Sat . 19 May 2019

Перу

перу, перу википедия
Перу, Перу РеспубликасыОңтүстік Америка құрлығының батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 1,28 млн. км², астанасы — Лима қаласы. Халқы 27 млн-ға жуық (2000), 50%-ын — перуліктер (испан тілді метистер, креолдар), 49%-ын үндістер, 1%-ын жапондар мен америкалықтар құрайды. Ресми тіл есебінде испан және жергілікті үндістердің кечуа мен аймара тілдері қолданылады. Тұрғындарының 90%-ы — католиктер. Мемлекет басшысы — президент, үкімет басшысы — Министрлер Кеңесінің төрағасы. Жоғары заң шығарушы органы — бір палаталы демократиялық конгресс. Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 28 шілде (1821). Әкімш. жағынан 24 департамент пен 1 конституц. провинцияға бөлінеді. Ақша бірлігі — жаңа соль. Перу БҰҰ-ның (1945), Америка мемлекеттері ұйымының (1948) мүшесі.

Мазмұны

  • 1 География
  • 2 Тарих
  • 3 Экономика
  • 4 Дереккөздер

География

Мачу Пикчу

Перудің табиғаты әр алуан. Тынық мұхитының жағалауын бойлай тар, шөлді жазық — коста созылып жатыр. Шығысында Амазона өзені алабына жататын жазықта сельва орналасқан. Перудің орталығында негізгі тау тізбектері — Батыс, Орталық және Шығыс Кордильерадан құралатын Анд тауларының биік әрі құз жартасты бөлігі — сьерра орналасқан. Ең биік нүктесі — Уаскаран тауы (6768 м). Елдің оңтүстігінде вулкандар да бар, олардың ішіндегі ең биігі — Мисти (5822 м). Ең ірі өзен — Амазона (Мараньон, Путумайо, Укаяли сияқты салалары бар). Климаттық жағдайы үш түрлі. Жазықтардағы жылдық орташа темп-ра 24 — 27С, жауын-шашын мөлш. 3000 мм-ге дейін жетеді. Жауын-шашын желтоқсан мен мамыр аралығында көп түседі. Анд тауларының шығыс беткейлерінде тропик. ормандар өседі. Мұнда биіктік 10 — 14 м-ге дейін жететін ағаш тәрізді қырыққұлақтар, зәулім бамбуктер, қына бұтасы, мүк пен орхидеялар кездеседі. Сельваны өсімдіктердің 20000-нан астам түрлері кездесетін ылғалды, шетсіз-шексіз экваторлық орман алып жатыр. Жан-жануарлардан ламалар, ягуарлар, маймылдар, құстардың көптеген түрлері кездеседі. Сельвада сонымен қатар жер бетіндегі ең үлкен жылан — анаконда да кездеседі. Жер қойнауында мыс, алтын, мұнай, күміс, темір кентасы сияқты кен байлықтары мол.

Тарих

Теңiздегiсi Чили және Перудiң аралығында қорық,1879

Перу аумағы инктер өркениетінің орталығы ретінде белгілі. 1532 — 36 жылдары испан конкистадорлары инктер империясын бағындырды. 1543 жылы Оңтүстік Америкадағы барлық испан отарларын біріктірген Перу вице-корольдігі құрылды. 1821 жылы ұлт-азаттық қозғалыс нәтижесінде ел тәуелсіздігі жарияланды. 1825 жылы елден Боливия (Жоғары Перу) бөлініп шықты. Тынық мұхит соғысында (1879 — 83) Перу Боливия мен Чилиге қарсы соғысып, селитра кендеріне бай аумақтың бір бөлігінен айырылып қалды. 20 ғасырда Перу АҚШ капиталына тәуелді аймақтардың біріне айналды. Халық тұрмысы нашарлап, бірнеше рет әскери төңкеріс болып өтті. 1985 жылы ел тарихында тұңғыш рет еркін сайлау жүргізілді. 1990 жылы президент болып сайланған жапон иммигрантының ұлы А.Фухимори елде қатаң үнемдеу тәртібін енгізді, ал 1992 жылы парламентті таратып, конституцияның әрекет етуін уақытша тоқтатты.

Экономика

Перу тау-кен және балық өнеркәсібі дамыған ауыл шаруашылықты ел. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары: мақта, қант құрағы, кофе, какао, күріш, картоп, жүгері. Ауыл шаруашылығында еңбекке жарамды халықтың 35%-ы жұмыс істейді. Өнеркәсіптің маңызды салалары — мұнай, қорғасын, мырыш, күміс (Перу күміс өндіруден дүние жүзінде 3-орын алады), мыс өндіру, автомобиль мен кеме жасау. Сыртқа мыс, мырыш, алтын, балық өнімдерін шығарады. Импортының негізін машиналар мен құрал-жабдықтар, минералдық ресурстар құрайды. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. 4390 АҚШ долл-на тең. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Аргентина, Колумбия, Бразилия, Жапония. ==Перуліктер== (өз атауы — перуано) — Перу мемлекетінің негізгі халқы. АҚШ, Испания, ГФР, сондай-ақ Латиналық Америка елдерінде тұрады. Жалпы саны 12,5 млн. адам (2003). Испан және кечуа тілдерінде сөйлейді. Көпшілігі католик дінін, аздаған бөлігі дәстүрлі діни наным-сенімдерді ұстанады. Перуліктердің этн. негізін инктер билеген кечуа тайпалар бірлестігі құрған. 1532 — 36 жылдары испан отаршылары жаулап алғаннан кейін Перуліктер испан, креол (испандықтар ұрпақтары), испан-үндіс тектес метистер мен үндістер секілді этносаралық топтарға бөлінді. 16 — 17 ғасырларда үндістер саны отарлық саясат әсерінен күрт азайды. 19 ғасырда бірте-бірте Перуліктер ұлт болып қалыптаса бастады. Кейбір ғалымдар Перуліктер деп Перуліктердің тек испан тілді тұрғындарын ғана айтады. Дәстүрлі мәдениетінде еур. ықпал басым. Баспаналарын саз кірпіштерден тұрғызып, төбесін жүгері сабақтарымен жабады. Теңіз жағалауында тұратын халық үйді күйдірілген кірпіштен тұрғызады. Үндістер пончо, күртеше секілді ұлттық киімдерді әлі күнге дейін киеді. Тағамдары, негізінен, жүгері мен картоптан дайындалады. Оған лама, қой және сиыр етін қосады. Сүйікті сусындары — жүгеріден дайындалған писко мен чича (сыраның бір түрі). Қолөнерінде үндістік және испандық дәстүрлер сақталған.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том

Үлгі:South Pacific Ocean

қ • т • ө Латын одағы

Ангола • АндорраАргентинаБоливияБразилияВатиканВенесуэлаГвинея-БисауГватемалаДоминикан РеспубликасыЭквадорИспанияИталияКабо-ВердеКоста-РикаКот-д’ИвуарКубаМальтаМексикаМозамбикМолдоваМонакоНикарагуаГондурасПанамаПарагвайПеруФилиппиндерПортугалияРумынияСан-Томе және ПринсипиСан-МариноСенегалУругвайФранцияЧили

Үлгі:SACN Үлгі:Andean Community Үлгі:Mercosur Үлгі:OAS Үлгі:G15


перу, перу википедия, перу карта, перу на карте мира, перу фото, перуанская мака, перуки, перун, перуника, перущица


Перу Туралы Ақпарат

Перу


  • user icon

    Перу beatiful post thanks!

    29.10.2014


Перу
Перу
Перу Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Перу бұл, Перу кім, Перу сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...