Fri . 19 Apr 2019

Рим

рим, рим сериал
Рим немесе Рома (pronounced /rəʊm/; итал. Roma, pronounced /'roma/; лат. Roma) — Италия астанасы, Лацио әкімшілік аймағына қарасты Рим провинциясында орналасқан.

Мазмұны

  • 1 Архитектурасы
    • 1.1 Рим құрылуының аңызы
  • 2 Географиясы
  • 3 Әкімшілік бөлінуі
  • 4 Тарихы
  • 5 Галерея
  • 6 Дереккөздер
  • 7 Сыртқы сілтемелер

Архитектурасы

Батыс өркениетінің бесігі – мәңгі қала атанған Римнің іргетасы қаланғанына үш мың жылға жуық. Жиырма сегіз ғасырдан бері адамзаттың аузынан түспей тұрған, әлі де түспейтін ұлы қала жөнінде айту қиын. Рим жәдігерлерінің ұзын санын ешкім де анық айта алмас. Осы ғажайып шаһардағы Әулие Петр Соборы, Венеция сарайы, Сикст капелласы, Капитолий Консерваторлар сарайы, Рим форумы, Апий жолы, Треви субұрқағы, Әулие Каллиста Катакомбасы, Испания алаңы, Пантеон, Әулие періште қамалы сияқты ғимараттардың әрқайсысын жеке алып айтса да болар еді.

Колизейге тоқтайық,ол расында да қалай асқақтатып айтса да, соған тұратындай ғажайып ғимарат. Колизей атауы латынның «колоссеум» («алапат ауқамды») деген сөзінен шыққан. Бұл амфитеатрдың ұзындығы 188 метр, ені 156 метр, сыртқы қабырғасының биіктігі – 48 метр, бұл дегеніңіз кәдімгі 12 қабат үймен тең, іргетасының тереңдігі 13 метр, амфитеатрдың мыңдаған жыл бойы қозғалмай тұрғанының да себебі сонда. Колизейге бір мезгілде 50 мың көрермен сыятын болған. Мұндай ауқымдағы стадионға 100 000 мың адам да сыйып кететіні белгілі, бұл арадағы айырмашылық ерте замандағы көрермендердің қазіргідей сығылыспай, еркін отырғандығында. Сексен жерден кіріп шығатын есіктерден енген адамдар айналасы он минуттың ішінде толық жайғасып үлгереді екен. Сол заманда бүгінгідей трибунасы, секторлары, отыратын орны көрсетілген билеттер болған, сондай-ақ Колизей гладиаторлар айқасын қызықтайтын да жер болған.

Мәңгі қаладағы тағы бір құдірет – Пантеон. Таң қаларлық басты қасиеті - архитектуралық шешімнің қарапайымдылығы. Пантеонның кереметі - оның 9 метрлік шаңырағы. Онда жалғыз есік пен жалғыз тесік бар. Нөсерлеген жаңбыр жауса да, оған бір тамшы су тамбайды. Оған кіргеннен-ақ бір жерден түсетін күн сәулесі тек қана сіздің жүзіңізге түскендей тылсым бір күй кешесіз. Оның себебін түсіндіру қиын.

Римге барған адам Ватикан мемлекетіне соқпай кетпейтіні белгілі. Католик әлемінің ең қасиетті ғибадатханасы Әулие Петр соборы осында. Адамзаттың ұлы суреткерлері Микеланджело мен Рафаэльдің таңғажайып талантының арқасында Капитолий қырқасында тұрғызылған бұл ғимарат дүние дидарындағы шын кереметтердің бірі.

Рим құрылуының аңызы

Аңызға сәйкес қасқыр ана егіз нәресте Ромул мен Ремді емізген.

Ежелгі римдіктер Рим тарихын аңыз бен әфсана түрінде жеткізген. Солардың ішінде ең атақтылардың бірі қасқыр емізген егіздер Ромул мен Рем туралы. Олар қала құру туралы шешім қабылдайды, алайда даудан кейін Ромул өз бауырын өлтіреді. Римдік тарихшыларға сәйкес қаланың іргетасы б.з.д. 753 жылдың 21 сәуірінде орын алған.

Географиясы

Рим қаласы Тибр өзенінің сол жағалауында, Тиррен теңізінен 25 км қашықтықта негізделген. Апеннин тау жотасынан да дәл осындай қашықтықта орналасқан.

Әкімшілік бөлінуі

Рим қаласы муниципияға (аймақ), 22 ауданға, 35 махалла, 6 қала маңындағы шағын елді мекен және 53 зонаға бөлінген.

Тарихы

Рим атауы аңыз бойынша қаланың негізін қалаушының бірі Ромул есімінен туған. Көне заманғы аңызға қарағанда, Рим алғаш б. з. б. 754— 753 ж. салынған ( археол. мәліметтерде Римнің орнында одан әлдеқайда бұрын мекенжайлар болғаны дәлелденді.). Кішігірім қала-мемлекет (полис) — Рим біртіндеп Апеннин түбегін, кейін одан тысқарғы кең байтақ жерлерді бағындырып, Жерорта теңізі алабындағы — Ежелгі Рим мемлекетінің астанасына айналды.

Көне замандағы Рим ежелгі дүниедегі көптеген ғибадатханасы, сарайы, жолы, әлемге әйгілі су құбырлары бар ең ірі қала (қазіргі есеп бойынша империя тұсында тұрғын халқы 600 мың адамнан 2 млн. адамға дейін жетті) болды. Рим империясындағы дағдарыс (б. з. 3. ғ) қалаға салқынын тигізді. Константин I империя астанасын Константинопольға көшіргенде (330 ж.), Рим саяси орталық маңызынан айрылды; 5 ғ-дың ортасында Батыс Рим империясының астанасы іс жүзінде Равенна болды. Варварлардың шапқыншылығы (Аларих I тұсындағы вестготтардың 410 ж., ван- далдардың 455 ж. «мәңгілік қаланы» алып қиратуы) Римді зияндады. 552 жылдан Рим ұзақ уақыт Византия қол астына қарады. 8 ғ-да Рим іс жүзінде тәуелсіздік алды. 756 жылдан Рим—Папа облысының астанасы. Бұл кезде Рим Батыс Европаның саяси-діни орталығына айналды. Орта ғасырлардағы Римде папа қауымы мен «Қасиетті Рим империясы» императорларының арасында талас жүрді. 11—12 ғ-да Рим феодалдық қала бейнесіне көшті. Бірақ қолөнер, сауда мұнда Италияның экономикалық жағынан алдыңғы қатарлы өзге қалаларынан гөрі нашарлау дамыды. 1143 жылғы көтеріліс нәтпжесінде Римде республика орнады. 1309 ж. папа резиденциясы Авиньонға көшірілген соң қолөнер мен сауда біраз жанданды, Пополандардың ірі көтерілісі нәтижесінде Рим 1347 жылы республика болып жарияланды.

15 ғ-дың ортасы — 16 ғ-дың басында Рим Қайта өркендеу дәуірінің ірі орталығына айналды. Италиядағы 1848—49 ж. революция кезінде Рим революциясы оқиғалардың аренасына айналды. 1849 ж. 9 ақпанда Римде республика жарияланды. 1870 ж. 2 октябрьдегі референдумнан кейін Рим Италияның құрамына енгізілді. 1871 ж. 26 январьдан Р. — Итальян корольдығының астанасы. 1922 ж. октябрьде итальян фашистері «Римге жорық» ұйымдастырып, фашистік диктатура орнатты (1922—43). 1943 ж. 8 сентябрьде Римді неміс-фашист әскерлері оккупациялады. 1944 ж. 4 июньде ағылшын-американ әскерлері Римді азат етті. 1946 ж. монархия жойылғаннан бері Рим— Италия республикасының астанасы.

Галерея

Дереккөздер

  1. ↑ Livy The history of Rome — Printed for A.Strahan, 1797.
  2. ↑ Hermann & Hilgemann(1964), p.73

Сыртқы сілтемелер

  • Ресми сайты
  • Ұлттық статистика институты  (итал.)
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Rome
Рим елді мекендері

Агоста | Аллюмьере | Альбано-Лациале | Ангвиллара-Сабация | Антиколи-Коррадо | Анцио | Ардея | Аричча | Арсоли | Артена | Арчинаццо-Романо | Аффиле | Беллегра | Браччано | Валлепьетра | Валлинфреда | Вальмонтоне | Веллетри | Виваро-Романо | Виковаро | Гавиньяно | Галликано-нель-Лацио | Горга | Гроттаферрата | Гуидония-Монтечельо | Дженаццано | Дженцано-ди-Рома | Джерано | Енне | Каве | Казапе | Камерата-Нуова | Кампаньяно-ди-Рома | Канале-Монтерано | Кантерано | Капена | Капраника-Пренестина | Карпинето-Романо | Кастельнуово-ди-Порта | Кастель-Сан-Пьетро-Романо | Кастель-Гандольфо | Кастель-Мадама | Коллеферро | Колонна | Лабико | Ладисполи | Ланувио | Лариано | Личенца | Мальяно-Романо | Мандела | Манциана | Марано-Экуо | Марино | Марчеллина | Маццано-Романо | Ментана | Монте-Компатри | Монтеланико | Монтелибретти | Монте-Порцио-Катоне | Монтеротондо | Монтефлавио | Монторио-Романо | Мориконе | Морлупо | Наццано | Неми | Нерола | Неттуно | Олевано-Романо | Палестрина | Паломбара-Сабина | Перчиле | Пизониано | Поли | Помеция | Понцано-Романо | Риано | Рим | Риньяно-Фламинио | Риофреддо | Ровьяно | Роккаджовине | Рокка-ди-Каве | Рокка-ди-Папа | Рокка-Кантерано | Рокка-Приора | Рокка-Санто-Стефано | Рояте | Сакрофано | Самбучи | Сан-Вито-Романо | Сан-Грегорио-да-Сассола | Сан-Поло-дел-Кавальери | Санта-Маринелла | Сант'Анджело-Романо | Сант’Оресте | Сан-Чезарео | Сарачинеско | Сеньи | Субьяко | Тиволи | Тольфа | Торрита-Тиберина | Тревиньяно-Романо | Филаччано | Фонто-Нуова | Формелло | Фраскати | Фьюмичино | Фьяно-Романо | Цагароло | Чампино | Червара-ди-Рома | Черветере | Черрето-Лациале | Чивитавеккья | Чивителла-Сан-Паоло | Чинето-Романо | Чичилиано

 

рим, рим сериал, римантадин, рими, римини, римини италия, римминг, римская империя, римские цифры, римские шторы


Рим Туралы Ақпарат

Рим


  • user icon

    Рим beatiful post thanks!

    29.10.2014


Рим
Рим
Рим Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Рим бұл, Рим кім, Рим сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Протон

Протон

 Басқа мағыналар үшін Протон (айрық) деген бетті қараңыз. Протон Протон[1](грекше prоtos ...
Дондығұл

Дондығұл

 Қазақстан, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тау жүйесі Арғанаты Пайда болған кезеңі Архе...
Фукар

Фукар

Фукар (фр. Foucart) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Сен-Маритим департамен...
Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (фр. Chevannes) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Кот-д'Ор департаментінде ор...