Sat . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Пётр Петрович Семёнов-Тян-Шанский


Семенов-Тян-Шанский (1906 жылға дейін Семенов) Петр Петрович — Ресей географы, статист, қоғам және мемлекет қайраткері, Санкт-Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі (1873). Орыс География қоғамының вице-төрағасы (1873 — 1914).

Санкт-Петербург университетінің жаратылыстану бөлімін бітірген (1848). 1851 ж. Дон бойының флорасын зерттеп, магистрлік диссертация қорғады. 1853 — 55 ж. Германия, Швейцария, Италия, Францияның географиясын, геологиясы мен экономикасын зерттеді. С. 1856 — 1857 ж. Тянь-Шаньға саяхат жасап, бұл орасан зор тау жүйесінің жанартаудан пайда болғанын дәлелдеп, оның орографиясын және биіктік белдемдігін анықтады, ірі мұздықтарды ашты. Сырдарияның бастауын зерттеп, Шу өзеннің Ыстықкөлден ағып шықпайтынын дәлелдеді. 50 тау шыңының биіктігін өлшеп, 23 асуды зерттеді, 1500-ге тарта тау жыныстарының коллекциялары мен өсімдік гербарийлерін жинады. Семенов Тян-Шанский география ғылымына Іле Алатауы, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Іле жазығы деген атаулар енгізді. Семенов Тян-Шанскийдің көмегімен Орыс География қоғамының әйгілі Орта Азиялық экспед-лары (Ш.Уәлиханов, Н.М. Пржевальский, М.Б. Певцов, Г.Н. Потанин, т.б. қатысқан) ұйымдастырылды. Семенов Тян-Шанский шет елдік және ресейлік 53 ғыл. мекеменің құрметті мүшесі, 20 ғыл. қоғамның мүшесі болып сайланды. Семенов Тян-Шанский саяхаты кезінде қазақтардың тұрмыс-салтымен терең танысты. Уәлихановты Орыс География қоғамының мүшелігіне ұсынды. Шоқан мезгілсіз қайтыс болған соң ғалымның еңбектерін жинақтап, жариялауға атсалысты. Семенов Тян-Шанский есімімен ондаған тау шыңдары мен мұздықтар, 30-ға тарта өсімдік, көптеген жануарлар туыстары мен түрлері аталады.

Тянь-Шаньды зерттеу...

Тянь-Шань - Орта және Орталық Азиядағы таулы жүйе. Орталық Тянь-Шаньға өрлеген алғашқы еуропалық ғалым-зерттеуші Петр Петрович Семенов болатын.1856 ж. бастап ол осы ауданға бірқатар күрделі сапарлар ұйымдастырды және өзінің ғылыми ерлігі үшін Тян-Шандық деп аталу құқығын иеленді. 1853 ж. өзінде Семенов құпиясы мол Тянь-Шаньға өрлеуді мақсат тұтты.Ресей сыртқы істер Министрлігі азиялық елдерді «географиялық ғылымның жаулап алуынан» қызғанышпен қорыды, бірақ бәрібір ғалымға Алтай мен Қырғыз даласында болудың сәті түсті. 1856 ж. Семейден Семенов Балқаш көліне дейін жетті.Ол өзінің «кебір ұшы» Алакөлмен бірге ортаазиялық қыраттарды біртектес қырғыз даласынан бөліп жатқан Балқаштың оңтүстік-шығысында ол оңтүстік-батысқа қарай созылып жатқан, «көз қарықтырардай... мәңгілік қар құрсауындағы» асқар таулардың тізбегін көріп, оны Жоңғар Алатауы деп атады. Осы шоқылардан әрі қарай «төмен және ыстық» Іле өзенінің алқабы басталды. Оны жүріп өтіп, ғалым Верный (қазір бұл Алматы қаласы) қаласына тоқтады. Осы жылы зерттеуші Ыстықкөл жағасына ат шалдырды: «Оңтүстіктен көз ұшына дейін ... Ыстықкөлдің көк суы... қар алып қар тізбегімен құрсанған», - деп сипаттайды өз әсерін Семенов. Бұл оның «қиялындағы Тянь-Шань» - Теріскей Алатауының шоқысы болатын (Батыс Тянь-Шаньдағы таулы шоқы). Теріскей Алатауының асуынан ол ертегідей табиғат көрінісіне сүйсіне көз тастады. Оның алдында «көрініп тұрған ең ұлы асқақ таулы қыраттар мұнартты. Ол жоғары-төмен жайылған қармен жабылған. Дәл ортасында дара, жылдам өзінің алып ұзындығымен бас айналдыратын аппақ өткір шыңды пирамида көзге шалынады» - ұзақ уақыт бойы Тянь-Шаньның ең жоғарғы нүктесі (6995) болып есептелген Хан Тәңірі осы болатын. Сарыжаз өзенінің алабына түскен ол өзеннің бастауына дейін жетті, алдынан қарсы алған мұздықтарды тамашалаған соң, Верныйға қайтып оралды.


Шығармалары

  • Мемуары, т. 1, 3 — 4, СПб., 1915 — 17 (т. 2, переизд. под назв. “Путешествие в Тянь-Шань”), М., 1946.

Дереккөздер

  1. ↑ Петр Петрович Семенов-Тян-Шанский. Его жизнь и деятельность. Сб., Л., 1928; Саушкин Ю., П.П. Семенов Тян-Шанский как экономик-географ // В сб.: Отечественные экономико-географы, М., 1957.
  2. ↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9



Пётр Петрович Семёнов-Тян-Шанский Туралы Ақпарат

Пётр Петрович Семёнов-Тян-Шанский


  • user icon

    Пётр Петрович Семёнов-Тян-Шанский beatiful post thanks!

    29.10.2014


Пётр Петрович Семёнов-Тян-Шанский
Пётр Петрович Семёнов-Тян-Шанский
Пётр Петрович Семёнов-Тян-Шанский Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Пётр Петрович Семёнов-Тян-Шанский бұл, Пётр Петрович Семёнов-Тян-Шанский кім, Пётр Петрович Семёнов-Тян-Шанский сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Ishikawa, Kasumi

Ishikawa, Kasumi

Касуми Ишикава Яп 石川 佳 純 Ишикава: Касуми 1993 жылы 23 ақпанда дүниеге келген - жапондық спортшы, үст
Гармаш-Роффе, Татьяна Владимировна

Гармаш-Роффе, Татьяна Владимировна

Татьяна Светлова Туған күні: 4 қараша 1959-1959-11-04 58 жаста Туған жері: Мәскеу Азаматтығы: Азама
Каннабиноидтер

Каннабиноидтер

Каннабиноидтер - 2-алмастырылған 5-амилресорсинден алынған терфенепенолды қосылыстар тобы. Табиғатта
Волово (Липецк облысы)

Волово (Липецк облысы)

Волово - ауыл, Липецк облысының Воловский ауданының орталығы. Воловского ауылдық кентінің орталығы.