Sun . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Парагвай

парагвай карта, парагвай википедия
Парагвай (ис. Paraguay, гуар. Paraguái), ресми атауы – Парагвай Республикасы (ис. República del Paraguay , гуар. Tetã Paraguái) — Оңтүстік Американың орталық бөлігінде орналасқан мемлекет.

  • Жер аумағы 406,8 мың км². Халқы 5,7 млн. (2001).
  • Тұрғындарының басым бөлігі метистер (95%), сонымен бірге испандар, итальяндар, португалдар тұрады.
  • Ресми тілі — испан тілі.
  • Халқының көпшілігі (90%) христиан дінінің католик тармағын ұстанады.
  • Астанасы — Асунсьон қаласы Мемлекет пен үкімет басшысы — Президент.
  • Жоғары заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (сенат, депутаттар палатасы).
  • Әкімшілік жағынан 19 департаментке және астаналық округқа бөлінеді. Ақша бірлігі — гуарани.

Мазмұны

  • 1 Климаты
  • 2 Тарихы
  • 3 Экономикасы
  • 4 Дереккөздер

Климаты

Парагвай жері жазықты, ойпатты. Оңтүстік-шығысы — Бразилия таулы үстірті (биікт. 300 — 700 м), солтүстік-батысы — Гран-Чако (500 м) жазығы. Климаты тропиктік. Шілдедегі орташа температура 17 — 19°С, қаңтарда 27° – 29°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 700 — 2000 мм. Ірі өзендері — Парана және Парагвай. Шығыс бөлігіндегі қызыл топырақты өңірді аралас орман (мәңгі жасыл), батысын бағалы ағаштар (кебрачо, гуаякан, альгарробо, чаньяр) аралас тропиктік орман алып жатыр.

Тарихы

Ежелгі заманнан бері Парагвай жерін көптеген үндіс тайпалары мекендеген. Бұлар 16 ғасырға дейін алғашқы қауымдық құрылыстың әр түрлі сатыларында өмір сүрді. 1526 жылдан бастап ел аумағына еуропалық саяхатшылар келе бастады. 1535 жылы Парагвай испан отары болып жарияланып, Перу вице-корольдігі құрамына енді. 17 ғасырда Парагвай жеке генерал-губернаторлық болып бөлініп шықты. Ал елдің оңтүстік-шығысын иезуиттер отарлап, мұнда өз мемлекетін құрды (17 ғасырдың басы). 1768 жылы испан өкіметі иезуиттерді Парагвайдан қуып шығып, олардың жерлерін өз қол астына қаратады. 1776 жылы Ла-Плата вице-корольдігі құрылғаннан кейін, Парагвай соның провинциясы болды. 1810 жылы испан отарларының тәуелсіздігі жолындағы соғыс Парагвайды да қамтыды. 1811 жылы мамырда Асунсьонда болған көтеріліс тәуелсіздік жариялаумен және революциялық хунта құрумен аяқталды. 1814 жылы Х.Г. Франсиа өкімет басына келіп, жоғары билеуші деген атақ алды, ал 1816 жылы ғұмырлық өкімет билігіне ие болды. 1840 жылы ұлттық буржуазия өкімет басына келіп, өнеркәсіп пен сауданы дамытуға бағытталған реформалар жүргізді. Алайда шетелдіктердің кәсіпкерлік қимылына шек қою АҚШ, Ұлыбритания, Франция тарапынан кедергі туғызды. 1865 — 70 жылы Аргентина, Бразилия және Уругвайға қарсы жер үшін болған соғыстар нәтижесінде біраз аумағынан айырылды. 1954 — 89 жылы елде А.Стреснердің әскери диктатурасы билік құрды. 1989 жылы билік әскерилерден азаматтық билік өкілдеріне көшіп, демократиялық реформаларға жол ашылды. 1992 жылы маусым айында қабылданған жаңа Конституциясы нәтижесінде елдегі саяси жағдай біршама оңды өзгерістерге ұшырады.

Экономикасы

Парагвай — аграрлық ел. Негізінен мал шаруашылығы дамыған. Ол ел экспортының үлкен бөлігін қамтамасыз етеді. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдары: мақта, темекі, кофе, соя, шай, қант құрағы. Ағаш , тоқыма, былғары аяқ-киім салалары дамыған. Экспортқа ет, мақта, соя, тері, темекі, қант, кофе шығарып, сырттан мұнай және мұнай өнімдерін, машиналар, құрал-сайман, тұтыну тауарларын әкеледі. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Бразилия, Аргентина, Жапония, ЕО.

Дереккөздер

  1. ↑ Латинская Америка в мировой экономике, М., 1991
  2. ↑ История Латинской Америки, М., 1993. Н. Жанақова
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Paraguay


парагвай, парагвай википедия, парагвай вікіпедія, парагвай история, парагвай карта, парагвай климат, парагвай население, парагвай столица, парагвай стопанство, парагвай фото


Парагвай Туралы Ақпарат

Парагвай


  • user icon

    Парагвай beatiful post thanks!

    29.10.2014


Парагвай
Парагвай
Парагвай Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Парагвай бұл, Парагвай кім, Парагвай сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Б. з. д. 179 жыл

Б. з. д. 179 жыл

— б. з. д. I ғасыр Мазмұны 1 Оқиғалар 2 Туғандар 3 Қайтыс болғандар 4 Тағы қараңыз 5 Түсінік...
Дассов

Дассов

Дассов (нем. Dassow) — Германия Федеративтік Республикасының Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде ор...
Камподипьетра

Камподипьетра

Камподипьетра (итал. Campodipietra) — Италиядағы коммуна, Молизе әкімшілік аймағына қарасты Кам...
Паладжанелло

Паладжанелло

Паладжанелло (итал. Palagianello) — Италиядағы коммуна, Апулия әкімшілік аймағына қарасты Таран...