Премьер-Министр


Премьер-министр[1] (ағылшын тілінде prіme — бірінші, mіnіster — басқарушы) — үкіметті басқаратын жоғары лауазымды тұлға. Премьер-министрді барлық елдерде ресми түрде мемлекет.[2] басшысы тағайындайды. Абсолюттік монархия, дуалистік монархияларда және президенттік республикаларда мемлекет басшысы жеке-дара өз қалауымен тағайындаса, парламенттік елдерде парламентте көп орынға ие болған партияның жетекшісі премьер-министр болады. Премьер-министр үкімет жұмысына жауап береді, үкімет отырысын ұйымдастырып, оған төрағалық етеді, үкіметтің күн тәртібін белгілейді, министрлерге тапсырма береді, олардың жұмысын бақылайды, үкімет қаулыларына қол қояды, өз атынан қаулы мен өкім шығарады. Премьер-министр қызметтен босаса, бүкіл үкімет мүшелері де қызметтен кетеді. Көп елдерде премьер-министр мәртебесі бойынша мемлекет басшысынан кейін екінші лауазымды тұлға болып табылады. Мемлекет басшысы өз міндетін атқара алмаған жағдайда оның өкілеттігі уақытша премьер-министрге ауысады. Премьер-министр қылмыстық жауапкершілікке айрықша тәртіпте тартылады (мемлекеттің бас прокуроры ғана іс қозғай алады, ол істі тек жоғарғы сот қарайды, т.б.). [3]

Дереккөздер

  1. Қазақстан энциклопедиясы, VII-том
  2. ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
  3. ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Бұл заң саласына арналған жаңа мақалаға бастама. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесуіңізді сұраймыз.


  • Қазақ энциклопедиясы





Премьер-Министр Туралы Ақпарат

Премьер-Министр

Премьер-Министр
Премьер-Министр

Премьер-Министр Туралы Видео


Премьер-Министр Сіз қарап жатырсыз.
Премьер-Министр дегеніміз не, Премьер-Министр кім, Премьер-Министр сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video