Thu . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Самани әулеті


Самани Әулеті — Самани мемлекетінде билік еткен парсы әулеті (819 — 999). Арғы аталары Саман Худат, Балх маңындағы (Солт. Ауғанстан) Саман елді мекенінен. Араб үстемдігіне қарсы Рафи ибн Лейстің көтерілісін (806 — 10) басуда көрсеткен көмегі үшін Саманның балалары мен немерелері 819 ж. Мауераннахрдың ең маңызды қалалары мен уәлаяттарына басқарушы болып тағайындалды. Халиф Мамун Саманның немересі Нұхқа Самарқанды, Ахмедке Ферғананы, Яхьяға Шаш пен Усрушананы берді. Олар алғашқы кезде Хорасан басқарушылары Тахир әулетінің вассалы болды. 873 ж. Тахир әулеті құлағаннан кейін, Самани Әулеті толық дербестікке ұмтылды. 875 ж. Насыр І Самани Мауераннахрды толық бағындырды. 900 ж. оның мұрагері Исмаил Самани (892 ж.) және басқа да Самани Әулеті өкілдері Хорасан әмірі Әмір ибн Лейс Сафари әскерлерін талқандап, Хорасанды, Солт.-шығыс Иранды бағындырды. Мемлекеттің астанасы Бұхар қ., бұдан басқа экон. маңызды орт-тар: Самарқанд, Нишапур, Мерв, Үргеніш, Герат, Балх, Ғазни қ-лары болды. Самани Әулеті билеген тұста Орт. Азияның Хазариямен, Иранмен, бұлғарлармен, Қытай және Русьпен сауда байланыстары дамыды. Қалаларда медреселер, мешіттер, түрлі ғимараттар салынды. Бұхара өзінің ең бай кітапханасымен аты шықты. 997 — 99 ж. Бұхарды түріктердің басып алуына байланысты Мансұр ІІ-нің тұсында Самани Әулеті билік жүргізуді доғарды

Тағы қараңыз

  • Исмаил Ибн Ахмед Самани

Суреттер

Исмаил Самани шыңы

Пайдаланылған cілтемелер

  1. ↑ Elton L. Daniel, History of Iran, (Greenwood Press, 2001), 74.
  2. ↑ Әдеб.: Гафуров Б.Г., Таджики. Древнейшая и средневековая история, М., 1972.
  3. ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том


Самани әулеті Туралы Ақпарат

Самани әулеті


  • user icon

    Самани әулеті beatiful post thanks!

    29.10.2014


Самани әулеті
Самани әулеті
Самани әулеті Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Самани әулеті бұл, Самани әулеті кім, Самани әулеті сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...
Аттинг

Аттинг

Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...
Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...
Лаимберды

Лаимберды

Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...