Wed .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Орталық Африка Республикасы


Орталық Африка Республикасы (ОАР) – Африканың орталық бөлігінде орналасқан мемлекет.

Орталық Африка.
Жер аумағы623 мың км2
Халқы4 млн. (2004)
Жергілікті тұрғындарыбанда, гбайя, мака, бакаре, санго, манджа, сара, т.б.
Астанасыфранцуз,санго
Ресми тіліфранцуз және санго
Мемлекет басшысыпрезидент
Жоғарғы заң шығарушы органыекі палаталы конгресс
Жоғарғы атқарушы органыүкімет
Ақша бірлігіфранк

Әкімшілік жағынан 16 префектураға бөлінеді. Ресми тілі – француз және санго тілдері. Халқының 50%-ы жергілікті наным-сенімдерді, 40%-ы христиан, 10%-ы ислам діндерін ұстанады. 1994 жылы қабылданған конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент. Ақша бірлігі – Африка қаржы қауымдастығының франкі. Ұлттық мейрамы – 1 желтоқсанРеспублика күні (1958). БҰҰ-ның (1960), Африка Бірлік ұйымының (АБҰ) (1963) мүшесі.

жираф.

Орталық Африка Республикасының географиялық жағдайы

ОАР Конго және Шари өзендерінің алабында орналасқан. Елдің көпшілік бөлігін Азанде (биіктігі 600 – 900 м) қыраты алып жатыр. Солтүстік Чад көлінің оңтүстік жағалауындағы жазықпен және Фертип, Яде т.б. тау жұрнақтарымен ұласады. Климаты экваторлық-муссондық, ылғалды. Жаз айларының орташа температурасы 310С, қыс айларында 210С. Солтүстігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 –1200 мм, оңтүстігінде 1600 мм. Ірі өзендері – Убанги, Мамбере, Кадей (Конго өз-нің алабы) және Уам, Грибинги, Бахр-Аук, (Шари өз-нің алабы). Биік шөпті саванна басым. Мұнда қызыл латеритті және темір тотықты топырақ қабығы тараған. Оңтүстігіндегі шетіндегі қызыл-сары латеритті өңірде ылғалды экваторлы орман өседі. Піл, мүйізтұмсық, буйвол, антилопа, жираф, арыстан, қабылан, қорқау қасқыр, маймыл, өзендерінде гиппопотам, қолтырауын, құстың көптеген түрлері кездеседі.

Орталық Африка Республикасы халықтарының ежелгі және ортағасырлық тарихы

ОАР халықтарының ежелгі және ортағасырлық тарихы аз зерттелген. Тау-кен қазбаларынан табылған заттарға қарағанда, ОАР жерін адам баласы ежелгі заманда мекендеген. Араб жазбаларынан XVI ғасырда ОАР аумағыннда Гаога мемлекеті құрылғаны белгілі. XVIII ғасырдың аяғында ОАР-дың солтүстік-батыс бөлігі Багирми және Дарфур мемлекеттерінің құрамына кірді. Оларда ислам діні күшті дамыды. XIX ғасырдың соңында ОАР жерінің үлкен бөлігі Раббаха мемлекетінің құрамында болды. Аталған мемлекеттер құл иеленушілік құрылыста өмір сүрді. 1894 жылы Франция тайпалар арасындағы алауыздықты пайдалану, сатып алу, қатал жазалау жолымен Убанги және Шари өзендерінің аралығын басып алып, 1910 жылы Француз Экваторлық Африкасының құрамына қосты. Ел байлығы ірі француз компанияларына берілді. 1907 жылы отаршыларға қарсы қозғалыс басталып, екі жылға созылды.

Орталық Африка Республикасы туы

I дүниежүзілік соғыстан кейін 1926 жылы белгілі қоғам қайраткері Андре Гренар Матсуа Парижде “Француз Экваторлық Африкасы тұрғындарының ассоциациясын” құрып, бейбіт жолмен отаршыларға азаматтық бағынбаушылық қозғалысын ұйымдастырды. Бұл қозғалыстар 1928 жылы жаппай бас көтерулерге ұласты. Бірақ көтерілістер мен бас көтерулердің барлығы күшпен басылды. II дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін елде ұлт-азаттық қозғалысы өрістеді. 1946 жылы убангилік священник Бартелеми Боганда елде алғашқы ұлттық партияның негізін қалады. Көп ұзамай Францияда басталған реформаларға байланысты 1958 жылы 1 желтоқсанда Убанги – Шари аймағы Француз бірлестігі құрамында ОАР болып жарияланып, автономиялық құқыққа ие болды. Тұңғыш үкіметті Б.Боганда басқарды. 1959 жылы ақпанда елдің тұңғыш конституциясы қабылданып, 1960 жылы 13 тамызда Француз бірлестігі көлемінде ОАР-дың тәуелсіздігі жарияланды. Бірақ 1966 жылы 1 қаңтарда елде мемлекеттік төңкеріс болып, өкімет билігі Ж.Б. Бокасса бастаған әскерилердің қолына көшті. 1976 жылы Бокассо император болып жарияланды. Ол елде тоталитарлық тәртіп орнатты. 1980 – 81 жылдары төңкерістер қайта жалғасты. Елде экономика құлдырап, Франция, АҚШ компанияларының үстемдігі күшейді. 1994 жылы жаңа конституция қабылданып, ОАР президенттік республика болып жарияланды.

ОАР әлемдегі артта қалған елдер қатарына жатады. Елдің сыртқы қарызы 1,1 млрд. АҚШ доллары Халықтың 80 – 90%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Экспортқа алмас, мақта, кофе, темекі, ағаш шығарылса, импорт ретінде машиналар және жабдықтар, азық-түлік, химия өнеркәсібі өнімдері, мұнай өнімдері, т.б. әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері:Франция, Бенилюкс елдері одағы, Жапония, ГФР, Италия, Испания.

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»:Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
  2. ↑ Страны мира, М., 1999; Новейшая история стран Азии и Африки, т. 1, 3, М., 2001.
қ • т • өФранкофонияМүшелері: АлбанияАндорраБельгияБенинБолгарияБуркина-ФасоБурундиВануатуВьетнамГабонГаитиГанаГвинея • Гини-Биссау • ГрекияДжибутиДоминикаКабо-ВердеКамбоджаКамерунКанадаКипр • Камарлар • Конго Демократиялық РеспубликасыКонго РеспубликасыКот-д’ИвуарЛаосЛиванЛюксембургМаврикийМавританияМадагаскар • Македония • МалиМароккоМонакоМысырНигерОрталық Африка РеспубликасыРуандаРумынияСан-Томе және Принсипи • Сейшель аралдары • СенегалСент-ЛюсияТогоТунисФранция • Ташад • Швейцария • Экваторлық Гвинея

Бақылаушы елдер: АустрияАрменияГрузияЛитваМажарстанМозамбикПольшаСловакияСловенияСербияУкраинаХорватия • Чехия


Орталық Африка Республикасы Туралы Ақпарат

Орталық Африка Республикасы


  • user icon

    Орталық Африка Республикасы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Орталық Африка Республикасы
Орталық Африка Республикасы
Орталық Африка Республикасы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Орталық Африка Республикасы бұл, Орталық Африка Республикасы кім, Орталық Африка Республикасы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі:J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар:Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі

Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі

Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі (украин Украинаның Украина мемлекеттік қызметі) орталық атқа
Гармаш-Роффе, Татьяна Владимировна

Гармаш-Роффе, Татьяна Владимировна

Татьяна СветловаТуған күні:4 қараша 1959-1959-11-04 58 жаста Туған жері:Мәскеу Азаматтығы:Азама
Елтаңба Сити (Лондон)

Елтаңба Сити (Лондон)

Егжей-тегжейлері1633 ж. бекітілген «Қалқан» - ағылшыншаұраны:Domine dirige nos - Ұлы Германы Л
Қызыл Башқұртия

Қызыл Башқұртия

Красная Башкирия - Красная Башкирия - Абзелиловский ауданыБасқалар Красная Башқұртия - 1925-1951