Fri . 19 Apr 2019

Палеогеография

палеогеография
Палеогеография (гр. palaіos– ежелгі және география) – Жердің өткен геологиялық дәуірлердегі физико-географиялық жағдайларын зерттеумен айналысатын ғылым; Жердің географиялық қабығының даму заңдылықтарын және табиғат пен адамның өзара әрекеттестігінің тарихын зерттейтін ғылым. 19 ғасырдың ортасында қалыптасты. Зерттеу әдістері мен міндеттері жағынан тарихи геологиямен салалас.

Палеогеографияның негізгі мақсаттары: қазіргі табиғи ортаның жағдайын бағалау үшін әр түрлі аймақтағы геологиялық дәуірлердегі табиғи жағдайлардың динамикасын зерттеу; литологиялық-фациялық, ландшафтылық, климаттық және т.б. аймақтық және ғаламдық карталар түріңде кеңістіктегі қайта құрулар әзірлеу; табиғи өзгерістердің себебін анықтау. Палеогеографиялық қайта құру әдістері көне бедердің, тау жыныстарының жату жағдайын, бір жастағы қат-қабаттарды талдауға (соның ішінде олардың заттық құрамын, радиоизотоптық және палеомагниттік қасиетін), үгілу қабығының қалдықтарын, қазба топырақтарды, тоңды формацияларды, флора мен фаунаны, археологиялық қоныстарды зерттеуге негізделген. Палеогеографияға палеогеоморфология, палеоклиматология, палеобиогеография және т.б. жатады.

Басты тәсілі:

  • тау жыныстарында сақталған макро-микроскоптық органик қалдықтарды зерттеу.
    Палеогеографиялық әдістер – ежелгі жер бедерін зерттеуге, тау жыныстарының жатысын, бірдей жастағы қат-қабатты фациялық талдауға, мору қыртысының қалдықтарын, топырақ қазбаларын, тоң формацияларын, флора, фауна қалдықтарын, археологиялық тұрақтарды зерттеуге негізделген. Палеогеография геофизика, геохимия, климаттану, палеоэкология, палеонтология, тектоника, литология, фация туралы ілімдермен тығыз байланысты.
    20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап Палеогеографиялық зерттеулер кен байлықтарын іздеуге бағыт сілтейтін ғылымға айналды. Палеогеографиядан палеоклиматология, палеовулканология, палеогеоморфология, палеобиогеография қалыптасты..

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
  2. Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
  3. ↑ "Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев."


палеогеография


Палеогеография Туралы Ақпарат

Палеогеография


  • user icon

    Палеогеография beatiful post thanks!

    29.10.2014


Палеогеография
Палеогеография
Палеогеография Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Палеогеография бұл, Палеогеография кім, Палеогеография сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...