Thu . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Полиэтилен

полиэтилентерефталат, полиэтилен получение
Полиэтилен — n, ақ түсті термопластикалық полимер. Полиэтиленді алғаш AlBr3 катализаторын қолданып, Г.Г. Густавсон алған (1884). 1933 — 36 ж 100 мПа қысым мен 200С температурада Англия мен КСРО-да, кейінірек Германия мен АҚШ-та өндіріле бастады. Өнеркәсіп жағдайында жоғары қысымды Полиэтиленді (тығыздығы 0,913 — 0,934 г/см3, балқу t 102 — 105С) және төмен немесе орташа қысымды Полиэтиленді (тығыздығы 0,919 — 0,973 г/см3, балқу t 125 — 137С) этиленнің полимерленуі нәтижесінде алады. Полиэтиленнің физ.-химиялық қасиеттері температураға өте тәуелді. Температура өзгергенде кристалдану дәрежесі, тығыздығы, т.б. көрсеткіштері өзгереді. Тығыздығы төмен Полиэтилен 20С-та айына 0,04% су сіңіреді, ал тығыздығы жоғары Полиэтилен үшін бұл көрсеткіш 0,01 — 0,04%. Бөлме температурасында органикалық еріткіштер әсер етпейді, тек ғана HNO3-те, хлорланған және ароматты көмірсутектерде ериді. Полиэтилен — халық шаруашылығында өте кең қолданылатын полимер. Ол жұқа пленка, су құбыры, химиялық аппарат бөліктерін, құты, стакан, тығын, тех. бұйымдар, т.б. дайындауда, ауыл шаруашылығында көкөніс пен жеміс өсіру ісінде қолданылады. Қазақстанда Атырау қаласындағы химиялық зауыт түйіршікті Полиэтилен өндіріп, еліміздің 200-дей кәсіпорнын шикізатпен қамтамасыз етуде. Полиэтилен радиотехника мен телеқондырғыларда электроқшаулағыш, химиялық өндірістерде антикоррозиялық жабындар ретінде, сондай-ақ орама кабыршақтар мен ыдыстар жасауда, мата, қағаз, ағаш өнімдеріне сіңіруге қолданылады. Полиэтиленнен химиялық өнеркәсіпте корпустар, футеровкалар, сонымен қатар химиялық белсенді және күйдіргіш заттар әсер ететін жағдайларда жұмыс істейтін қондырғылардың әр түрлі бөлшектері жасалады.

Дереккөздер

  1. ↑ Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 352 бет, суретті. ISBN 9965-36-092-8
  2. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том


полиэтилен гликоль, полиэтилен из китая, полиэтилен картинки, полиэтилен пнд, полиэтилен получение, полиэтилен свойства, полиэтилен хоолой, полиэтиленовая пленка, полиэтиленовые пакеты, полиэтилентерефталат


Полиэтилен Туралы Ақпарат

Полиэтилен


  • user icon

    Полиэтилен beatiful post thanks!

    29.10.2014


Полиэтилен
Полиэтилен
Полиэтилен Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Полиэтилен бұл, Полиэтилен кім, Полиэтилен сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...