Thu . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Павлодар

павлодар, павлодар павлодар
Павлодар — Қазақстанның солтүстік-шығысындағы қала (1861 жылдан), өзімен аттас облыс орталығы (1938 жылдан), ірі темір жол станциясы, өзен айлағы және әуе порты. Тұрғыны 304,5 мың адам (2004). Қала Құлынды даласының оңтүстік-батыс шеті саналатын Ертіс өзенінің оң жағасында, теңіз деңгейінен 135 м биіктікте орналасқан. Іргесі 17 ғасырдың аяғында Ертіс өзенінің маңындағы көлдерден тұз өндіруге байланысты қаланған.

Мазмұны

  • 1 Тарих
  • 2 Тұрғындары
  • 3 Өнеркәсібі
  • 4 Оқу орындары
  • 5 Павлодарда
  • 6 Денсаулық сақтау мекемелері
  • 7 Бауырлас қалалары
  • 8 Павлодар қаласының суреттері
  • 9 Сыртқы сілтемелер
  • 10 Дереккөздер

Тарих

  • 1720 жылы оның негізінде Коряков әскери бекінісі (форпост) салынды.
  • 1838 жылы Ямышов қамалынан әскери бөлімнің көшірілуіне байланысты Коряков станциясы салынды.
  • 1861 жылы форпост Павлодар деп аталды да, облыстар құрылуына сәйкес Семей облысына қарасты Павлодар уезінің орталығына айналды.
  • 1932 жылға дейін округтік қала орталығы болды.
  • 1932 – 1938 жылдары Шығыс Қазақстан облысында аудан орталығы болды.

Кеңес өкіметіне дейін Павлодар негізінен ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін, техникамен нашар жабдықталған кішігірім кәсіпорындардан тұратын өнеркәсіп пен сауда орталығы ғана болды. Мәдени-ағарту мекемелерінен небары 6 бастауыш мектеп, 1 қоғамдық кітапхана мен клуб жұмыс істеді.

  • Қаланың ірі өнеркәсіп орталығына айналуына 1938 жылы өзімен аттас облыстың құрылуы және 1953 жылы Оңтүстік Сібір темір жол магистралінің салынуы үлкен әсер етті.

Тұрғындары

Тұрғындар саны — 317000 адам (1 қаңтар 2012 ж. бойынша), бірнеше ауылдық аймақтарындағы тұрғындарымен қоса 342 321 адам (1 қаңтар 2012 жылғы санақ бойынша).

Ұлттық құрамы (1 қаңтар 2014 ж. бойынша):

  • Орыстар — 158 100 адам. (45,05 %)
  • Қазақтар — 150 203 адам. (42,80 %)
  • Украиндықтар — 15 750 адам. (4,49 %)
  • Немістер — 8 022 адам. (2,29 %)
  • Татарлар — 7 158 адам. (2,04 %)
  • Белорустар — 2 114 адам. (0,60 %)
  • Ингуштер — 1 199 адам. (0,34 %)
  • Молдовандар — 729 адам. (0,21 %)
  • Әзірбайжандар — 816 адам. (0,23 %)
  • Шешендер — 680 адам. (0,19 %)
  • Кәрістер — 618 адам. (0,18 %)
  • Поляктар — 465 адам. (0,13 %)
  • Болгарлар — 350 адам. (0,10 %)
  • Чуваштар — 312 адам. (0,09 %)
  • Башқұрттар — 364 адам. (0,10 %)
  • Басқалары — 5 470 адам. (1,65 %)
  • Барлығы — 350 967 адам. (100,00 %)

Өнеркәсібі

Павлодардың қазіргі өнеркәсібінің қалыптасуына шетелдік және республикалық маңызы бар машина жасау мен металл , түсті металлургия, мұнай , химия өнеркәсібі, энергетика, құрылыс материалдары салалары күшті ықпал етуде. Өнеркәсіп кәсіпорындары тиісінше бірнеше акционерлік қоғамдар мен серіктестіктерге біріккен. Электр қуатын өндіру саласында құрамында Екібастұз көміріне негізделген қуатты 3 ЖЭС және ЖЭО жұмыс істейді. Машина жасау мен металл саласы трактор, арнаулы құрал-саймандар, кеме және автомобиль жөндеу з-ттарынан, түсті металлургия Торғай бокситі негізінде жұмыс істейтін алюминий з-тынан, мұнай өнеркәсібі Омбы қаласынан (Ресей) тартылған ұзындығы 400 км мұнай құбыры негізінде жұмыс істейтін мұнай-химия зауытынан, химия өнеркәсібі 1965 жылдан бастап тұз байланатын көлдер негізінде тыңайтқыштар шығаратын химия зауытынан, құрылыс материалдары өнеркәсібі бірнеше құрылыс басқармалары мен комб-тарынан тұратын “Павлодаржилстрой” тресінен, кірпіш, асфальт-бетон шығаратын кәсіпорындарынан, тамақ өнеркәсібі ет, сүт, ұн-жарма, нан, арақ-шарап, сыра, сусындар және балық кәсіпорындарынан, жеңіл өнеркәсіп саласы екі тігін фабрикасынан және хром з-тынан тұрады. Сырттан әкелінетін шикізат негізінде жиһаз фабрикасы мен картон-рубероид зауыты жұмыс істейді.
Павлодар – республикадағы темір жол, өзен, автомобиль және әуе жолдары түйіскен ірі жол тораптарының бірі. Ертіс өзені арқылы Семей мен Омбы (Ресей), Өскемен және басқа қалалар арасындағы жүк және жолаушылар тасымалы жүзеге асырылады.
ПавлодарАлматы және Павлодар – Бішкек жедел поезы 2002 жылдан бастап жүре бастады.
Павлодар республикадағы мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау мен кадрлар даярлаудың маңызды орталықтарының бірі.

Оқу орындары

Мұнда мемлекеттік 3 жоғарғы оқу орны бар:

  • С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
  • Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институт
  • Павлодар Инновациялық Еуразиялық Университет
  • Қала мен облыс экономикасының көпшілік салаларына орта білікті кәсіптік мамандар даярлау жұмыстарымен 17 кәсіптік-техника мектеп пен 10 колледж айналысады.
  • Жалпы білім беретін 43 мектеп бар.
  • 6 лицей.
  • Мектепке дейінгі бірнеше балалар бақшасы бар.

Павлодарда

Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы драма театры

Павлодарда:

  • 5 мәдениет үйі;
  • 17 кітапхана (оның ішінде облыстық ғылыми-техникалық кітапхана);
  • А.Чехов атындағы облыс драма театры;
  • Ж.Аймауытов атындағы музыкалық-драма театры;
  • И.Байзақов атындағы филармония;
  • Бұқар жырау атындағы әдебиет мұражайы;
  • Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы;
  • М.Ж.Көпеев атындағы облыстық мешіт;
  • 5 стадион;
  • 6 суда жүзу бассейні жұмыс істейді.
  • Қала аумағындағы Ертістің жарлы келген оң жағалауында Еуразиядағы “Қаздар қонысы” (“Гусиный перелет”) деп аталатын гиппарион фаунасының орны сақталған.
  • Бұл жерден палеонтологтар гиппарионның, мүйізтұмсықтың, еліктің, жирафтың, cемсер тісті жолбарыстың, т.б. аңдардың сүйектерін тапқан.

Денсаулық сақтау мекемелері

Денсаулық сақтау мекемелерінен:

  • 13 аурухана мен диспансер;
  • 4 емхана;
  • 3 фельдш.-акушерлік амбулатория бар;
  • 9 фельдшерлық пункт;
  • 23 отбасылық-дәрігерлік амбулатория бар.

Бауырлас қалалары

  • Bydgoszcz, Польша
  • Омбы, Ресей
  • Denizli, Түркия
  • Kirovohrad, Украина

Павлодар қаласының суреттері

Сыртқы сілтемелер

  • Павлодар картасы
  • Павлодар облысы
  • Павлодар ауданы

Дереккөздер

І. Ахметов, І. Базарбаев

  1. ↑ Город Павлодар Департамент статистики Павлодарской области
  2. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамы
  3. ↑ Қазақ энциклопедиясы, 7 том

павлодар, павлодар карта, павлодар на карте, павлодар намаз уакыты, павлодар ньюс, павлодар павлодар, павлодар погода, павлодар фото, павлодар электронный, павлодар энерго


Павлодар Туралы Ақпарат

Павлодар


  • user icon

    Павлодар beatiful post thanks!

    29.10.2014


Павлодар
Павлодар
Павлодар Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Павлодар бұл, Павлодар кім, Павлодар сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Мякинино (Мәскеу)

Мякинино (Мәскеу)

XVIII ғасыр Қосылу сәтіндегі жағдай Кунцево Метро станциялары Мякинино, Крылское, Шукинск
Бурабайдағы Тринити шіркеуі

Бурабайдағы Тринити шіркеуі

аймақтық архитектуралық ескерткіші Православие шіркеуі Троицы шіркеуі Қасиетті Троицаның Үштік ші
Vinsad

Vinsad

Винсади - Ауыл [2], Ставрополь өлкесі Пьемонт ауданының «Винсад ауылы ауылдық кеңесі» муниципалитеті
Джером (Шурыгин)

Джером (Шурыгин)

Архимандрит Джером әлемдегі Виктор Ф. Шурыгин; 17 қараша 1952, Свердлов ауданы, Кировград ауданы, Бе