Mon .19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Пуэрто-Рико

пуэрто-рико википедия, пуэрто-рико на карте
Координаттар:18°13′08″ с. е. 66°34′24″ б. б. / 18.218889° с. е. 66.573333° б. б. (G) (O)18.218889, -66.573333

Пуэрто-Рико (Puerto Rico) — Вест-Индиядағы ел. Пуэрто–Рико, Вьекес, Мона т.б. аралдарда орналасқан. Солтүстік жағалауы Атлант мұхитымен, оңтүстігі Кариб теңізімен шайылады. Жері - 8,9 мың км2 . Халқы - 3 725 789 (2010). Әкімшілік орталығы - Сан Хуан қ. Әкімшілік жағынан 7 округке бөлінеді.

Мазмұны

  • 1 Мемлекеттік құрылымы
  • 2 Табиғаты
  • 3 Халқы
  • 4 Тарихы
  • 5 Демография
  • 6 Дереккөздер

Мемлекеттік құрылымы

«Өз еркімен қосылған» (АҚШ-қа) және өзін-өзі басқаруға құқылы мемлекет. Жоғарғы билігі АҚШ Конгресінің қолында. Атқарушы үкімет – Пуэрто-Риконың губернаторы. Екі палаталы заң шығарушы органы бар.

Табиғаты

Пуэрто-Рико аралы ұзындығы 170 км, ені 60 км, негізінен таулы, тек солтүстік және оңтүстік жағалауы ғана енсіз ойпатты келеді. Биіктігі 1838 м-ге жететін тау жоталары бор мезгілінің шөгінді жыныстарынан түзілген. Марганец (оңтүстік-батыс бөлігінде) және темір (шығысында) руда көздері табылды. Кезінде жер сілкіністер күшті болған. Климаты тропиктік пассаттық. Ойпатты өңірінің орташа айлық температурасы 24-8-280С. Жылына 900-2500 мм жауын-шашын түседі. Теңіз дауылдары жиі байқалады. Солтүстік беткейлерінде мәңгі жасыл және аралас орман, оңтүстік жағында қуаңшылыққа төзімді бұталы өсімдік өседі. Жануарлар дүниесі өте кедей; көбіне жарғанат, бауырымен жорғалаушылар, құрлық моллюскілері кездеседі. Пуэрто-Рикода 17 жасанды көл және 50 астам өзендер бар.

Халқы

Негізгі тұрғындары – пуэрторикалықтар (3 725 789 адам, 2010). Ондаған мың американдықтар және басқа шетелдіктер тұрады. Ресми тілі – испан және ағылшын тілдері. Басым діни ағымы католицизм. Халықтың орташа тығыздылығы 1 км2 жерге 409 адамнан келеді(2010).

Тарихы

8-9 ғ-ларда П.-Р. Аралын үндіс-борикендер мекндеген. Борикендер қарапайым егіншілікпен, аң, балық аулаумен шұғылданған, тоқыма кәсібін де білген. 14-15 ғ-ларда аралды карибтер қоныстанды. 16 ғ-дың басында үндістер рулық құрылыс сатысында болды. Испандықтар бұл аралды басып алып, мал өсірді, жаңа астық дақылдарын енгізді. 16 ғ-дың ортасына қарай жергілікті халық түгел дерлік қырғынға ұшыратылды. П.-Р-ға Африкадан негр-құлдар әкеліне бастады. Ағылшын, француз және голланд қарақшылары бірнеше рет П.-Р-ны басып алуға әрекет жасады. 19 ғ-да испан үстемдігіне қарсы қимылдар (1835, 1838 ж. Көтерілістер) болды. 1868 ж. Р.Э.Бетансес бастаған көтерілісшілер Ларес қ-нда республика жариялады. Көтеріліс қатал басылды. 1873ж. П.-Р. Шектеулі автономия алды.

1898 ж. Аралды АҚШ әскері басып алды. 1917ж. Джонс-Шафрот актісі бойынша пуэрторикандықтарға осы күнге дейін күшін жоймаған АҚШ азаматтығы берілді.

1952 ж. П.-Р-да конституция қабылданды. Бұл конституцияға сәйкес «АҚШ-қа еркімен қосылған мемлекет» деп жарияланды, ал іс жүзінде П.-Р. АҚШ-қа тәуелді болып қала берді. 1959 ж. Куба революциясының жеңісі ықпалымен П.-Р-ның тәуелсіздігі жолындағы күрестің күшейе түсуі АҚШ конгресін 1964ж. наурызды П.-Р-ың саяси және экономикалық мәселелерін зерттеу және П.Р-ның келешектегі дәрежесі туралы арнайы комиссия құру жөнінде заң қабылдауға мәжбүр етті. 1968-72 ж. өкіметті бастаған билеуші топтар П.-Р-ны 51-штат ретінде АҚШ-қа қосу жолындағы талапты бұрынғыдан күшейте түсті. 1960 ж. бастап П.-Р. Халқы елдің тәуелсіздігі, әлеуметтік прогресс пен демократия үшін күресті өрістете түсуде.

Кәзіргі уақытта П.-Р. Фармацевтикалық және өндіріс жүйелері дамыған ірі туристік орталыққа айналған.Саяси дәрежесі әлі күнге дейін айқындалмаған.

2000 ж. АҚШ президенті Б.Клинтонның ұсынысымен саяси дәрежесін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды. Арнайы комиссияның есебінде П.-Р. қазіргі дәрежесі расталып, азаматтарына өз дәрежесін анықтауға құқық беруді ұсынды. Халыққа саяси дәреженің үш түрі ұсынылып отыр:қәзіргі дәрежені растау, АҚШ-қа 51 штат болып ену немесе тәуелсіздігін жариялау.

2012 ж. 6 қарашада П.Р-ның саяси дәрежесін анықтау үшін екі кезеңде референдум өтті. Дауыс берушілердің 65% АҚШ-қа штат болып кіруді қолдады, 31%,- АҚШ-қа одақтас мемлекет болуды, ал 5,53% тәуелсізідікті жариялауды қолдады.

Демография

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар:Puerto Rico

Дереккөздер

  1. ↑ Población de Puerto Rico on ElectionsPuertoRico.org
  2. ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы:Алматы, 1976. 385-386 б.

пуэрто-рико, пуэрто-рико википедия, пуэрто-рико желоб, пуэрто-рико карта, пуэрто-рико на карте, пуэрто-рико на карте мира, пуэрто-рико фото


Пуэрто-Рико Туралы Ақпарат

Пуэрто-Рико


  • user icon

    Пуэрто-Рико beatiful post thanks!

    29.10.2014


Пуэрто-Рико
Пуэрто-Рико
Пуэрто-Рико Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Пуэрто-Рико бұл, Пуэрто-Рико кім, Пуэрто-Рико сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...