Fri . 20 Sep 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Орман сусары


Орман сусары (лат. Martes martes) — сүтқоректілер отряды, сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш. Дене тұрқы 43-58 см. Салмағы 1,8 кг. Иілгіш денелі, қысқа аяқты аң; терісі қара, омырауында ақ дағы бар. Жайық бойында және оның төменгі ағысында кездеседі. Түн мен кеште ғана шығады. Сәуірде күшіктейді. Тышқан тәрізділер мен кішігірім құстары жеп қоректенеді. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Сирек. Жайық өзенінің жайылмалары мен Солтүстік Қазақстан ормандарында таралған; жапырақты және қылқан жапырақты ормандарда мекендейді. Қазақстанда жалпы саны 200 бастың шамасындай; санының азаюының негізгі себептері - орман алқабының қысқаруы және қасақылық. Қолда ойдағындой өсіп-өнеді. Үш қорықшада қорғалады. Жайық өзенінің жайылмасы мен Солтүстік Қазақстан ормандарында мекендеуге жарайтын учаскелерді сақтау қажет.

Мазмұны

  • 1 Статус
  • 2 Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы
  • 3 Таралуы
  • 4 Мекендейтін жерлері
  • 5 Саны
  • 6 Негізгі шектеуші факторлар
  • 7 Биологиялық ерекшеліктері
  • 8 Қолда өсіру
  • 9 Қабылданған қорғау шаралары
  • 10 Зерттеу үшін ұсыныстар
  • 11 Дереккөздер

Статус

III-шы санат. Сирек түр, десе де Жайық өзенінің суалабы мен Солтүстік Қазақстанда қоныстану тығыздығы біршама жоғары. Қазақстанда түрдің таралу аймағының шеткі бөлігі жатыр.

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы

Қазақстанда бұл түрдің белгілі бес түршесінің өте әлсіз жіктелген екі түршесі – M.m.uralensisKuznetsov, 1941 (Жайық өзенінің суалабы) жәнM.m.sabaneeviJurgenson, 1947 (Солтүстік Қазақстан ормандары) -мекендейді

Таралуы

Жайық өзенінің суалабындағы жайылма тоғайлары мен Солтүстік Қазақстан ормандарында кездеседі. 1938 жыл Гурьев (Атырау) қаласынан 6 км жерде ауланған, мұнда кезде»соқ келуі мүмкін. 1986 жыл Екі сусар Калмыков ауылының манынан ұсталды. 1948 жыл Шілде-тамызда Солтүстік Қазақстан облысындағы Ленин ауданынан, ал 1978 жыл Шілдеде еркек орман сусары Көкшетау облысының Зеренді ауданынан ұсталған. Егер соңғы екі кездесуді кездейсок деп есептесек, XX ғасырдың аяғы мен XXI-ғасырдың басында Солтүстік Қазақстанда ол тұрақты түрде кездеседі.

Мекендейтін жерлері

Жайық өзенінің суалабында негізгі биотоптары – көк терек, ақ терек, емен, тал өскен ормандар. Солтүстік Қазақстанда – шөптесін өсімдіктері мен бұталары сирек ескі қарағайлы ормандар, таза қайыңды ормандарда да кездеседі.

Саны

1977 жыл Жайық өзенінің жайылмасынде 1000 .а-ға 1.7 сусардан келді: бұл жерде оның жалпы саны 110-120 болды. 1978 жыл Қараша-желтоқсанда саны 150-160-қа жетті , яғни бір жылдың ішінде саны 35%-ға өсті. Ескертетін жағдай 1978 және 1979 жылдар сусарлар үшін бұл аймақта өте қолайлы болды: үлкен су тасқындары болмажы, қорек мол – жануартектес те, өсімдіктектесте. Солтүстік Қазақстанда XXІ-ғасырдың басында орман сусарының жалпы саны 160-тай болды, олардың жартысынан көбі «Бурабай» мен «Көкшетау» ұлттық парктерінде мекендеді.

Негізгі шектеуші факторлар

Қорек қорының азаюы, әсересетымқантәрізді кеміргіштердің, ұялауға қолайлы (ескі қуысы көп ағаштар) орындардың азаюы, және қаскерлік.

Биологиялық ерекшеліктері

Шілде-тамызда ұйығады, 236-275 күн буаз болады, ұяда 1-8, жиі 3 күшік бар, олардың көзі 34-ші күні ашылады. 2-3 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Жамының ұзақтығы – 15 жыл. Қорегінің негізін тышқантәрізді кеміргіштер құрайды, өсімдіктектес қорек 25%-ға жетеді. Жыртқыштардың оба ауруымен ауырады. Денесінен 19 түрлі гельминт табылған, әсіресе скрябингилез қауыпты. Жауына түлкі, қасқыр, қаршыға мен үкіні жатқызуға болады. Бәсекелестері – сол жерде мекендейтін барлық жыртқыш аңдар мен құстар.

Қолда өсіру

Деректер жоқ.

Қабылданған қорғау шаралары

Аулауға мүлдем тиым салынған. Батыс Қазақстан облысында Кирсанов қорықшасы құрылған. Қорғауды керек ететін шаралар. Ормандағы ұялауға жарайтын учаскелерді сақтау, жасанды ұяшықтар жасау, қорегі тапшы жылдары қосымша қоректендіруді ұйымдастыру.

Зерттеу үшін ұсыныстар

Сусарлар қоныстанған территорияларды қатал бақылауды қолға алу, тұрақты санын есептеу. Қолда өсіруді зерттеу

Дереккөздер

  1. ↑ 1. Гептнер и др., 1967; 2. Афанасьев и др., 1953; 3. Лобачев, 1982; 4. Лобачев, Байдавлетов, 1986; 5. Данилов, Туманов, 1976.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Martes martes



Орман сусары Туралы Ақпарат

Орман сусары


  • user icon

    Орман сусары beatiful post thanks!

    29.10.2014


Орман сусары
Орман сусары
Орман сусары Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Орман сусары бұл, Орман сусары кім, Орман сусары сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...
Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...
IC 213

IC 213

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...
Бейіт

Бейіт

Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...