Tue . 19 Nov 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Панама

панама, панама страна
Панама Республикасы – Орталық Америкадағы Панама мойнағында орналасқан мемлекет. Жерінің аумағы 77,1 мың км². Халқы 3,4 млн. (2010). Халқы негізінен метистер (60%), байырғы тұрғындары – үндістер. Олардан басқа көрші елдерден қоныс аударғандар, қытайлар тұрады.

Панама жері
  • Астанасы – Панама қаласы.
  • Ресми тілі – испан тілі.
  • Халқының көпшілігі христиан-католиктер.
  • Мемлекет және үкімет басшысы президент.
  • Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы ассамблея.
  • Әкімшілік жағынан 9 провинция мен арнайы аумаққа бөлінеді.
  • Ақша бірлігі – бальбоа

Панама аумағы Орталық Американың ең жіңішке бөлігін алып жатыр. Жағалауы аласа, абразиялы және абразиялы-аккумулятті, солтүстік-батысы лагуналы. Тынық мұхит жағалауы тілімделген, шығанақты (Панама, Монтихо), аралды (Інжу, Койба, т.б.) келеді. Бүкіл аумағын бойлай тау жоталары созылып жатыр. Тау аралық ойыстар мен жағалық бөлігін ойпатты өңірлер алған. Жер сілкіністері жиі болып тұрады.

Мазмұны

  • 1 Климаты
  • 2 Тарихы
  • 3 Сауда
  • 4 Дереккөздер

Климаты

Климаты субэкваторлық, ыстық және ылғалды. Орташа айлық темп-расы 25 – 28ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 3500 мм.

  • Өзен торы жиі. Ірі өзені – Чагрес.
Панама жері

Тарихы

Испания отарына айналғанға дейін Панама жерін 60-тан астам үндіс тайпалары мекендеген. Батысында чибча тілдер тобына жататын үндістер, шығысында кариб тайпалары, оңтүстік-шығысында чоко тайпалары өмір сүрді. Бұлардың бәрі алғашқы қауымдық құрылыс сатысында болды. Панама жерін 1501 ж. испан конкистадоры Родриго де Бастидас ашты. Осы кезден бастап Панама Испанияның отарына айналды. 1542 – 65 ж. Панама Гватемала генерал-капитандығының, содан соң 1718 жылға дейін Перу вице-корольдігінің құрамына кірді. 17 ғасырдан бастап испандар банан плантациялары мен кеніштерінде жұмыс істеу үшін Африкадан негр-құлдарды әкелді. 1821 ж. қарашада Панама тәуелсіздігін жариялап, Жаңа Гранада құрамында Ұлы Колумбия федерациялық респуб ликасының құрамына енді. 1830 ж. Ұлы Колумбия құлап, Панама департамент құқында Жаңа Гранада республикасы (1886 жылдан Колумбия) құрамында қалды. 1903 ж. 3 қарашада Панама Колумбиядан бөлініп шығып, өзін тәуелсіз республика деп жариялады. 2-дүниежүз. соғыс кезінде АҚШ әскери базасын Панамаға орналастырды. Жаппай халық көтерілістері мен бейбіт шерулерден кейін 1968 ж. мемлекеттік төңкеріс болып, әскери диктатура орнады. 1989 ж. желтоқсандағы АҚШ қарулы интервенциясы нәтижесінде әскери жүйе құлады. 1990 ж. ақпан айында АҚШ әскери күшінің Панамадан шығарылуы жаңа мемлекеттік құрылыстың қалыптасуымен аяқталды. 1994 ж. 8 мамырдағы сайлауда Рев.-демокр. партияның өкілдері жеңіске жетті.

Сауда

Панама – агр. ел. Егістік жерлерінің көп бөлігін банан плантациялары алып жатыр. Банан, цитрустар, қант, кофе өсіріледі. Балық ш. дамыған. Ел экономикасында Панама каналының рөлі өте зор. Каналдан түсетін кіріс ұлттық өнімнің 30%-ын құрайды. Экспортқа банан, қант, кофе, темекі жапырағы, креветкалар шығарып, сырттан түрлі тұтыну бұйымдарын алады.

  • Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, Эквадор, Коста-Рика, Венесуэла.

Дереккөздер

  • История Латинской Америки, М., 1993.


панама, панама железный порт, панама за бродиране, панама игрушки, панама канал, панама карта, панама на голову, панама сайт, панама сити, панама страна


Панама Туралы Ақпарат

Панама


  • user icon

    Панама beatiful post thanks!

    29.10.2014


Панама
Панама
Панама Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Панама бұл, Панама кім, Панама сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Итмұрын (айрық)

Итмұрын (айрық)

Итмұрын: Итмұрын — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер: ...
Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен (нем. Ermershausen) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан ...
Эльтман

Эльтман

Эльтман (нем. Eltmann) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан қала. Төме...
IC 2921

IC 2921

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Арыстан Тура шарықтауы 11h ...