Mon . 19 May 2019

Самарқан

самарқанд вилояти, самарқанд
Самарқан Өзбекстан Республикасындағы ежелгі қала, өзі аттас облыс орталығы. Зеравшан өзен аңғарында орналасқан. Халқы 451 мың (2002). Біздің заманымыздан 4 ғасырда Марканд деген атпен белгілі болды. Біздің заманымыздан 330 ж. Македонский жаулап алып, өз мемлекетінің құрамына енгізді. Біздің заманымыздан . 1 ғасырдан біздің заманымыз 4 ғасырна дейінгі аралықта Кушан патшалығының ірі сауда орт. болды. 4 ғасырдан 6 ғасырға дейін Түрік қағанатының құрамына енген Соғды мемлекетінің астанасы болды. Самарқанты 8 ғасырдың басында арабтар, 9 ғасырда Самани әулеті, 11 ғасырда Қарахан әулеті, одан соң түрік салжұқтары, 12 ғасырдың орта шенінде қидандар басып алды. 13 ғасырдың бас кезінде Хорезм шаһтары билік етті. 1220 ж. Шыңғыс хан әскерлері жаулап алды. 14 ғасырдың аяғы мен 15 ғасырдың басында Әмір Темір мемлекетінің астанасы болды. 1500 ж. Шайбани мемлекетінің, 16 ғ-дың аяғында Бұхар хандығының құрамына кірді. 1868 ж. патшалық Ресей әскерлері басып алды да, Ресей империясының қарауына енді. 1924 — 30 ж. Өзбекстанның астанасы болды. 1938 жылдан облыс орталығы. 1970 ж. қазанда Самарқантың 2500 жылдығы аталып өтілді. Самарқаның ежелгі Афрасиаб атанған солт.-шығыс бөлігінде қала тарихының музейі, Шаһи Хинда ғимараты, Бибі ханым мешіті сияқты тамаша архит. ескерткіштер шоғырланған. Ескі Самарқантың орт-нда Регистан, одан оңт-ке қарай Гүр Әмір, Ақсарай,Рухабат; оңт.-шығысында Ишарат хан мазарлары, т.б. орналасқан. Самарқанта Жалаңтөс Баһадүр салдырған “Ширдор” медресесі өзінің көркемдігімен ерекшеленеді. Онда машина жасау з-ты, жеңіл өнеркәсіп ф-сы, хим. комб., 4 театр, 6 жоғары оқу орны бар.
С. Рүстемов


Тарихы

Самарқан - көне қалалардың бірі, біздің заманымызға дейін 700 жылдары құрылды. Әмір Темір империясында астанасы болған. 1924 - 1929 жылдары - Өзбек КСР-інің астанасы болған. Қазіргі таңда Самарқан уалаятының орталығы.

Суреттер

Сыртқы сілтемелер

  1. ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
  • Discover Samarkand
  • Samarkand Facts
  • The Golden Journey ('Road') to Samarkand
  • Samarkand - Silk Road Seattle Project / Walter Chapin Simpson Center for the Humanities at the University of Washington
  • Photos of Samarkand and Uzbekistan
  • Murder in Samarkand by Craig Murray
  • The history of Samarkand, according to Columbia University's Encyclopedia Iranica
  • Samarkand in modern and old photos
  • Bukharian Jewish Global Portal -- Jews from Samarkand


об-хаво самарқанд, об-ҳаво самарқанд, самарқанд, самарқанд вилояти


Самарқан Туралы Ақпарат

Самарқан


  • user icon

    Самарқан beatiful post thanks!

    29.10.2014


Самарқан
Самарқан
Самарқан Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Самарқан бұл, Самарқан кім, Самарқан сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...
Аттинг

Аттинг

Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...
Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...
Лаимберды

Лаимберды

Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...