Sun . 19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Платформа

платформа лп, платформа за риболов
Платформа (фр. plate – жайпақ, forme — форма) — геологияда қозғалмалығы біршама аз, жазық немесе үстірт тәрізді бедерлі, екі жікқабатты құрылымдық қабаттан – іргетастан және шөгінді тыстан тұратын жер қыртысының кең ауқымды атырабы. Жер бетінде іргетастық көрініс беретін бөліктерді қалқандар дейді. Шөгінді тыспен көмкерілген тұстарын тақта деп атайды. Архей мен протерозойда қалыптасқан ежелгі платформа (Шығыс Еуропа, Сібір) және ігретасы палеозой мен мезозой тау жыныстарьшан құралған жас платформа (Батыс Сібір, Скиф, Тұран) деп ажыратылады; кристалды тақтатастардан, гнейстерден, эффузивті жыныстардан және тағы басқалар. күшті метаморфозданған архейлік жыныстардан құралған жер қабығының көлемді берік алабы.

Ол тек эпейрогендік қозғалысқа ғана ұшырап, не жоғары көтеріліп, не төмен түсуі мүмкін. Төмен түскен жағдайда платформаның үстін горизонтальды теңіз шөгінділері жабады. Сонымен, метаморфозды жыныстар не жер бетінде, не ертеде шөгінді жыныстармен жабылған тереңдіктерде кездеседі. Сондықтан платформаға өзінің фундаменті мен оны жауып жатқан шөгінді жыныстар құрамдарының бір-біріне түгелдей ұқсамауы және шөгінді жыныстардың бұзылмай қабатталып жатуы тән. Мысалға Орыс платформасы мен Батыс Сибирь ойпатын алуға болады. Қазақстанда оған Торғай даласы мен Ертіс бойы жатуы мүмкін.

Платформа — баяу тектоникалық режиммен сипатталатын литосфераның негізгі құрылымдық элементінің бірі. Платформалар жылжымалы және тұрақты болып бөлінеді. Платформаның ауданы млн-даған км², пішіні изомерлі, полигонды болып келеді. Платформа терминін алғаш 1932 ж. А.Архангельский (1879 — 1940) қолданған. Платформалар тысының қалыптасуы кезінде төменгі протерозой мен палеозойдың басында режим басым болды, карбонаттық шөгінділер жиылды, негізді және ультранегізді интрузиялар дамыды. Мезозойдың соңы мен кайнозойдың басында Платформаларда шөгінді жиылу аймақтары күрт қысқарып, күшті тектоник. қозғалыстар болуының салдарынан ірі көтерілімдер мен терең ойыстар (Каспий маңы, Вилюй, т.б.) жаралды.

Іргетастың жасына байланысты Платформалар көне және жас деп бөлінеді. Көне Платформалардың (Шығыс Еуропа, Сібір, Солтүстік Америка, Оңтүстік Қытай, Үндістан, Австралия, Африка-Арабия, т.б.) іргетасы кембрийге дейінгі тау жыныстардан, ал жас Платформалар (Батыс Сібір, Солтүстік Қазақстан, Торғай ойпаңы, Кавказ алды, Батыс Еуропа) жарылыстары мен гранит интрузиялары аз, метаморфизмі баяу палеозой, кейде жоғары кембрий тау жыныстарынан құралған (қ. карта). Платформа екі құрылымдық қабаттан: метаморфталған шөгінді және жанартаутекті формациялар құратын іргетас пен Платформа тысы деп аталатын жоғарғы құрылымдық қабаттан (орташа қалыңдығы 3 — 4 км) тұрады. Мұндағы тау жыныстары жайпақ тасты және өлшемдері әр түрлі көптеген Платформалық құрылымдармен күрделіленген. Кей жерлерде жас Платформаларда кең таралатын территекті және жанартаутекті тау жыныстары дамыған, іргетас пен тыс аралығында болатын өтпелі құрылымдық қабат кездеседі.

Платформаларда магмалық әрекет геосинклиндерге қарағанда нашар, магматизм өнімдері біркелкі, негізінен базальт магмасының туындыларынан тұрады. Платформалар ауқымындағы гравитациялық аномалиялардың амплитудасы мен градиенті аз мөлшерде болады. Платформалардың сейсмикаық белсенділігі төмен, тек ірі жарылымдар мен геосинклиндерге жақын жерде жоғарылау болады. Платформа қалқандар мен тақталардан тұрады, ал олардың құрамында бірқатар ұсақ құрылымдар болады. Бұл элементтер жер қыртысының қалың қабатты (30 — 40 км) және гранитті қабаты бар Платформаға тән. Оны “көтерілген кратон”, құрамында гранитті қабат болмайтын, қалыңд. 5 — 7 км-дей мұхиттық Платформаларды “төмен батқан кратон” немесе “талассократон” деп атайды. Геоморфологиялық тұрғыдан оларға ойпаттар, қайраңдар, шамалы көтерілген жазықтар мен шоқылы алқаптар сай келеді. Қазақстанда Шығыс Еуропа Платформасының оңтүстік шеті (Каспий маңы синеклизасы), Тұран плитасының біраз бөлігі, Батыс Сібір плитасының оңтүстік бөлігі жатыр.

Платформалар - әрбір материктің негізін жер қыртысының тегістелген, салыстырмалы түрде тұрақты бөліктері.

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
  2. ↑ Русско-казахский толковый географический словарь. 1966
  3. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том


платформа 9 3/4, платформа амакидс, платформа арт завод, платформа гребенникова, платформа едера, платформа за риболов, платформа контейнерная, платформа лп, платформа обувь, платформа это


Платформа Туралы Ақпарат

Платформа


  • user icon

    Платформа beatiful post thanks!

    29.10.2014


Платформа
Платформа
Платформа Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Платформа бұл, Платформа кім, Платформа сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...
Аттинг

Аттинг

Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...
Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...
Лаимберды

Лаимберды

Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...