Wed . 19 Jun 2019

Самырсын

самырсын қарағайы, база отдыха самырсын
Самырсын (лат. Abіes), майқарағай — қарағай тұқымдасына жататын көп жылдық мәңгі жасыл ағаш. 40-тан астам түрі белгілі, негізінен Солт. жарты шарда өседі, ішінара тропиктік белдемдерде (Мексика, Гватемала) кездесетін түрлері де бар. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) мен Талас Алатауында, Батыс Тянь-Шаньда теңіз деңгейінен 2000 м-ге дейінгі биіктік белдеулерде өсетін 2 түрі: Сібір Самырсыны (A. sіbіrіca) және Ақ қарағай (А. semenovіі) бар. Олардың биікт. 35 м-ге, діңінің жуанд. 55 см-ге дейін жетеді. Қылқан жапырақтары таспа пішіндес, ұзындығы 4 см-дей. Аналық тұқым бүрі жасыл не қызыл түсті, аталық гүлі масақты, алдыңғы жылғы бұтақтарының ұшында орналасады. Жетілген тұқым бүрлері цилиндр тәрізді, қошқыл не қоңыр түсті, бірінші жылы піседі. Тұқымы төңкерілген жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 8 — 10, ені 8 мм-дей, қанаты болады. Самырсын 200 жылдай өмір сүреді. Самырсынның діңі жұмсақ, жеңіл, ол целлюлоза өндірісінде, құрылыста қолданылады. Тұқымының құрамында лак, бояу өндіру үшін қолданылатын май болады. Қабығынан шайыр алынады, сағызы (живица) желім ретінде, қылқаны медицинада майқарағай майын алу үшін пайдаланылады. Самырсындар — аязға төзімді ағаштар, бірақ мәдени түрде өсіру үшін ылғалды және салқын климат керек.

Суреттер

Пайдаланылған cілтемелер

  1. ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том


база отдыха самырсын, самырсын, самырсын қарағайы


Самырсын Туралы Ақпарат

Самырсын


  • user icon

    Самырсын beatiful post thanks!

    29.10.2014


Самырсын
Самырсын
Самырсын Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Самырсын бұл, Самырсын кім, Самырсын сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында. Солтүстік-бат...
Амель (Нор)

Амель (Нор)

Амель (фр. Hamel) — Франциядағы коммуна. Нор-Па-де-Кале аймағына қарасты Нор департаментінде орналас...
EMac — Уикипедия

EMac — Уикипедия

eMac — Macintosh тектес дербес компьютер, Apple Inc компаниясы шығарған Оның аты айтып тұрғандай edu...
Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу - Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы Сарык...