Fri . 19 Dec 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Петропавл

петропавловск казахстан, петропавловский собор
Петропавл (қазақша кеңінен қолданылып жүрген атауы «Қызылжар») — Солтүстік Қазақстан облысының қаласы, облыс орталығы (1936 жылдан). Қаланың негізі Есіл өзеннің оң жағалауында 1752 жылы қаланған.

Петропавл автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл өзененнің оң жағасындағы «Қызылжар» деп аталатын ежелгі қазақ қонысының орнында орналасқан. Тұрғыны 204,8 мың адам (2011 жылғы 1 мамырғы жағдайына сәйкес) .

Мазмұны

  • 1 Тарихы
  • 2 Бүгінгі қала
  • 3 Экономикасы
  • 4 Мәдениеті
    • 4.1 Театрлар
    • 4.2 Мұражайлар
    • 4.3 Кітапханалар
  • 5 Бауырлас қалалары
  • 6 Түсініктемелер
  • 7 Сыртқы сілтемелер

Тарихы

Қаланың іргесі 1752 жылы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына сәйкес Петр І-нің әскери бекінісі ретінде қаланған. Алғашында әскери форпост, кейіннен сібір татарларының (түркілердің) қаласы атанып, Ресейдің Солтүстік және Орталық Қазақстанды отарлау кезіндегі негізгі тірек пунктіне айналды. 1838 жылы Есіл округінің, 1868 жылы Ақмола облысының құрамына еніп, уездік қалаға айналды. 1868 жылдан кейін Петропавл Сібір мен Түркістан сауда жолының бойында орналасуына байланысты Ресей мен Орта Азия хандықтарының және қазақ даласы арасындағы сауда қатынасының ірі орталығы болды. Мұндай ірі сауда орталығына айналуына Абылай сұлтанның Орынбор және Сібір губернаторларынан Қызылжарда (қазіргі Петропавл қаласында) ірі сауда орталығын ашуға рұқсат алуы болды. Петропавлдегі сауда айналымы жылдан жылға ұлғая түсті және орыс көпестері мен Орта жүз қазақтары арасында сауда-саттық жүрді. 18 ғасырдың соңында шағын елді мекеннен (форштадт) ірі сауда орталығына айналды. Патша өкіметі Петропавлда сауданың дамуына көмек беріп, онда қалалық Қоғамдық банк ашты (1871). Кейін ол Мемлекеттік банк болды (1880). 1849 жылы 7 май, 7 былғары, 4 сабын, 17 кірпіш зауыты, диірмендер, т.б. кәсіпорындар жұмыс істеді. 1912 жылы мұнда 600-ге жуық сауда мекемесі болды. Қаланың одан әрі дамуына Транссібір темір жолының салынуы үлкен әсер етті.

Егер 19 ғасырда қала сауда және әкімшілік пункт ретінде дамыса, 20 ғасырдың басында ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптің басты орталықтарының бірі болды. Осы жылдары Ресейден жер аударылған шаруалар келіп қоныстана бастады. Олардың басым бөлігі қалаға көшіп келіп, жұмыс күшін көбейтті. Қалада қолөнер мен майда кәсіпкерлік дамыды. Қаланың экономикасына 1-дүниежүзілік соғыс пен Азамат соғысы кері әсер етті. Қала 1932 — 36 жылдары Қарағанды қаласының құрылысын басқаратын және ірі темір жол торабын салудағы негізгі орталыққа айналды. 1932 жылы “Казстройматериал” кірпіш зауыты іске қосылды. Мех. зауыт қайта жөндеуден өтті. Нәтижесінде қала кәсіпорындарының қатары өсіп, жұмысшылар саны 13 есеге ұлғайды. 2-дүниежүзілік соғыс алдында Петропавлда коммуналдық және электр көлігі шаруашылықтары қалыптасты. 2- дүниежүзілік соғыс жылдары КСРО-ның батыс аудандарынан көшірілген 20-ға жуық зауыт, фабрикалар қала экономикасын біршама көтерді. Соғыстан кейін қала жедел дами бастады. Әсіресе тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде көптеген кәсіпорындар салынып, қаланың әлеуметтік-экономикалық, білім беру және мәдени-ағарту саласы қарқынды дамыды.

90-жылдары нарықтық экономикаға өтуге байланысты Петропавл қаласындағы ірі өнеркәсіп орындары өз жұмыстарын біршама баяулатты. Шаруашылық байланыстар үзіліп, кәсіпорындардың жұмысы тоқтай бастады. Тек 90-жылдардың соңынан бастап ел экономикасымен бірге Петропавл қаласының да экономикасы біршама жақсарды.

Бүгінгі қала

Петропавл мешіті

Қазіргі кезде Петропавл Қазақстандағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. Қалада 174 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде ірі кәсіпорындарға “Еуразия”, “Вита”, “Молочный союз” АІ-тары, нан комбинаты, ликер-арақ зауыты, “Сұлтан”, “Тонус” т.б. жатады. Қала бюджеті қаржысының 10%-н шағын бизнес береді. Саудада еңбекпен қамтылғандардың үлесі 47,8%, өндірістік салада 17,4%, оның ішінде құрылыста 6,6% болды, 35 кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейді. Қалада 110 шағын құрылыс кәсіпорны, 49 көлік және байланыс кәсіпорындары жұмыс істейді. Жалпы білім беретін 49 мектеп, 2 муз., 5 спорт мектебі, 3 кәсіптік-техникалық мектеп, 5 арнайы оқу орны мен колледждер, одан басқа 2 мемлекеттік (Солтүстік Қазақстан университеті мен ҚР Ішкі істер министрлігінің әскери мектебі) жоғарғы оқу орны тіркелген. 12 аурухана, 10 емхана, 199 дәріхана халыққа қызмет көрсетеді. Петропавлте 3 театр, филармония, 3 музей, 2 кинотеатр, 4 мемлекеттік кітапхана, 5 мәдениет сарайы, т.б. жұмыс істейді. Қалада 4 стадион, 34 әр түрлі спорт ғимараттары бар. Облыстық және қалалық газеттер, жарнамалық басылымдар шығып тұрады. Сонымен бірге 3-телерадиокомпания жұмыс істейді.

Экономикасы

Петропавл темір жол вокзалы

Солтүстiк Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласы 1752 жылы құрылды. Облыс орталығындағы халық саны 2010 жылғы 1 қаңтарға 195,2 мың адам болып, барлық облыс халқының 30,3%-ын құрады.

Қалада жалпы бiлiм беретiн 47 күндiзгi мектеп жұмыс iстейдi, оларда 22,3 мың оқушы бiлiм алуда, сонымен қатар 10 колледж (13,0 мың оқушы), жоғарғы бiлiм беретiн 3 оқу орыны (11,0 мың студент) бар.

Облыс орталығында 3 театр, 1 филармония, 3 мұражай, 8 кiтапхана, 3 клубтық мекеме бар.

2010 жылғы 1 қаңтарға 4 995 заңды тұлға тiркелген, оның iшiнде 94,8%-ы шағын (қамтылғандар саны 50 адамнан кем), 4,3 - орта (51-ден 250 адамға дейiн), 0,9%-ы - iрi (250 адамнан артық) кәсiпорындар. Кәсiпорындардың басым бөлiгi (88,8%) жеке меншiк нысанының кәсiпорындары.

Кәсiпорындар мен ұйымдардың меншiгiндегi негiзгi құрал-жабдықтардың бастапқы құны 2009 жылғы 1 қаңтарға (жер құнын есепке алмай) 160,3 млрд.теңге құрады, тозу дәрежесi 40,0% болып, 2008 жылдың соңына баланстық құны 96,3 млрд.теңге болды.

Қала өнеркәсiбiнде (қаржылық емес сектор) 2009 жылы 46 835,1 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, 2008 жылғы деңгейден 4,0%-ға жоғары болды. Электр қуатын өндiру 2 371,1 млн.квт.сағ, жылу қуаты - 2 123,9 мың Гкал, сүт өнiмдерi 27,4 мың тонна, ұн - 100,9 мың тонна, нан - 12,7 мың тонна, макарон - 26,2 мың тонна, алкогольдi iшiмдiктерi 2 114,7 мың литр құрады.

Құрылыс ұйымдарының өз күшiмен 8 530,1 млн.теңге сомасында мердiгерлiк жұмыстар орындалды. Өткен жылы облыс орталығында жалпы аумағы 27 223 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi.

2009 жылы бөлшек саудада сауда кәсiпорындары және жеке кәсiпкерлермен 39 800,0 млн.теңгенiң тауары сатылды. Орташа бiр адамға шаққанда бөлшек сауда 203,9 мың теңге құрады.

Мәдениеті

Театрлар

Мұражайлар

  • Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
  • Облыстық бейнелеу өнері мұражайы
  • «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешені

Кітапханалар

  • Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы
  • И. Шухов атындағы қалалық кітапхана
  • С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

Бауырлас қалалары

  • Омбы, Ресей

Түсініктемелер

  1. ↑ Петропавл қаласы әкімі
  2. ↑ ҚР халқының саны мен ұлттық құрамы 1.01.2011
  3. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамы
  4. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том
  5. ↑ 2011 жылғы қаңтар-маусымдағы Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық паспорты

Сыртқы сілтемелер

  • Петропавл қаласы әкімдігінің ресми сайты  (қаз.) (орыс.)
  • Бейресми сайт


петропавловск, петропавловск казахстан, петропавловск погода, петропавловска крепост, петропавловская 11, петропавловская 6 киев, петропавловски манастир, петропавловский собор, петропавлоск-камчатский, петропавлоская крепость


Петропавл Туралы Ақпарат

Петропавл


  • user icon

    Петропавл beatiful post thanks!

    29.10.2014


Петропавл
Петропавл
Петропавл Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Петропавл бұл, Петропавл кім, Петропавл сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Итмұрын (айрық)

Итмұрын (айрық)

Итмұрын: Итмұрын — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер: ...
Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен (нем. Ermershausen) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан ...
Эльтман

Эльтман

Эльтман (нем. Eltmann) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан қала. Төме...
IC 2921

IC 2921

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Арыстан Тура шарықтауы 11h ...