Tue .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Оман

оман, оман на карте
Координаттар:20°37′00″ с. е. 56°30′00″ ш. б. / 20.616667° с. е. 56.5° ш. б. (G) (O)20.616667, 56.5

Оман (араб.:عُمان‎), толық атауы Оман сұлтандығы араб.:سلطنة عُمان‎ – Арабия түбегінің шығысында орналасқан мемлекет.,;; Жер аумағы 312 мың км² (шекаралары шөлдер арқылы өтетіндіктен нақты белгіленбеген). Халқы 2,4 млн. (1998), 90%-ын арабтар, қалған бөлігін үнділер, парсылар, белуджалар, Африка елдерінен шыққандар құрайды. Халқының 87,7%-ы мұсылмандар, 7,4%-ы – индуизм дініндегілер, 3,9%-ы – христиандар. Ресми тілі – араб тілі. Астанасы – Маскат қаласы Әкімшілік аумағы 8 ауданға бөлінеді. Оман – шектеусіз монархия. Барлық заң шығарушы және атқарушы билікті сұлтан жүргізеді. Ұлттық мейрамы – Ұлт күні – 18 қараша (1971). Оман БҰҰ-ға мүше (1971). Ақша бірлігі – Оман риалы.

Мазмұны

  • 1 Табиғаты
  • 2 Тарихы
  • 3 Экономикасы
  • 4 Ішкі сілтемелер
  • 5 Сыртқы сілтемелер
  • 6 Дереккөздер

Табиғаты

Оманның көпшілік бөлігі таулы болып келеді. Оман шығанағының жағалауында Хаджар таулары (ең биік нүктесі – 3353 м) орналасқан. Климаты тропиктік, ыстық әрі құрғақ. Қаңтардағы орташа темп-расы 21С, шілдеде – 32˚С. Шөл мен шөлейт жерлерге бейім өсімдіктер, тауларда шағын саванналар мен тропиктік ормандар өседі. Оманда араб қарақұйрығы, түлкі, қорқау қасқыр сияқты аңдар кездеседі. Жер қойнауы мұнай қорына бай.

Тарихы

Б.з.б. 4-мыңжылдықта Оманның теңіз жағалауларында порттар пайда болды. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында елге Йеменнен қоныс аударған Ямани тайпалық бірлестігі үстемдік етті. Оманның теңіз жағалауларындағы аймағы б.з.б. 6 – 5 ғасырларда Ахемен әулетінің, кейіннен грек-македон мемлекеттері мен парсылардың билігінде болып, аса ірі теңіз сауда орталығынана айналды. 7 ғасырдың ортасында Араб халифатының құрамына кірді. 8 ғасырдың ортасынан 18 ғасырдың соңына дейін елде парсы, португал үстемдігі кезек-кезек орнап, олар әлсіреген кезде тәуелсіз имамат болды. Осы кезде елге Орталық Арабия түбегінен уахабшылар, кейіннен Англияның көмегіне сүйенген Египет билеушісі Мұхаммед Әли басып алды. Әр түрлі күштердің ықпалымен Оман аумағы 19 ғасырдың бас кезінде Оман имаматы, Маскат сұлтандығына (1891 – 1958 – британ протектораты) және Шарттық Оманға (1971 жылдан Біріккен Араб Әмірліктері) бөлшектенді. 1900 – 50 жылдары Оман имаматының көп бөлігі ағылшын әскерлері мен Маскат сұлтанының қарулы күштерінің бақылауында болды. 1970 жылы 9 тамызда Маскат сұлтаны Кабус бен Саид аль-Саид құрамында Маскат сұлтандығы мен Оман имаматы бар біртұтас Оман сұлтандығының құрылғанын жариялады. 1971 жылдың соңында Оман сұлтандығы Араб мемлекеттерінің Лигасы мен БҰҰ-ға қабылданды.

Экономикасы

Оман – жедел дамып келе жатқан мұнай-газ өнеркәсібі бар ел. Мұнайдан түсетін пайданың мөлшері жылына 6 – 8 млрд. доллар шамасында. Экономикасының дәстүрлі саласы – қолөнер кәсібі (қару-жарақ жасау, тері илеу, мата тоқу). Кейінгі жылдары химия, мұнай , цемент, тамақ, машина жасау, металлкәсіпорындары салынды. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдары – құрма мен темекі. Сондай-ақ тропиктік жемістер (банан, манго, папайя), пияз бен картоп, жүгері, бидай, қара бидай, африка тарысы – дурра өсіріледі. Көшпелі мал шаруашылығы сақталған (қой, ешкі, ірі қара мал, түйе). Құс шаруашылығы мен балық аулау да (ауланған балықтың 80%-ы экспортқа шығарылады) жақсы дамыған. Оманда темір жол жоқ. Сыртқа мұнай, түсті металдар, балық, ұн, жеміс-жидектер мен көкөніс шығарады. Ауыл шаруашылығы мен балық аулау саласында еңбекке жарамды халықтың 50%-ына жуығы қамтылған. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлшері 8690 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері:Жапония, Корея Республикасы, Тайвань, Сингапур, Үндістан.

Ішкі сілтемелер

  • Mонархия
  • Біріккен Араб Әмірлігі
  • Араб халифаты

Сыртқы сілтемелер

  • Арабия түбегі

Дереккөздер

  1. ↑ Счетчик населения Омана (18.10.13.).
  2. a b ЦРУ (2010)
  3. ↑ “Қазақстан”:Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  4. ↑ Луцкий В.Б., Новая история арабских стран, М., 1966
  5. ↑ Новейшая история арабских стран Азии, М., 1989
  6. ↑ Новейшая история стран Азии и Африки, ч.1, 3, М., 2001.К. Қожахметов
Калыбай Салтанат (талқ) 09:33, 2014 ж. сәуірдің 5 (ALMT)

оман, оман википедија, оман карта, оман курцын, оман маскат, оман на карте, оман столица, оман трава, оман тулеев, оман фото


Оман Туралы Ақпарат

Оман


  • user icon

    Оман beatiful post thanks!

    29.10.2014


Оман
Оман
Оман Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Оман бұл, Оман кім, Оман сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...
Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...
IC 213

IC 213

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі:J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...
Бейіт

Бейіт

Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Ангарск каскадтық гидроэлектр станциясы

Ангарск каскадтық гидроэлектр станциясы

Гидроэлектрстанцияларының Ангарск каскадыны - Ресейдегі гидроэлектростанциялардың ең үлкен кешені. И
Бурабайдағы Тринити шіркеуі

Бурабайдағы Тринити шіркеуі

аймақтық архитектуралық ескерткішіПравославие шіркеуіТроицы шіркеуіҚасиетті Троицаның Үштік ші
Vinsad

Vinsad

Винсади - Ауыл [2], Ставрополь өлкесі Пьемонт ауданының «Винсад ауылы ауылдық кеңесі» муниципалитеті
Волово (Липецк облысы)

Волово (Липецк облысы)

Волово - ауыл, Липецк облысының Воловский ауданының орталығы. Воловского ауылдық кентінің орталығы.