Sun . 20 Jan 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Сан-Марино

сан-марино, сан-марино википедия
Координаттар: 43°56′08″ с. е. 12°27′39″ ш. б. / 43.935556° с. е. 12.460833° ш. б. (G) (O)43.935556, 12.460833

Сан-Марино (Сан-Марино Мәртебелі Республикасы) Eуропада Италияда орналысқан ел.

Италия аумағымен қоршалған. Жер аумағы 61 км². Халқы 26,9 мың адам (2001). Тұрғындары: сан-маринолықтар (80%) мен италиялықтар (18%). Басым көпшілігі католик дінін ұстанады. Астанасы — Сан-Марино қ. Әкімш. жағынан 6 округке бөлінеді. Ресми тілі — италия тілі. Мемлекет билігі әрбір 6 айда капитан-регенттері тағайындалатын 2 депутатқа жүктеледі. Мемл. жоғ. атқарушы органы — бір палаталы Үлкен бас кеңес. Ақша бірлігі — италия лирі. Сан-Марино Титано тауында орналасқан (ең биік нүктесі 749). Климаты субтропиктік жерортатеңіздік. Қаңтардағы орташа темп-расы 0 — 12ӘС, шілдеде 20 — 28ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлш. 800 — 900 мм. Сан-Мариноның негізі 301 ж. қаланды деп саналады. Аңыз бойынша Сан-Мариноны далмац. тас қалаушы Марино қалаған, кейіннен ол “қасиеттілер” қатарына жатқызылған (“сан” деген қосымша осыдан шыққан). 11 — 13 ғ-ларда Сан-Марино аумағы сатып алынған көрші жерлер есебінен кеңейтілді. 1600 ж. конституциясы қабылданды. 1631 ж. Рим папасы ресми түрде мемлекет ретінде мойындады. Біртұтас Италия мемлекеті құрылғаннан (1861) кейін, Сан-Марино онымен достық, көршілік қатынас туралы шарт (1872, 1897 және 1953 ж.) жасасты. Шарт бойынша Сан-Марино Италия протекторатын мойындады. Италияда фашистердің өкімет басына келуіне байланысты (1922) республикада фаш. элементтер жандана бастады. 2-дүниежүз. соғыс кезінде Сан-Марино бейтараптық жариялады. 1944 ж. 4 қыркүйекте Сан-Марино аумағын фаш. неміс әскерлерлері басып алды. 1944 ж. қыркүйектің аяғында оларды ағылшын-америка әскері қуып шықты. 1966 жылдың аяғында елдегі демокр. күштердің қысымымен қазіргі сайлау жүйесі қалыптасты. Сан-Марино экономикасының негізгі саласы туризм ұлттық табыстың 60%-ын береді. Мата тоқу, цемент, қағаз, былғары, металл , химия, мебель, керамика кәсіпорындары бар. Экспортқа — вино, сувенир, машина бұйымдарын шығарып, сырттан өндіріс шикізатын, отын ресурстарын алады. Негізгі сауда серіктесі: Италия.

Суреттер

Пайдаланылған cілтемелер

  1. ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
қ • т • ө Латын одағы

Ангола • АндорраАргентинаБоливияБразилияВатиканВенесуэлаГвинея-БисауГватемалаДоминикан РеспубликасыЭквадорИспанияИталияКабо-ВердеКоста-РикаКот-д’ИвуарКубаМальтаМексикаМозамбикМолдоваМонакоНикарагуаГондурасПанамаПарагвайПеруФилиппиндерПортугалияРумынияСан-Томе және ПринсипиСан-МариноСенегалУругвайФранцияЧили


сан-марино, сан-марино википедия, сан-марино горы, сан-марино италия, сан-марино карта, сан-марино население, сан-марино отзывы, сан-марино украина, сан-марино шопинг


Сан-Марино Туралы Ақпарат

Сан-Марино


  • user icon

    Сан-Марино beatiful post thanks!

    29.10.2014


Сан-Марино
Сан-Марино
Сан-Марино Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Сан-Марино бұл, Сан-Марино кім, Сан-Марино сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...