Tue . 19 May 2019

Парсылар


Парсылар, (өз атауы – фарсы, ирани) – ұлт, Иранның негізгі халқы. АҚШ, Ирак, Ауғанстан, Пәкістан, ГФР, Австрия, Франция, Ұлыбритания, ТМД елдері, т.б. мемлекеттерде де тұрады. Жалпы саны 33 млн. адам (2002). Антропология жағынан үлкен еуропоидтық нәсілдің үнді-жерортатеңіздік тобына жатады. Парсы тілінде сөйлейді. Ислам дінінің шиит тармағын ұстанады. Ежелгі иран тайпалары Орталық Азиядан б.з.б. 2-мыңжылдық соңында оңтүстік-батыс өңірлерге қоныстанған. Олар Мидия мемлекетінде, Ахемен әулеті құрған мемлекетте негізгі рөл атқарды. 7 ғасырдағы араб шапқыншылығынан кейін парсылар арасында ислам діні тарала бастады. Парсылардың этникалық тарихында арабтардан соң түріктер (11 – 12 ғасырлар, салжұқтар), түркі-моңғолдар (13 –14 ғасырлар, Хұлағу әулеті) өз іздерін қалдырды. 16 ғасырдың бас кезінде парсылар ирандық Сефеви әулетіне бағынса, 19 ғасырдың орта тұсында оларға қаджарлар өз үстемдігін орнатты. 19 ғасыдың ортасында ұлт болып қалыптасуы аяқталды. Парсылар ежелден суармалы егіншілікпен айналысты; бидай, тары, күріш, мақта, арпа, шай, қызылша, т.б. дәнді дақылдар екті. Қой өсірді. Қалалық жерлерде қолөнер мен сауда дамыды. Парсы шеберлері жасаған кілемдер, керамик. ыдыстар, зергерлік бұйымдар көп елдерде жоғары бағаланады. Баспаналары саз балшықтан, кірпіштен тұрғызылып, төбесі қамыспен жабылды. Ауқатты парсылар ауласына хауз (бассейн) салдыртты. Ерлер матадан тігілген көйлек, шалбар, үстіңгі жағына жеңсіз каба, қой терісінен тігілген күртеше, басына киіз кулах киді. Әйелдердің негізгі киімі – көйлек, кофта, дамбал, бүкіл денесін жауып тұратын чадра болды. Дәстүрлі тағамдары күріштен, еттен және сүттен жасалды. Мұсылмандық мерекелерден басқа Наурыз мейрамын да тойлайды. Өте бай ауыз әдебиеті сақталған.

Дереккөздер

  1. Қазақ энциклопедиясы 7 т,
  2. ↑ Н.Атығаев

Сілтемелер

  • Иран



Парсылар Туралы Ақпарат

Парсылар


  • user icon

    Парсылар beatiful post thanks!

    29.10.2014


Парсылар
Парсылар
Парсылар Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Парсылар бұл, Парсылар кім, Парсылар сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...
Аттинг

Аттинг

Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...
Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...
Лаимберды

Лаимберды

Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...