Оскар (мысық)


Оскар (ағылш. Oscar, 2005 жылы дүниеге келген) — дауасыз дертке ұшыраған адамдардың өлімін алдын ала болжайтын, Род-Айленд штатының Провиденс қаласындаға қарттар үйінде өмір сүретін мысық. 2007 жылдың шілдесінен бастап әлемге әйгілі болды. Бұл құбылыстың нақты түсініктемесін әлі ешкім таба алмады[1].

Өмірбаян

Оскарды қарттар үйіне әлі кішкентай күнінде алып келген. Оны үйсіз жануарларға арналған панадан шығарып, оңалту орталығына алып келген. Ол бірден ғимараттың ақыл есі кем және Альцгеймер дертіне шалыққан адамдар жататын үшінші қабатынан өзіне орын тауып алады. Жарты жылдан кейін медицина қызметкерлері мысықтың дәлізді аралап, палаталарға кіретіндігін байқайды. Сонымен қатар ол белгілі бір науқастардың жанына отырып, сол жерден кетпейтін. Осы бір құбылыстан кейін көп уақыт өтпей дертке шалдыққандар өмірден озатын[2]. Бірнеше жыл ішінде Оскар 50-ден астам өлімді болжады.

Кейбір науқастардың туысқандары Оскарға алғыстарын білдіретін. Оскар бір науқастың жанына немесе құшағына жатқанында қарттар үйінің қызметшілері дереу ол қарттың жақындарына хабар береді, осылай жанұясы және туыстары науқастың соңғы сәттерінде жанында болады[3].

Браун университетінен профессор Давид Доса бұл құбылыс туралы “New England Journal of Medicine” журналында жарияланған мақаласында мысықтың еш жаңылмағандығын 25 рет дұрыс жорығанын мәлімдеді.[4]

Дәрігерлер де, ғалымдар да Оскардың бұл қабілетіне түсінік бере алмады. Алайда зерттеушілер бұл болжаудың табиғаты тек медициналық тұрғыдан екендігін және ешбір бөгде күштің жоқ екендігін айтады[5][6].

Дереккөздер

  1. ↑ Том Леонард. Cat predicts 50 deaths in RI nursing home, The Daily Telegraph, 1 ақпан 2010 жыл.
  2. ↑ Өлімді болжағыщ мысық
  3. ↑ Өлімді болжау
  4. ↑ Фелинология немесе мысықтың пайдасы
  5. ↑ US cat 'predicts patient deaths', BBC News, 26 шілде 2007 жыл.
  6. ↑ Cat senses impending death, The Register, 16 шілде 2007 жыл.

Сыртқы сілтемелер

  • Oscar the Cat Picture in The New England Journal of Medicine.


Оскар (мысық) Туралы Ақпарат


Оскар (мысық)
Оскар (мысық)

Оскар (мысық) Туралы Видео


Оскар (мысық) Сіз қарап жатырсыз.
Оскар (мысық) дегеніміз не, Оскар (мысық) кім, Оскар (мысық) сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video