Tue . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Полиметалл

полиметалл хабаровск, полиметалл деген не
Полиметалл, полиметалл кентастары (поли… және металл) — басты құраушылары Pb мен Zn, қосымшалары Cu, Au, Ag, Cd, кейде Bі, Sn, Іn, Ga элементтерінен тұратын кешенді кентастар. Кейбір Полиметаллда барит, флюорит, күкірт, селен, теллур, германий, таллий болады. Полиметалл құрайтын 260-тай минералдың ішінде көп тарағандары: галенит (PbS), сфалерит (ZnS), пирит (FeS2), халькопирит (CuFeS2), арсенопирит (FeAsS) және касситерит (SnO2). Мыс халькопиритте, күміс пен висмут галенитте, алтын жеке күйде немесе пиритте, кадмий мен индий сфалеритте шоғырланған түрде кездеседі.

Полиметаллдың өндірістік кендері бағалы құраушылар мөлшеріне қарай бай, орташа, кедей деп, ал металдарға шаққандағы қорына байланысты кіші (100 — 200 мың т), орташа (200 — 500 мың т) және ірі (млн. т-дан асатын) болып бөлінеді. Бастапқы Полиметалл кентастары гидротермалды ерітінділерден кристалданып, докембрийден кайнозойға дейінгі қышқыл құрамды жанартаутекті және карбонатты тау жыныстарында кездеседі. Полиметалл кентастарын сыйыстырушы тау жыныстарында хлориттену, серициттену, кварцтену процестері байқалады. Полиметалл кентастары 50 — 100 м тереңдікке дейін тотығады. Кентас минералдарының шоғырлануына қарай Полиметалл кентастары тұтас және сеппе; бастапқы кейпінің өзгеруіне байланысты сульфидтік, тотыққан, аралас; пайдалы құраушылардың мөлшері мен сипатына қарай қорғасынды, мырышты, мысты-қорғасынды-мырышты, қалайылы-қорғасынды-мырышты, күшәла-мырышты болып бөлінеді. Полиметалл кентастары денелерінің ұзындығы бірнеше м-ден бірнеше км-ге дейін созылып, қабат, линза тәрізді иірімдер, штоктар, желілер, түтік пішінді келеді, ал жатыс жағдайы жайпақ, тік, үйлесімді, қиып өтетін болып келеді.

Полиметалл кентастары ашық және шахта әдістері бойынша өндіріліп, флотациялық пен флотациялық-гравитациялық әдістермен байытылады. Байытудан көбіне 40 — 70%-ы қорғасын және 40 — 60% мырыш пен мысы бар екі түрлі концентрат алынады. Өзге бағалы құраушыларды металлург. кезінде бөліп алады.

Қазақстанда Полиметалл кентастарының ірі кендері шығыста (Риддер, Зырянов, Белоусов, Орлов, Николаев, Тишин, Малеев), Сарыарқада (Ақбастау, Ақжал, Құсмұрын, Алаайғыр, Қарағайлы, Жайрем), Қаратауда (Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай, Шалқия), Жетісу Алатауында (Текелі, Көксу), т.б. жерлерде орналасқан.

Полиметалл кентастарының дүниежүзі бойынша ірі кен орындары: Канададағы Пайн-Пойнт (13 млн. т), Салливан (8 млн. т), Австралиядағы Брокен-Хилл (6 млн. т). Одан басқа АҚШ, Перу, Испания, т.б. елдерде Полиметаллдың бай қорлары бар.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том


полиметалл, полиметалл деген не, полиметалл хабаровск, полиметаллические руды, полиметаллы


Полиметалл Туралы Ақпарат

Полиметалл


  • user icon

    Полиметалл beatiful post thanks!

    29.10.2014


Полиметалл
Полиметалл
Полиметалл Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Полиметалл бұл, Полиметалл кім, Полиметалл сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Аттимис

Аттимис

Аттимис (итал. Attimis) — Италиядағы коммуна, Фриули-Венеция-Джулия әкімшілік аймағына қарасты ...
Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Викторов ауылдық округінің құрамында. Ге...
Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал (Алмазный абразивный инструмент) — кесу бөлігі байламмен бекітілген алмас ұнтағы...
Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак (фр. Labastide-Cézéracq) — Франциядағы коммуна. Аквитания аймағына қарасты Атлантик...