Sun . 19 Jun 2019

Омбы

омбы кадет корпусі, омбыш-кузнецов
Омбы (орыс. Омск) — Ресейдегі қала. Омбы облысының орталығы.

Мазмұны

  • 1 Географиясы
  • 2 Халқы
  • 3 Мәдениеті
  • 4 Тарихы
  • 5 Дипломатиялық және консулдық өкілдіктер
  • 6 Бауырлас қалалар
    • 6.1 Серіктес қалалар
  • 7 Сілтемелер
  • 8 Дереккөздер
  • 9 Сыртқы сілтемелер
    • 9.1 Омбы веб-камералары

Географиясы

Ом өзенінің Ертіске құятын жеріндегі порт, темір жол желілері мен автожолдардың торабы.

Халқы

Халқының саны жағынан (1172 мың) Сібірде Новосібірден кейін 2-орын алады, Сібірдің ірі өнеркәсіп орталығы. Қалада астық жинайтын комбайндар, теледидар, газ жабдықтары, аспаптар, әртүрлі өнеркәсіп құрал-жабдықтары, электротехника, мұнай, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары кәсіпорындары жұмыс істейді.

Мәдениеті

4 жылу-энергетикалық орталықтары, 10 жоғары оқу орны, ғылыми-зерттеу институты, академиялық драма театры, музыкалық драма, қуыршақ театры, цирк, Ф.М. Достоевский атынд. өлкетану музейі (жазушы Омбыда 1850 – 54 ж. айдауда болды), М.А. Врубель атындағы сурет галереясы бар.

Тарихы

Омбы бекінісін 1716 ж. Петр І патшаның бұйрығы бойынша Сібір генерал-губернаторы М.П. Гагарин салдырған. 1782 ж. қала мәртебесін алып, Тобыл (1782 – 98) округінің орталығы, Тобыл губерниясының (1804 – 22, 1839 – 68), Омбы (1822 – 39) және Ақмола (1868 – 1918) облыстарының, Батыс Сібір (1824 – 82) және Дала (1882 – 1917) генерал-губернаторлығының орталығы болды. Омбы қаласының тарихы Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанмен тығыз байланыста болды. Омбыда қазақтың көптеген белгілі ағартушылары оқып, білім алды. 1813 ж. Батыс Сібір генерал-губернаторлығына қарасты қазақ жерлерін басқару мекемелеріне қазақ жастарын даярлау мақсатында Омбыда Сібір әскери орыс-қазақ желілік училищесі ашылды. Бұл училищені Уәлиханов, М.Шорманов оқып бітірген. Осы әскери оқу орнының негізінде 1845 ж. Омбы кадет корпусы ашылды. 20 ғасырдың бас кезінде Омбыдағы оқу орындарында көптеген белгілі қазақ қайраткерлері (Ә.Бөкейханов, С.Сейфуллин, Н.Нұрмақов, С.Сәдуақасов, т.б.) білім алды. 1840 ж. Омбы қаласындағы қазақтардың саны 109 адам болса, 1897 ж. Омбы уезіндегі қазақтар 37680-ге (Омбы қаласында – 105 адам), ал 1916 ж. 38970-ке жетті. Қазақ елі өз тәуелсіздігіне ие болуына байланысты Омбыдағы қазақ диаспорасы ұлттық-мәдени орталықтар құрып, Қазақстанмен өзара байланыстарын жолға қоя бастады. 2004 ж. Омбы қаласында Ш.Уәлихановтың атына көше беріліп, ескерткіш орнатылды. Қазіргі уақытта Омбы облысында тұрып жатқан 100 мыңнан аса (2002) қазақ “Омбы облыстық қазақ мәдени орталығы”, “Аманат ұлттық бірлестігі”, “Мөлдір” қазақ мәдени орталығы сияқты ұйымдарға біріккен. 2002 жылдан “Омбы үні” атты үнпарақ шыға бастады.

Дипломатиялық және консулдық өкілдіктер

  • Ресей СІМ өкілдігі (Щербанёв к., 20)
  • Қазақстан Консулдығы (Ш. Уәлиханұлы к., 9)
  • Германия Құрметті консулы (1-ші Военная к., 7 корп. 2)

Бауырлас қалалар

  • Лодзь, Польша
  • Люблин, Польша
  • Гданьск, Польша
  • Симферополь, Украина
  • Кайфэн, Қытай
  • Пухов, Словакия
  • Карловы Вары, Чехия
  • Петропавл, Қазақстан
  • Павлодар, Қазақстан
  • Чинджу, Корея Республикасы
  • Милуоки, Висконсин АҚШ

Серіктес қалалар

  • Челябі, Ресей
  • Калининград, Ресей
  • Улан-Удэ, Ресей

Сілтемелер

  • Омбы бекінісі
  • Омбы кадет корпусы
  • М.П. Гагарин

Дереккөздер

  1. ↑ Города с численностью населения 100 тысяч человек и более
  2. ↑ Қазақ энциклопедиясы, 7 том 6 бөлім
  3. ↑ Почётный консул Германии в Омске (без паспортно-визовой службы) Посольство федеративной республики Германия
  4. a b c d e f g h i j k Международные партнерские связи города Омска
  5. a b Международные связи Омска

Сыртқы сілтемелер

  • Омбы қаласының әкімшілігінің ресми порталы
  • Омбы қаласы Қалалық Кеңесінің ресми сайты

Омбы веб-камералары

  • Жуков және Масленников көшелерінің қиылысындағы камера
  • Конев және Енисейская көшелерінің қиылысындағы камера
  • Октябрь көпіріндегі камера


омбы, омбы кадет корпусі, омбыш-кузнецов


Омбы Туралы Ақпарат

Омбы


  • user icon

    Омбы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Омбы
Омбы
Омбы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Омбы бұл, Омбы кім, Омбы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...
Тайланд

Тайланд

Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...
Динан (Кот-д'Армор)

Динан (Кот-д'Армор)

Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...
Ер Тарғын көшесі (Астана)

Ер Тарғын көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...