Tue . 19 May 2019

Ор

орхан джемаль, орифлейм
ОР – 1) әр түрлі жолдармен пайда болатын жер бедерінің анық байқалатын теріс пішіні. Ол эрозиялық, кейде карсты, мұздық немесе эолды болып ажыратылады. Тереңдігі 1 – 2 м-дей, әдетте уақытша (маусымдық) су көздерінің шаюы нәтижесінде шым жамылғысы жоқ борпылдақ тау жыныстарында пайда болады. Кейде ор жыраға айналады. 2) Орта ғасырларда Еуропа мен Азияда қалалар мен бекіністерді айналдыра ор қазылатын.

ОрЖайық алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Мұғалжар, Хромтау аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 314 км, су жиналатын алабы 18600 км². Ор Мұғалжар тауының солтүстік-батысындағы бұлақтардан басталып (Шилі, Терісбұтақ, т.б.), Орск қаласы тұсында (Ресей) Жайыққа сол жағынан құяды. Аңғары кең (1 – 3 км), сағасына жақын тұста 18 – 20 км-ге жетеді. Арнасы 5 м, төменгі ағысында 80 м-ге жетеді. Өзеннің ірілі-ұсақты 14 саласы бар. Ірі салалары: Қамысақты, Ойсылқара. Жауын-шашын, ішінара жер асты суымен толысады. Сәуірде тасып, су деңгейі 5 м-ге дейін көтеріледі. Жылдық орташа су ағымы 4,05 м³/с-тен (Қопа а. тұсында), төменгі ағысында 13,0 м³/с-ке дейін (Майлытөбе а. тұсында). Суы көктемде тұщы, жазда сәл кермек татиды. Өзен суы шаруашылық мұқтажына, мал, бау-бақша суаруға, балық өсіруге пайдаланылады.

Ор қаласының туы Ор қаласының елтаңбасы

ОР, Жаманқала, Орск – Ресейдің Орынбор облысындағы қала. Халқы – 273,9 мың(2003). Ор өзенінің Жайық өзеніне құятын жерінде орналасқан. Климаты – тым континентті. Түсті металл (“Южуралникель”), машина жасау, мұнай-химия (“Нефтеоргсинтез”), тамақ, жеңіл өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Қаланың аты Ор өзеніне байланысты қойылған. 1735 жылы 15 тамызда сенаттың обер-секретары И.К. Кириллов бастаған экспедиция әскери бекініс ретінде сала бастады. 1865 ж. қала мәртебесіне ие болды. Ор бастапқыда патша үкіметінің қазақ даласындағы отаршылдық саясатының тірек пункті рөлін атқарды. Көшпелілерге қарсы озбырлық, әділетсіз әрекеттердің ұясы болғандықтан, қазақтар Орды “Жаманқала” деп атаған.

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том; Рычков П.И., История Оренбургская (1730 – 1750). Оренбург, 1896; Борисов А.Я., Оренбург, Челябинск, 1968; Ескекбаев Д., Орынбор қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу, А., 2001.


оракул, оргазм, орд, орел и решка, оригами, орифлейм, орт, орт онлайн, орхан джемаль, орчуулга


Ор Туралы Ақпарат

Ор


  • user icon

    Ор beatiful post thanks!

    29.10.2014


Ор
Ор
Ор Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Ор бұл, Ор кім, Ор сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар: Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...