автокөлік мекемелері, ауыл шаруашылығы технологиялық бірлестігі, т.б. кәсіпорындар мен мекемелер 1997 жылдан өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар мен серіктестіктерге, шаруа қожалықтарына біріктірілді. Олардың ішіндегі ірілері: «Сарыкемер» автокөлік кәсіпорны, «Әулиеата құсы» акционерлік қоғамдары, «Байзақ» ӨК. Одан басқа аудандық тұтынушылар кооперативі, телекоммуникациялық торап, мемлкеттік пошта торабы, электрлендіру жүйесінің мекемесі жұмыс істейді.

Сарыкемерде 3 орта, 1 мектеп-гимназия (5-ші соғылуда), 1 кәсіптік мектеп, музыкалық, спорт мектептері, мәдениет үйі, клубтар, 5 кітапхана, Ғ.Мұратбаев атындағы мұражай, 2 стадион, мешіт, аудандық аурухана мен емхана, дәріхана, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.

Тарихы

Осы елді мекеннің тұрғыны болған Әмірбек қажы Есенбаев 1957 жылы көне Тараз қаласы жайында жазылған мұрағат материалдарын жинаған кезде, Ташкенттегі Орта Азия университетінің кітапханасына барған сапарында Ресейдің археологиялық-этнографиялық экспедициясын басқарған ротмистр Н.А.Петровтың 1791 жылы жазған зерттеулерімен танысқан болатын. Сол көне құжаттар салынған жәшіктің сыртқы бетінде “№117-61220, материалы Таласской долины и устные сказания очевидцев” деген зерттеу тақырыбының аты жазылған. Онда Байзақ датқаның әкесі Мәмбет датқаның батыр тұлғасы туралы жан-жақты баяндалған және оның өciп-өнген әулетінде қалыптасқан қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі жайында да аса құнды деректер жинақталған. Әcipece, Мәмбет датқаның жаз жайлауы Талас өзенінің жағасындағы Сарыкемер елді мекенін айнала қоршап жатқан малға жайлы, шөбі шүйгін, суы мол, кең жайылымдар болатыны ерекше айтылған.

Орыс этнографы Петровтың зерттеулерін негізге алсақ, Сарыкемер елді мекені XVII ғасырдың басында, яғни Мәмбет датқа өмір сүрген дәуірде қалыптасқан.

Ертеректе, Талас өңірінің қазіргідей егіншілік кәсібі кеңірек дами қоймаған дәуірде, суға деген сұраныс аз болған. Өзен кемерінен асып, кез келген жерді кемерлеп, кеміріп жататын. Әcipece “Қызғалдақ тасу”, “Қарақұйрық тасу” дейтін Таластың тасулары малға да, жанға да өте қауіпті болатын. Сондай шақта су деңгейі күрт көтеріліп, секундына мөлшері 100-150 текше метрге жететін. Мұнша көп тасқын судың дүлей күші өзен жағасын опыра кемерлеп, биік-биік жарқабақты әп-сәтте “жасай” салатын. Сол жарқабақтар сонау бip замандардан бepi тасқын судың күшімен біріне-бірі ұласып, Сарыкемердің шығыс жағын тұтас бip кемерге айналдырып алған деседі. Яғни, Сарыкемер деген атау сол сары топырақты кемерге байланысты аталуы ақиқат. Өйткені, қазақ елінде ежелден елді мекендерді жер, судың, сай-саланың атымен атай салу әдет болып саналатын. Бұл атауды ойлап тапқан сол дәуірдің замандасы Мәмбет датқаның әулеті болар деген ой бар. Себебі, Талас өңірі негізінен солардың ата қонысы, жайлауы болған.

Бұған ресми түрде дәлел бола алатын тағы бip аса беделді басылым бар. Ол - “Қазақ Совет Энциклопедиясының” 8-томы. Кітаптың 70-бетінде Михайловка (Сарыкемер) туралы мынадай дерек бар: “Михайловка-Свердлов ауданының орталығы, село Жамбыл қаласының солтүстік шығысында (16 км) Талас өзенінің жағасына орналасқан. Селоның алғашқы аты “Сарыкемер” кейіннен “Шардара”, 1880 жылдан “Михайловка” болды” делінген.

Дереккөздер

  1. a b Тараз энциклопедиясы
  2. Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Жамбыл облысы Байзақ ауданы елді мекендері

Абай • Аймантөбе • Ақжар • Аққия • Ақшолақ • Ақтөбе • Базарбай • Байзақ • Ботамойнақ • Бурыл • Диқан (Диқан а.о.) • Диқан (Мырзатай а.о.) • Жақаш • Жаңасаз • Жаңатұрмыс • ЖеңісЖетібайЖібек Жолы • ҚайнарҚарасу • Кеңес • Көкбастау • Көкөзек • Көктал • Қостөбе • Құмжота • Қызыл жұлдыз • Құсақ • Мәдімар • Мырзатай • Сарыбарақ • Сарыкемер • Сеңкібай • Талас • Тегістік (Жанатұрмыс а.о.) • Тегістік (Темірбек а.о.) • Төрекелді • Төрткүл • Түймекент • Үлгілі • Үшбұлақ • Шахан

 


Сарыкемер Туралы Ақпарат

Сарыкемер


  • user icon

    Сарыкемер beatiful post thanks!

    29.10.2014


Сарыкемер
Сарыкемер
Сарыкемер Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Сарыкемер бұл, Сарыкемер кім, Сарыкемер сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...