Tue . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Салах әд-Дин

салах әд динамо, салах әд динозавры
Салах ад-Дин Юсуф ибн Аюб (ағылш. Ṣalāḥ ad-Dīn Yūsuf ibn Ayyūb; Күрдше: سه لاحه دین ئه یوبی Selah'edînê Eyubî; араб.: صلاح الدين يوسف بن أيوب‎ ; c. 1137 - 4 Наурыз, 1193) – Мысыр мен Сирия (1171-93) Сұлтаны болған күрд мұсылманы. Үшінші крест жорығына қарсы мұсылмандарды басқарған. Билігінің шарықтау кезінде өзі негізін қалаған Аюбид династиясы Мысыр, Сирия, Ирак, Хиджаз және Йеменді билеген. Ол крест ұстаушыларға мұсылмандар қарсылығын бастап, ақырында Иерусалим крест ұстаушылар патшалығы құрсауынан Палестина бөлігін босатады. Сол себептен де, ол Араб әлемінде, Мұсылмандар, Күрдтер үшін де танымал ірі тұлға. Салах ад-Дин қатаң түрде Суни Исламды ұстанған. Ол ешқашан жеңілген жауларын жәбірлеп, өлтіріп немесе қинаған емес, Хаттин соғысынан кейінгі кейбір оқиғаларды ескермегенде. Оның жалпы батырлық, сонымен қатар мейірбандық (chivalrous) қасиеттері Християндық тарихшылар да, әсіресе Моабтағы Керакты қоршауға алғанда, атап көрсетеді.

Салах ад-Дин, Мысыр Патшасы - 15-ші ғасыр қолжазба бетінен; сол қолында Еуропалық билік белгісі.

Салах әд-Дин Айюб әулетінің негізін қалаушы. Сирия сұлтанының Нұр әд-диннің әскер басыларының бірі - Айюб ибн Шадидың баласы. 1164, 1167, 1168 ж. Нұр әд-Диннің әскері қатарында Мысырды бағындырды және крест жорықтарына қарсы күресті. 1169 ж. Мысырдағы халифтің уәзірі болып тағайындалды. 1171 ж. Фатима әулетінен шыққан соңғы халиф Адид өлгеннен кейін, Египеттегі өкімет билігін басып алып, өзін сұлтан деп жариялады. 1174 ж. Нұр әд-Дин өлгеннен кейін, оның Сириядағы иеліктерін және оған шектес Ирак билеушілерінің ұсақ иеліктерін өзіне бағындырды. 1187 ж. С .әд-Д бастаған біріккен мұсылман әскерлері Хиттин түбінде кресшілерді талқандап, Иерусалимді алды.1189 жылдың қарсаңында Сирия мен Палестина кресшілерден толық азат етілді. С. Әд-Д. 3-крест жорықтары кезінде (1189-92) мұсылмандар әскерін басқарды. Ол кресшілерді күйрете талқандаған алғашқы мұсылман қолбасшысы болды. Осыдан кейін кресшілер Таяу Шығыстағы иеліктерінен біртіңдеп айырыла бастады. С.әд-Д-нің ішкі саясаты Мысырдағы жер иеліктерді бөліп беруге, медреселер салуға, алым-салықты азайтуға бағытталды.

Мазмұны

  • 1 Салах әд-Дин сұлтанның өмір жолының тарихи тізбесі
  • 2 Тағы қараңыз
  • 3 Қайнар көздер
  • 4 Сыртқы сілтемелер
  • 5 Дереккөздер

Салах әд-Дин сұлтанның өмір жолының тарихи тізбесі

  • 1138- Месопотамия жеріндегі Тикрит елді мекенінде дүниеге келді.
  • 1164, 1167-1168 -Египетті жаулап алу жорықтарына қатысты. Крест жорықтарына қарсы күресті.
  • 1169- Египет халифінің уәзірі болып тағайындалды.
  • 1171- Египеттегі Фатимидтер халифатын бағындырып, Айюбидтер әулетінің негізін салды.
  • 1174- Аббасид халифасы әл-Мұстади Салах әд-Динге сұлтан лауазымын берді. Салах әд-Диннің Дамаскіні жаулап алуы.
  • 1182- Халебті бағындырды.
  • 1186- ЖАзираны алды.
  • 1187- Қайруанды толықтай бағындырды.
  • 1187- Хиттин түбінде крестшілерді талқандап, Иерусалимді алды.
  • 1188-1189- Салах әд-Диннің басқаруымен Сирия мен Палестина крестшілерден толық азат етілді.
  • 1189-1192- Үшінші Крест жорығына қарсы мұсылмандар әсерін басқарды.
  • 1192- Ағылшын Королі Арыстан жүректі 1 Ричард Салах әд-Диннен жеңілгенін мойындап, Рамлада бейбіт бітімге келеді.
  • 1193- Сирияда Дамаск қаласында дүниеден өтеді.

Тағы қараңыз

  • Тәңір хандығы

Қайнар көздер

  • Baha ad-Din ibn Shaddad The Rare and Excellent History of Saladin — Ashgate, 2002. — ISBN 978-0-7546-3381-6.
  • Bowman Alan K. Egypt After the Pharaohs — 1986.
  • Gabrieli Francesco Arab Historians of the Crusades — Routledge & Kegan Paul, 1984. — ISBN 978-0-710-20235-2.
  • Gibb H.A.R. The Life of Saladin: From the Works of Imad ad-Din and Baha ad-Din — Clarendon Press, 1973. — ISBN 978-0-86356-928-9.
  • Gillingham John Richard I // Yale English Monarchs — Yale University Press, 1999.
  • Grousset Rene The Epic of the Crusades — New York, 1970.
  • Hindley Geoffrey Saladin: Hero of Islam — Pen & Sword, 2007. — ISBN 1-84415-499-8.
  • Imad ad-Din al-Isfahani Conquête de la Syrie et de la Palestine par Salâh ed-dîn / C. Landberg — Brill, 1888.
  • Lane-Poole Stanley Saladin and the Fall of the Kingdom of Jerusalem — Putnam, 1898.
  • Lyons M. C. Saladin: the Politics of the Holy War — Cambridge University Press, 1982. — ISBN 978-0-521-31739-9.
  • Minorsky V. Studies in Caucasian history — Cambridge University Press, 1957.
  • Reston James Warriors of God: Richard the Lionheart and Saladin in the Third Crusade — New York: Anchor Books, 2001. — ISBN 0-385-49562-5.
  • Runciman Steven A History of the Crusades: Volume 2, The Kingdom of Jerusalem and the Frankish East — Cambridge University Press.
  • Shahnaz Husain Muslim Heroes of the Crusades — 1998. — ISBN 1-8979-4071-8.

Сыртқы сілтемелер

  • THE LIFE OF SALADIN AND THE FALL OF THE KINGDOM OF JERUSALEM (By Stanley Lane-Poole) In "btm" format
  • Richard and Saladin: Warriors of the Third Crusade
  • Rosebault Ch.J. Saladin. Prince of Chivalri
  • De expugnatione terrae sanctae per Saladinum A European account of Saladin's conquests of the Crusader states. Үлгі:La icon
  • Saladin: The Sultan and His Times, 1138–1193

Дереккөздер

  1. ↑ "Қазақстан". Ұлттық энциклопедиясы 6-том
Regnal titles
Ізашары:
Al-'Āḍid
Fatimid Caliph of Egypt
Sultan of Egypt
1171–1193
Ізбасары:
Al-Aziz Uthman
Ізашары:
As-Salih Ismail al-Malik
Emir of Damascus
1174–1186
Ізбасары:
Al-Afdal ibn Salah al-din

салах әд динамо, салах әд динамомания, салах әд динозавры, салах әд диня


Салах әд-Дин Туралы Ақпарат

Салах әд-Дин


  • user icon

    Салах әд-Дин beatiful post thanks!

    29.10.2014


Салах әд-Дин
Салах әд-Дин
Салах әд-Дин Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Салах әд-Дин бұл, Салах әд-Дин кім, Салах әд-Дин сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Аттимис

Аттимис

Аттимис (итал. Attimis) — Италиядағы коммуна, Фриули-Венеция-Джулия әкімшілік аймағына қарасты ...
Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Викторов ауылдық округінің құрамында. Ге...
Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал (Алмазный абразивный инструмент) — кесу бөлігі байламмен бекітілген алмас ұнтағы...
Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак (фр. Labastide-Cézéracq) — Франциядағы коммуна. Аквитания аймағына қарасты Атлантик...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Ангарск каскадтық гидроэлектр станциясы

Ангарск каскадтық гидроэлектр станциясы

Гидроэлектрстанцияларының Ангарск каскадыны - Ресейдегі гидроэлектростанциялардың ең үлкен кешені. И
Красноярск діни семинариясы

Красноярск діни семинариясы

күшіне ретінде орыс православиелік шіркеуінің Красноярск епархиясының бір жоғары оқу орны, 1895 жылғ
Ishikawa, Kasumi

Ishikawa, Kasumi

Касуми Ишикава Яп 石川 佳 純 Ишикава: Касуми 1993 жылы 23 ақпанда дүниеге келген - жапондық спортшы, үст
Vinsad

Vinsad

Винсади - Ауыл [2], Ставрополь өлкесі Пьемонт ауданының «Винсад ауылы ауылдық кеңесі» муниципалитеті